Сенбі, 28 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5384 0 пікір 30 Қазан, 2009 сағат 06:44

Оралда баспанасыз жандарды тамақпен қамтамасыз ету акциясы өтіп жатыр

Орал. 30 қазан. ҚазТАГ- Оралда белгілі мекен-жайы жоқ баспанасыз жандарды (БОМЖ) ыстық тамақпен қамтамасыз ету акциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Өткен аптада еріктілер 760-тай адамды тамақтандырды. «Арбалы буфет» жылдың суық маусымы аяқталғанша жұмыс істейді, дейді акцияны ұйымдастырушылардың бірі - «Ақ Отау» отбасылық орталық» ҚБ жетекшісі Алтынай Есқалиева.

Алда акция ауқымы ұлғаймақшы, себебі қаладағы көптеген кәсіпкерлер акцияға үн қосып отыр. Кейбір фирмалар азық-түлікпен көмектесіп жатыр. Бір асхана өзінің ғимаратында үй-күйсіздерді тамақтындыруға келісті. Олардың тамақ мәзіріне ыстық ботқа және бір шыны ыстық шәй не сүт, екі үзім нан кіреді. Олардың әрқайсысына бір түйір сабын да беріледі.

«Үй-күйсіздерге тамақ беру идеясын қала әкімі Самиғулла Оразов көтерді. Біздің бірлестік бұл идеяны қолдап шықты, олар да біздің қоғамның мүшелері ғой. Және біз оларды қолдап, назардан тыс қалдырмауымыз керек қой», - дейді А. Есқалиева. 

«Біз ондай жандарға консультациялық, құқықтық көмек көрсетеміз, ауруларына көмектесеміз. Олармен сөйлесу барысында проблемалары көп екенін және оны мәселелерін өздері шеше алмайтынын көріп отырмыз. Құжаттарын қалпына келтіру, сауықтыру, қалыпты тіршілікке қайтадан бейімдеу – міне, оларға осындай көмек керек. Мұның барлығы - отбасылық проблемалар, яғни біз айналысып жүрген мәселелер», - деді орталықтың жетекшісі.

Акцияның тағы бір мақсаты - қаладағы баспанасыз қаңғыбастардың нақты санын анықтау, олардың арасындағы әйелдер мен балалардың санын анықтау.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2068