Трамп Хаменейдің орнына кімді қоймақ?!
АҚШ президенті Трамп Жексенбі күні (1 наурыз) The New York Times газетіне берген сұхбатында: «Ойымдағыдай үш жақсы кандидант бар... олардың кім екенін қазір айтпаймын, алдымен істі бітірейік», - деп Хаменейдің орнына өз тарапынан кімдерді лайық көріп отырғанын ишаралады .
Трамп сұхбатында Венесуэла моделін Иранға да қолдануға болатынын, атап айтқанда, тек жоғарғы көшбасшыны қызметінен босатып, үкімет құрылымының қалған бөлігін сақтап қалу арқылы Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастыққа дайын басшыны қолдауға дайын екенін жеткізген.
Дегенмен, АҚШ-тың көптеген жоғары лауазымды шенеуніктері АҚШ-Израиль әскери әрекеттері қысқа мерзімде Ирандағы режимнің өзгеруіне әкелетініне күмәнмен қарайды. Дереккөздер бірнеше апта бұрын ұсынылған ЦРУ бағалауы Хаменеи өлтірілсе, оның орнына Ислам революциялық гвардия корпусындағы қатал ұстанымдағы адам немесе дәл сондай қатал ұстанымдағы діни қызметкер келуі мүмкін екенін және революциялық гвардия шенеуніктерінің өз еркімен берілуі екіталай екенін көрсеткен.
АҚШ-тың жоғары лауазымды шенеуніктері сонымен бірге Вашингтон қолдайтын ирандық оппозиция өкілдерінің билікті басып алу мүмкіндігіне де пессимистік көзқараспен қарайды.
АҚШ-тың бұрынғы барлау қызметкері Паников: «АҚШ пен Израиль әскери шабуылдарды тоқтатып, Иран халқы көшеге наразылыққа шығып, режимді өзгертуі – сарбаздардың халық жағына шығуына байланысты», - дейді. АҚШ-тың Таяу Шығыстағы шенеуніктері мен сарапшылары Иранның «тез берілетіні» туралы қиялға берілмеуге шақыруда. Олар Иранның саяси тәртібі бір көшбасшыға тәуелділіктен аулақ болу үшін мұқият жасалғанын, билік діни институттар, қауіпсіздік жүйесі және билік желілері арасында бөлінгенін атап өткен.
Сондай-ақ Атлантикалық Кеңестің Таяу Шығыс бағдарламасының зерттеушісі Ситриновичтің: «Хаменейді биліктен алу режимді әлсіретудің орнына нығайтуы мүмкін» деген сөзі келтірілген. Себебі, соғыс пен сыртқы қысымға тап болған Иран режимі сыртқы жауға қарсы жұдырықтай жұмылуы мүмкін.
22 ақпанда «The New York Times» газетінде Иранның соғысқа дайындығы туралы жарияланған мақалада үш жоғары лауазымды ирандық шенеуніктің аталған басылымға «Иран делсиіне» келетін үш әлеуетті кандидатты атап өткен. Біріншісі - Иранның Жоғарғы Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің бас хатшысы Әли Лариджани; екіншісі - қазіргі Парламент спикері және Революциялық гвардия әуе күштерінің бұрынғы қолбасшысы Мохаммад Багер Галибаф; үшіншісі - 2015 жылы Барак Обамамен ядролық келісім бойынша келіссөздер жүргізген бұрынғы орташа президент Хасан Рухани.
«New York Times» сарапшысы олардың ішінде Лариджаниге ерекше назар аударған.
Abai.kz