Дүйсенбі, 12 Қазан 2026
Жаңалықтар 216 0 пікір 12 Қазан, 2026 сағат 15:56

Қазақстанда кибералаяқтық 40%-ға азайды

Сурет: Үкіметтің телеграм арнасынан алынды.

«Заң мен тәртіп» және азаматтардың цифрлық құқықтарын Конституция деңгейінде қорғау: Қазақстанда кибералаяқтық саны 40%-ға азайды, жәбірленушілерге 5,9 млрд теңге өтелді.

Елімізде интернет-алаяқтардан қорғанудың интеллектуалды жүйесі қарқынды дамып келеді.

Статистика және нәтижелер:

3 жыл ішінде интернет-алаяқтық саны 40%-ға азайды, ал мұндай қылмыстарды ашу деңгейі 29,9%-ға өсті.

Ұлттық банктің Антифрод-орталығының арқасында соңғы жылдары зардап шеккендерге миллиардтаған теңге қайтарылды, 117 млрд теңгеден астам қаражат бұғатталды.

Дропперлік үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Заңдарда және қорғау шараларында не өзгерді:

Дербес деректерді қорғау конституциялық деңгейде бекітілді.

Медициналық, банктік және басқа да маңызды деректері бар базаларға қол жеткізу үшін міндетті биометрия енгізілді.

Ұйымдар азаматтарға деректердің тарап кеткені туралы хабарлауға міндетті.

Еңбек кодексіне қызметкерлерді кибергигиенаға оқыту бойынша нормалар енгізілді, ал маңызды нысандардың қорғалуын қадағалау ҰҚК-ге берілді.

Азаматтарға арналған пайдалы тегін қызметтер:

EGov Mobile-дағы «Стопкредит» – несие ресімдеуден ерікті түрде бас тарту. 2026 жылдың 1 маусымындағы мәлімет бойынша бұл сервис 6,3 млн рет пайдаланылған.

EGov-ке қол жеткізуді қадағалау қызметі – деректерді өңдеуге келісім беруді тексеру және кері қайтарып алу.

NomadGuard – деректердің тарап кетуін тексеру және фишинг.

EGov және CitizenSec платформасындағы киберсауаттылық курстары.

Басты қағида: Ешқашан SMS кодтар мен құпия сөздерді ешкімге бермеңіз, сілтемелерді тексеріп алыңыз және екі факторлы аутентификацияны қосыңыз!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 959
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1293