Қазақстан ауыл шаруашылығы алқаптары бойынша әлемнің топ-6 елі қатарына енді
Қазақстан ауыл шаруашылығы жерлерінің көлемі бойынша әлемде жетекші орындардың бірін иеленіп отыр. БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылығы ұйымы (ФАО) деректерін Дүниежүзілік банк негізінде талдау нәтижесінде ел шамамен 6-орында тұр. Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша Қытай, АҚШ, Австралия, Бразилия және Ресейден кейін келеді.
Айта кету керек, бұл көрсеткішке тек егістік жерлер ғана емес, сонымен қатар елдегі ауыл шаруашылығы алқаптарының басым бөлігін құрайтын кең жайылымдар да кіреді. Бұл Қазақстанды егістік жерлері қарқынды игерілетін бір қатар аграрлық елдерден ерекшелендіреді.
Әлем елдері ауыл шаруашылығы дақылдарын өндіруде әртүрлібағыттарға маманданған. Мәселен, АҚШ жүгері өндіруден көш бастап тұр, Бразилия соя мен қант қамысын өндіруде алдыңғы қатарда, ал Австралия бидай экспорттаушы ірі мемлекет ретінде танымал. Қазақстан дәстүрлі түрдеастық дақылдарын, әсіресе бидай мен арпаны өсіруге бағытталған. Алайдасоңғы жылдары егіс құрылымы біртіндеп өзгеріп келеді.
Елде ауыл шаруашылығын әртараптандыру стратегиясы іскеасырылуда. Осыған байланысты Қазақстан бидай егістігінің көлемін қысқартып, табыстылығы жоғары дақылдардың үлесін арттыруда. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, басымдық майлыжәне мал азықтық дақылдарға, сондай-ақ арпа мен картопқа беріліп отыр.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстандағы жалпы егіс алқабы 23,8 млн гектарды құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 180 мың гектарғаартық. Ал бидай егістігі 125 мың гектарға қысқарып, шамамен 12,1 млн гектар деңгейінде қалыптасады. Сонымен қатар майлы және мал азықтық дақылдар мен арпа алқабы ұлғайып келеді.
Мұндай өзгерістер ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыру, климаттық жағдайларға бейімделу және әлемдік астық бағасының құбылуына тәуелділікті азайту қажеттілігімен байланысты. Табыстылығы жоғары дақылдарға көшу агросекторды дамытудағы маңызды қадам ретінде қарастырылуда.
Abai.kz