Жұма, 15 Мамыр 2026
Жаңалықтар 126 0 пікір 15 Мамыр, 2026 сағат 16:37

Қазақстан мен Түркия «ANKA» дрондарын бірлесіп шығарады

Сурет: informburo.kz сайтынан алынды.

Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанның Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында бірқатар маңызды келісімге қол қойылды. Мақұлданған 14 құжаттың ішінде әскери саладағы ынтымақтастықты нығайту көзделген.

Соның ішіндегі ең маңыздысы — «ANKA» ұшқышсыз ұшу аппараттарын өндіру және оларға сервистік қызмет көрсету жөніндегі бірлескен кәсіпорын құру туралы келісім.

ANKA — Түркияның әлемге танымал ұшқышсыз ұшу аппараты (ҰҰА). Орта биіктікте ұзақ уақыт ұша алатын бұл жүйе барлау, бақылау, деректер жинау және қажет жағдайда нысанаға дәл соққы беру операцияларына арналған.

2010 жылы алғашқы нұсқасы таныстырылған дронның бүгінде ANKA-A, ANKA-S және ANKA III сынды бірнеше үлгісі бар.

Олар үнемі заман талабына сай жетілдіріліп келеді:

  • ANKA-S: Спутник арқылы басқарылады, бұл оның кез келген уақытта (күндіз-түні) және алыс қашықтықта операция жүргізуіне мүмкіндік береді.
  • ANKA III: Жаңа буындағы бұл дрон реактивті қозғалтқышпен жабдықталған. Оның ерекшелігі — радарға аз байқалады (стелс технологиясы) және шабуыл жасау әлеуеті өте жоғары.

Оптикалық камера, радар және лазерлік жүйелермен жабдықталған бұл аппараттар ауада 30 сағатқа дейін үздіксіз ұша алады және 9 мың метр биіктікте тапсырмаларды еркін орындайды. Сондай-ақ, жүйе толықтай автоматты түрде ұшып-қону функциясымен және түрлі қару-жарақтарды тасымалдау мүмкіндігімен ерекшеленеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2773
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1885