Дугин - Еуразия университетінің "құрметті профессоры" екен...
Аты шулы философ Александр Дугин Ресейде «Путиннің миы», «Кремльдың бас идеологы» деп әспеттелгенімен, өркениетті бастыста қара тізімдегі адам.
Ол 2014 жылы Ресейдің Украинадан Қырымды тартып алу операциясын ашық қолдағаннан кейін Еуородақ оны санкция тізіміндегілердің қатарына қосты. 2015 жылдан бастап АҚШ пен Канада да оған есігін тарс жапты.
Ол Путиннің 2022 жылы 24 ақпанда Украинаға бастаған аталмыш «арнаулы әскери операциясын» да ашық қолдаушылардың алдынғы легінде болды. Украинаның қара тізіміне еніп, олардық құпия әрекетінен мерт бола жаздады. Есесіне әкесінің жолын қуған әсіре белсенді қызы ажал құшты.
Күллі батыс жұрты оның қауіпті идеаларының таралуына шектеу қойып, өрісін тарылтып отырғанына қарамастан, біздің еліміз, жауапты салалар, әсіресе білім мен мәдениет саласы бейқамдық танытып отыр екен.
Кешелі-бірі әлеуметтік желіде Дугинның Астанадағы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің құрметті профессоры атағы бар екені талқыға түсуде. Бізде аталмыш сілтеме бойынша кіріп көрдік. Википедияда:
«Дугин – Халықаралық Еуразия қозғалысының көшбасшысы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің құрметті профессоры» деп тайға таңба басқандай жазылып тұр.
Өткенде ғана «бұрын кеңес құрамында болған Қазақстан қатарлы елдердің тәуелсіз ел ретінде өмір сүруге қақы жоқ!» деп сандырақтаған ұлтшыл білімпаздың қашаннан бері Елордадағы Еуразия ұлттық университетінің "құрметтісіне" айналғаны белгісіз...
«Ештен кеш жақсы» деген. Университет басшылығы бұл мәселеге қатысты қоғамға түсініктеме береді, тиісті шара қабылдайды деген үміттеміз.
Abai.kz