Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1448 0 пікір 2 Наурыз, 2026 сағат 15:29

Қырғызстанда парламент жұмысын жасанды интеллект таратады

Сурет: Информ сайтынан алынды

Қырғызстан Жоғарғы Кеңесінің (Парламент) жұмысына жасанды интеллект енгізіліп жатыр.

Жоғарғы Кеңес баспасөз қызметінің хабарлауынша, парламенттік іс-шараларды жариялау үшін «Айым Кеңес Қызы» және «Мырза Мыйзам уулу» нейрондық желілік жүргізушілері іске қосылды. Олар депутаттардың жұмысы туралы жаңалықтарды ұсынады, күннің оқиғаларын қорытындылайды және апта оқиғаларымен көпшілікті хабардар етеді.

Жасанды интеллектпен жұмыс істейтін тележүргізушілерді енгізу бастамасы парламент жұмысын цифрландыру жоспарларының бір бөлігі.

-Айым Кеңес Қызы» және «Мырза Мыйзам уулу» инновацияның заң шығарушы органның жұмысын қалай өзгерте алатынын және азаматтармен байланысты қалай жақсарта алатынын көрсететін алғашқы жобалардың бірі, - делінген мәлімдемеде.

Бұған дейін Қырғызстанда 2027 жылдан бастап цифрлық сом енгізілетіні мәлім болған еді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 927
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2407
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 636
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 618