Қазақстан Иранмен бірлескен жобаларды тоқтатты
Қазақстан Иранмен бірлескен жобаларды іске асыруды тоқтатты. Бұл туралы Сенатта өткен брифинг барысында Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов мәлімдеді.
Оның айтуынша, бірқатар бастамалардың тоқтатылуы Иранда әскери жағдайдың енгізілуіне байланысты болып отыр.
Тоқтатылған жобалардың қатарында астық өнімдерін жеткізу және азық-түлік өнімдерінің өзара саудасына қатысты іс-шаралар бар.
«Осыған байланысты қазақстандық бизнес пен кәсіпкерлер қазіргі уақытта күту режимінде. Қазақстан айтарлықтай шығынға ұшырап отырған жоқ, өйткені бұл жобалардың көлемі елдегі экономикалық жағдайға айтарлықтай әсер етпеген болатын. Дегенмен, Иранмен тығыз серіктестік қарым-қатынасымыз бар екенін ескерсек, бұл жағдайдың белгілі бір деңгейде әсері бар», — деді Арман Исетов.
Abai.kz