Header Banner
Бейсенбі, 19 Наурыз 2026
Жаңалықтар 88 0 пікір 19 Наурыз, 2026 сағат 14:34

Stadler вагондары сәуірде пайдалануға беріледі 

Сурет: Қазақстан теміржолшысы сайтынан алынды

Қазақстанда «Тальго» құрамдарының орнына жеткізілетін алғашқы Stadler жолаушылар вагондарын сәуір айында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл туралы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев мәлімдеді. 

Оның айтуынша, жаңа вагондардың іске қосылуы көп күттірмей жүзеге асады.

Мерзім жағынан алғанда – сәуір. Қазір "Қазақстан темір жолы" мен Stadler арасында техникалық талаптарға байланысты бірқатар мәселе талқыланып жатыр, осы бағыттағы жұмыс жалғасуда, – деді ол Сенаттың кулуарында берген сұхбатында.

Вице-министр сондай-ақ биыл жалпы 191 вагон шығару көзделіп отырғанын атап өтті.

Abai.kz

0 пікір