Пашинян: Бізді ҰҚШҰ-дан шығарып тастаса, қуанар едік!
Армения премьері Никол Пашинян бүгін Ереванды ҰҚШҰ-дан шығару туралы мәскеудің сөздеріне жауап берді.
«Біз ҰҚШҰ-дағы жұмысымызды белсендіруді жоспарлап отырған жоқпыз деп кесіп айта аламын... Сондай-ақ ҰҚШҰ ішінде Арменияны ұйымнан шығару төңірегінде талқылаулар жүріп жатқанынан хабардармын. Егер ұйым Арменияны өз қатарынан шығарса, мен өте қуанышты болар едім. Қалай болғанда да, бұл бізді «шығу керек пе, әлде шықпау керек пе» деген дилеммадан құтқарады», — деді Армения премьер-министрі Пашинян.
Бұдан бөлек, ол Армения жақын арада ЕО-ға мүшелікке өтінім дайындау процесін бастауды көздеп отырғанын хабарлады.
«Референдум өткізу үшін Армения ЕО-ға кіруге ресми өтініш білдіруі тиіс... Жақын арада біз бұл процесті бастаймыз, әсіресе ЕАЭО-дағы әріптестеріміздің үндеулеріне баса назар аударамыз», — деп қосты ол.
Abai.kz