Сәрсенбі, 13 Мамыр 2026
63 0 пікір 13 Мамыр, 2026 сағат 22:04

«Таза Қазақстан»: Жетісуда жыл басынан бері 57 мың жас көшет егілді

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында жыл басынан бері 57 мың көшет отырғызылып, 5 мың тонна қоқыс шығарылды. Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы іс-шараларға 77 мың адам қатысқан, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.  

Білім беру ұйымдарында 2024–2026 жылдарға арналған экологиялық білім беру жоспары әзірленіп, «Жасыл клуб» отрядтарының үлгілік ережесі бекітілді. Бүгінгі таңда мектептерде 339 экологиялық үйірме, 310 «жасыл бұрыш», 114 бау-бақша учаскесі және жылыжай жұмыс істейді, сынып сағаттары мен экскурсиялар ұйымдастырылуда. Сонымен қатар 177 көпқабатты тұрғын үйдің шатырлары мен қасбеттерін жөндеу,14,7 км арық желілерін салу, 200 шақырым көше жарығын орнату жоспарланған.

Бағдарлама аясында 121 мың көшет отырғызылады. 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2688
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1809