Ақтөбеде ауыл әкімі өз-өзіне қол жұмсады
Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылдық округінің әкімі Қуанышбек Серікжанов суицид жасады. Ақтөбе қаласының полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр.
— 1983 жылы туған ер адамның қайтыс болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қуанышбек Серікжанов 4 мамыр күні жұмыстан шығатынын айтып, арыз жазған. 5 мамыр күні арызы қабылданып, жұмыстан босатылған.
Қуанышбек Серікжанов 2014 жылдан бастап мемлекеттік қызметте жұмыс істеді. 2023 жылдың мамыр айынан Темір ауданы Кеңқияқ ауылдық округі әкімінің орынбасары, 2023 жылғы 15 қазаннан бастап Кеңқияқ ауылдық округінің әкімі қызметін атқарады.
Айта кетейік, былтыр Темір қаласында да әкім суицид жасады.
Сондай-ақ Алға ауданы Бестамақ ауылдық округінің әкімі өз-өзіне қол жұмсамақ болды. Ол ауруханадан шыққан соң жұмысқа қайта қосылды.
Abai.kz