Сенбі, 21 Наурыз 2026
Жаңалықтар 447 0 пікір 21 Наурыз, 2026 сағат 17:44

RAMS-тың Наурыз сыйы: Алматыда 6 мың тұрғын баспаналы болды

Сурет: todayinfo.kz.

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамында еліміздің ірі құрылыс компанияларының бірі RAMS Almaty екі бірдей тұрғын үй кешенінің тұсауын кесті. Осылайша Алматыдағы RAMS GARDEN және RAMS CITY кешендеріндегі 6 мыңға жуық тұрғын үшін қос қуаныш еселенді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Жаңа қоныс иелері мен шара қонақтарына арнап ауқымды мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Онда қазақтың ұлттық ойындары ойнатылып, концерттік бағдарлама ұсынылды, сондай-ақ тұрғындар ұлттық тағамдардан дәм татып, бағалы сыйлықтар мен ақшалай сыйақылар ұтысына қатысты.

Мерекелік шарада ұлттық дәстүрлерге ерекше көңіл бөлінді. Қадірлі ақсақал ақ батасын берсе, ең жас тұрғындардың тұсауы кесіліп, жобаның мәдени құндылықтармен және ұрпақтар сабақтастығымен байланысы айшықтала түсті.

«Бүгін, бүкіл қазақ халқы үшін қасиетті Наурыз мейрамында біз RAMS GARDEN және Қазақстанның ең ірі тұрғын үй кешені – RAMS CITY тұрғындарын ресми ашылуымен құттықтауға қуаныштымыз. Біз жай ғана адамдар тұратын нысанды емес, толыққанды өмір басталып, жаңа қоғамдастық қалыптасатын жаңа кезеңнің есігін ашып отырмыз. Бұл үй бақыт, береке және отбасылық жылы сәттердің мекені болсын. Әр шаңыраққа шаттық, әр аулаға қуаныш, ал әр тұрғынға ертеңгі күнге деген сенімділік тілеймін. RAMS Almaty компаниясының атынан сенімдеріңіз үшін алғыс айтамын. Шаңырағыңыз шаттыққа толсын!» — деді Бас директордың орынбасары Еркін Байбатыров.

RAMS CITY – шамамен 5000 отбасы тұратын Қазақстандағы ең ірі тұрғын үй кешені. Оның бірінші кезегіне тұрғындар екі жылдан астам уақыт бұрын қоныстанған. Кешен дамыған ішкі инфрақұрылымымен, жеке бульварымен, жерасты паркингімен және террасасы бар пәтерлерімен ерекшеленеді. 2024 жылы ҚазҚСҒЗИ (КазНИИСА) кешеннің 9 баллдық жер сілкінісіне төзімділігін сынақ арқылы растады. Кешен аумағында «Бәйтерек» мектебі жұмыс істеп тұр, сонымен қатар балабақша құрылысы жүріп жатыр.

Сурет: todayinfo.kz.

Ал RAMS GARDEN «жасыл бақ» тұжырымдамасымен салынған. Төле би мен Шығыс айналма автожолының қиылысында орналасқан кешеннен тау мен Көктөбеге әсем көрініс ашылады. Жобаның басты артықшылықтарының бірі – құрылыс тығыздығының аздығы және шатырда глэмпинг аймағының болуы.

Сурет: todayinfo.kz.

Айта кетейік, RAMS Almaty нарықта 29 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде 60-тан астам жобаны жүзеге асырып, 20 000-нан астам пәтер және 4 млн шаршы метрге жуық жылжымайтын мүлік салды. Forbes Kazakhstan дерегі бойынша, компания 2023 жылы пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі бойынша еліміздің құрылыс компаниялары арасында 2-орынға ие.

Abai.kz

0 пікір