Бейсенбі, 29 Қазан 2026
Жаңалықтар 675 0 пікір 24 Қыркүйек, 2026 сағат 17:12

Қырғызстан: Президент сайлауы 2027 жылы өтеді

Сурет: br.az сайтынан алынды.

Қырғызстанның заң шығарушы органы — Жогорку Кенеш депутаттары елдегі кезекті президент сайлауын белгілеу туралы арнайы қаулы жобасын қабылдады. Бұл туралы Kazinform агенттігінің Бішкектегі меншікті тілшісі хабарлайды.

Парламенттің Конституциялық заңнама, мемлекеттік құрылыс, жергілікті өзін-өзі басқару және регламент комитетінің төрайымы Гүлнар Әкімбаеваның айтуынша, Конституция талаптарына сәйкес мемлекет басшысын сайлау күні Жогорку Кенештің қаулысымен бекітіледі.

Жаңа тәртіпке сай, кезекті президент сайлауы қазіргі мемлекет басшысының өкілеттік мерзімі аяқталатын жылдың қаңтар айындағы төртінші сәрсенбіге белгіленген. Осыған орай, келесі саяси науқан 2027 жылдың 27 қаңтарына туры келіп отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстанда сайлау заңнамасына тиісті түзетулер енгізіліп, президенттік және парламенттік сайлауларды дәстүрлі жексенбі күннен сәрсенбіге ауыстыру туралы шешім қабылданған болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1263
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1775