Дүйсенбі, 23 Ақпан 2026
Жаңалықтар 84 0 пікір 23 Ақпан, 2026 сағат 15:27

Украина мен Эфиопияда учаскелер ашылмайды!

Сурет: bizmedia.kz сайтынан алынды.

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Украина мен Эфиопияда референдум учаскелерін ашпау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының отырысында белгілі болды. 

Жиынды комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров бұған дейін шетелде 82 учаске ашылады деген мәлімет болғанын атап өтті.

— Қазір сіздердің бізге берген мәліметтеріңізге байланысты бұл сан өзгеріп отыр. 80 учаске шетелдерде ашылады. Осы өзгеріс немен байланысты екенін түсіндіріп берсеңіз, — деді ол Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар бойынша елшісі Ерлан Әлімбаевқа.

Министрлік өкілі қазіргі халықаралық жағдайға байланысты 64 емес 62 елде орналасқан 80 учаскені тіркеу туралы шешім қабылданғанын айтты.

— Ол негізінен халықаралық және геосаяси жағдайға байланысты болып отыр. Оның ішінде Украина мен Эфиопиядағы учаскелерімізде референдум бойынша дауыс беруді өткізбеу туралы шешім қабылданды. Өйткені, Украинадағы азаматтарымызды саны күрт азайды. Тіркеуде 500-дей азаматымыз болған. Олардың көбі ол елде жоқ, сыртқа шығып кетті. Көбі Қазақстанда жүр. Ал Эфиопияда 5 азаматымыз тіркелген. Олар — елшіліктің қызметкерлері. Олардың екеуі ғана сол жерде болады. Екеуі Каирге барып дауыс береді, — деді Ерлан Әлімбаев.

Abai.kz

0 пікір