Рамзан қалай Путинді шаң қаптырды?..
Рамзам Қадыров 5 мәрте шеешенбасы болып сайланған.
2007 жылы Қадыров сайлауға қатыспады. Оны Путин ұсынып, парламенттің 58 депутатының 56-сы қолдап, жеңді. Ал 2 бүлетенді бүлінген деп тапты.
2011 жылы да сайлау өтпеді. Бұл жолы Медведев ұсынып, парламенттің 32 депутаты бірауыздан қолдап берді.
2016 жылы сайлауда Рамзан Қадыров 97,94 пайыз дауыспен жеңді.
2021 жылы 99,7 пайыз алды.
Ал кеше (2026 жылы) 99,85 пайыз дауыс жазылды.
Владимир Путин 5 мәрте ресейбасы болып таңдалды.
2000 жылы Путин алғаш рет сайлауға түсіп, 52,94 пайыз алды.
2004 жылғы екінші сайлауында Путин 71,31 пайыз иеленді.
2008 жылы Путин орнын Медведевке беріп, өзі «премьер-зидент» болды.
Ал 2012 жылы 63,60 пайыз алып, үшінші ресми мерзіміне кірісті.
Онан соң 2018 жылы Путин төртінші сайлауында 76,69 пайызды қанағат тұтты.
Путиннің ақырғы сайлауы 2024 жылы өті. Онда Ресейбасының есебіне 87,28 пайыз жазылды.
Осылайша, Рамзан Қадыров Путиннің өзін шаң қаптырды. Ресейбасы, «әлемнің екінші әскері» деп әсіре әспеттелген, әлемдік гегемондыққа ұмтылыстағы «ядролық державаның» абсолютті билік иесінің өзі өмірінде алып көрмеген 90 пайыздық межені Рамхан Ахмад баласы сонау 2016 жылдан бері оп-оңай еңсеріп келеді.
Айтпақшы, Путиннің 2036 жылға дейін және 2 мәрте сайлану құқы бар. Қазір Путин 73-те. Кім білсін, шамасы жетсе, сол кезге дейін 90 пайыздың төңірегін көріп қалуы да ғажап емес.
Abai.kz