Сенбі, 28 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 6270 0 пікір 30 Қазан, 2009 сағат 07:47

Құрметті достар! Ұлт жанашырлары!

Дәл осы мақала жазылып жатқан кезде Жәнібек пен Керей бабаларымыздың ескерткішіне қатысты Ашық хатымызды бес мыңға жуық адам көріп, төрт жүзден астам азамат өз қолдарын қойып үлгірді. Мұның өзі жаман жетістік емес! Азаматтық өрлік пен табандылық танытқандарыңыз үшін зор алғыс айтамыз. Сіздердің жүрекжарды ойларыңыз бен қойған қолдарыңыз далада қалмайды, оларды қайтсек те билікке жеткіземіз. Осы тұрғыда біраз жұмыс етіп те жатырмыз.

Міне, енді тағы бір жаңалық пайда болды. Бүгіннен бастап электронды үкімет сайтында www.line.gov.kz адресі бойынша Елбасымен тікелей эфир желісі ашылды. Abai.kz ақпараттық порталы Ашық хаттың мәтінін сол жерге біріншілердің бірі болып жіберді. Біз жіберген хат  жетпісінші болып тіркеліпті.

Тікелей эфир желісінің ережесі бойынша ең көп қаралған, оқылған хаттар мен өтініштерге Елбасының өзі 13 қараша күні республикалық телеарналардың тікелей эфирінде жауап береді екен.

Осыған байланысты мынадай ой келіп тұр.

Біріншіден. Біздің ашық хатқа қол қойған азаматтардың барлығы www.line.gov.kz сайтына кіріп, біздің сұраққа дауыс берсе, соны қолдаса. Тағы бір жолы біздің хаттың мәтініне сүйеніп өздері сұрақ қойса.

Екіншіден. Осы мәселеге немқұрайлы қарамайтын азаматтар тікелей эфирдің сall-орталығына хабарласса. Ол үшін Астанадағы 555-777 телефонына қоңырау шалып, сол жердегі азаматтарға өз сауалдарыңызды қойсаңыздар. Сонымен қатар жазбаша сұрақтарды vopros@akorda.kz деген электронды поштаға да салуға болатынын ескертеміз.

Тікелей эфирдің сall-орталығы өз жұмысын 30 қазаннан 13 қарашаға дейін  жалғастырады. Орталық таңғы сағат 08.00 ден кешкі 23.00 дейін сұрақтарды қабылдайды.

Осы мүмкіндіктен айрылып қалмайық! Біздің Ашық хатқа қатысты сұрақты «ең көп қаралған», «ең көп дауыс алған», «ең көп талқыланған» деген межеге жеткізейік. Тікелей эфирдің сайтына қайта қайта кіріп дауыс берейік.

Егер осындай белсенділік танытқаннан кейін биліктегілер халықты алаңдатып отырған өзекті мәселені жауапсыз қалдырса, онда ол өздеріне үлкен сын, арына өшпес дақ болмақ!

Тағы да ауызбіршілік пен табандылық танытайық, ағайын!

Құрметпен,

Abai.kz ақпараттық порталы

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2068