Дүйсенбі, 4 Мамыр 2026
Әне, көрдің бе? 91 0 пікір 4 Мамыр, 2026 сағат 14:57

Зеленский Ереванда. Мәскеуге қос соққы…

Сурет: unn.ua сайтынан алынды.

Зеленскийдің ұшағы кеше Ереванға қонды. Иә, Арменияның қақ төріне Зеленский оп-оңай жетті.

Онда бір алқа-қотан жиын болмақ. Еуропалық саяси кеңестің саммиті өтеді. 4 мамырда. Тақырыбы: «Болашақты құру: Еуропадағы тұрақтылық пен бірлік» деп аталады.

Ұзын-ырғасы 48 мемлекеттің басшылары (президенттер мен үкімет басшылары) шақырылыпты. Еуропаның тұтас басшылары жиылуда. Осы жолы Канада да қатыспақ (премьер-министр Марк Карни). Норвегия, Финляндия, Чехия, Ұлыбритания премлерлері түгел бармақ.

Ең бастысы - осы жолы «ЕО-Армения» саммиті өтеді. Бұл алғашқы саммит.

Ол ма, күні кеше: «Ереван ашсақ алақанымызда, жұмсақ жұдырығымызда», - деген Мәскеудегілер бұлқан-талқан. Тіпті, бір-екі әумесер Зеленскийді тұтқындауды да ұсыныпты. Арменияның Гюмри дейтін қаласында Ресейдің 102-ші әскери базасы мен 4 мың сарбазы әлі бар ғой. Солар арқылы құрықтағысы келіпті.

Әлгінде ғана Зеленский Әзірбайжанға барып, Бакуде сөз сөйлеген еді. Енді арада уақыт суытпай жатып, Арменияға емін-еркін жетіп отыр.

Бұл Мәскеу үшін қосар соққы болды. Армения Еуропаға бет бұрғанын көрсетті. Бұл - бір соққы болса, Баку мен Ереванға Зеленский алаңсыз барып жүр. Бұл - екінші соққы.

Әлгі бірде премьер-министр Пашинянмен кездескен Путин: «Армения бір дүниені түсінуі тиіс. ЕО мен ЕАЭО-да бір уақытта қатар мүше болу мүмкін емес», - деген. Бұған Пашинян: «Армения мұны жақсы біледі. Болашақта көрерміз. Ал қазір біз ЕО-ға да, ЕАЭО-ға да қайшы еш әрекет жасап жатқан жоқпыз», - деген.

Естеріңізде болса, Мәскеуге барып тұрып, Пашинянның Путиннің қытығына тиетін мәлімдемелер жасағанын осыған дейін жазған едік.

Енді міне, арада уақыт ұзатпай жатып, Еуропаның басшы-қосшылары Ереванда бас қосып жатыр. Оңтүстік Қапқаздағы Армения мен Әзірбайжанның Мәскеудің бас дұшпанын қонақ қылуы - геосаяси демарш қана ма, әлде шын мәнінде Ресейден жырай бастағанның бір көрінісі ме?!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 1425
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1140