Бейсенбі, 8 Қазан 2026
Аласапыран 1605 0 пікір 16 Қыркүйек, 2026 сағат 14:21

«Вивальди» операциясы: Украина шабуыл бастады...

Сурет: nv.ua сайтынан алынды.

Сарапшылар мен әлемдік БАҚ «АҚШ-тың арағайындығы нәтиже бере ме?», «Украина мен Ресей бітім жасаса ма?» дегенді ызу-қызу талқылап жатқанда, Украина әскері қарымта шабуылдарға шыққанын мәлімдеуде.

Кеше Украина Қарулы Күштерінің (УҚК) Үшінші армиялық корпусы 15 қыркүйек таңертең Донецк облысының солтүстігінде шабуыл операциясының басталғанын мәлімдеді.

Операция – «Вивальди» деген атауға ие болды. Корпустың мәліметінше, украин күштері ресейлік әскердің кірігу (инфильтрация) ошақтарын жойып, 75 км² аумақты тазартқан. тағы 10 км² жерді оккупациядан босатқан. Корпус өкілдері Ресейдің 20-шы және 25-ші армияларына соққы берілгенін мәлімдеді.

Осы кезеңдегі басқыншы әскердің шығыны – 1,5 мыңға жуық әскери қызметшіні, 12 мыңнан астам дронды, сондай-ақ жүздеген бронитехника, артиллерия және автокөлік техникасын құраған.

Украинаның дрон әскері сонымен қатар ресейлік логистикалық бағыттардың жолын кескен. Корпус өкілдері Ресей отын жеткізу жүйесін Украина аумағынан тыс жерге — Воронеж облысына ығыстырғанын, сөйте тұра ол жақта да Ресейдің құбырлары мен қоймаларына тыныштық бермей жатқанын мәлімдеді.

Қазір бұл операцияға Украина Қарулы Күштерінің 60-шы және 125-ші бригадаларының, 3-ші шабуылдаушы бригадасының, 3-ші жеке барлау батальонының және басқа да бөлімшелердің күштері, сондай-ақ Қорғаныс министрлігі Барлау бас басқармасының (ГШБ/ГУР) «Артан» арнайы бөлімшесі мен «ДОЗОР» 10-шы мобильді шекара отряды жұмылдырылған.

Үшінші корпустың командирі Андрей Билецкий шабуылдың түпкілікті мақсаты, соның ішінде Черный Жеребец өзеніне шығу екенін айтты. Оның айтуынша, «Вивальди» операциясы 4 негізгі «мезгілден» тұрады, ал қазіргі кезең — тек алғашқысы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 878
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1173