Сәрсенбі, 13 Мамыр 2026
Жаңалықтар 1296 0 пікір 25 Наурыз, 2026 сағат 16:35

Әлемдік рейтинг: Головкин екінші орында!

Сурет: liter.kz сайтынан алынды.

Қазақстандық аңыз боксшы Геннадий Головкин Boxingscene.com порталының ХХІ ғасырдағы орта салмақтағы үздік чемпиондар рейтингінде екінші орынға жайғасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші орынды америкалық боксшы Бернард Хопкинс иеленсе, үшінші орынға аргентиналық Серхио Мартинес жайғасты.

Рейтинг авторларының айтуынша, GGG орта салмақтағы титулдық жекпе-жектерде керемет нәтижелер көрсетті: 22 жеңіс, 1 жеңіліс, 1 тең нәтиже, соның ішінде 20 кездесуді нокаутпен аяқтаған. 2010-2022 жылдары Қазақстан спортшысы дивизионда тұрақты түрде доминация жасап, чемпиондық белбеулерін қорғап, қарсыластарын сенімді түрде жеңіп келді.

Сондай-ақ, Головкиннің титулдық жекпе-жектерде қатарынан 17 кездесуді мерзімінен бұрын жеңуі ең әсерлі көрсеткіштердің бірі деп бағалануда.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2675
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1804