Сәрсенбі, 2 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2142 0 пікір 7 Сәуір, 2026 сағат 14:03

Мемлекет басшысы Вьетнам Президентіне жеделхат жолдады

Сурет: inform.kz сайтынан алынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламды Президент болып сайлануымен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

– Сайлаудағы жеңісіңіз елді саяси-экономикалық тұрғыдан өркендетуге және ұлттық мүддені халықаралық деңгейде ілгерілетуге бағытталған маңызды жоспарларыңызға азаматтардың сенімі жоғары екенін көрсетеді. Сіздің парасатты саясатыңыз бен қажырлы еңбегіңіздің арқасында Отаныңыз бүгінгіден де биік белестерге жете беруіне тілектеспін, – деп жазылған жеделхатта.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Вьетнамды Қазақстанның Азиядағы маңызды серіктестерінің бірі ретінде атап өтіп, өзара стратегиялық әріптестік қос халықтың игілігі үшін одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Айта кетелік Қазақстан мен Вьетнам «Орта дәліз» арқылы жүк тасымалын жеделдетпек.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 411
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1454
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 377
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 350