Сейсенбі, 13 Қазан 2026
Жаңалықтар 214 0 пікір 13 Қазан, 2026 сағат 20:48

Ақсу ауданының 31 ауылына газ тарту жұмыстары биыл басталады

Фотограф: Жұмабай Мұсабеков, Жеңіс Ысқабай.

Биылғы жылдың соңына дейін Жетісу облысында табиғи газбен қамтылған адам саны 518 мыңға жетеді.

Бұл ретте Ақсу ауданының 31 ауылына газ тарту жұмыстары биыл басталады. Ақсу, Сарқан және Алакөл аудандарындағы 84 елді мекенді газдандыру жобалары аяқталғаннан кейін өңірді газдандыру деңгейі 93,8%-ға жетеді. Бұл туралы Ақсу ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында облыс әкімі Бейбіт Исабаев айтты.

Өңір басшысының сөзіне сүйенсек, облыс құрылғанға дейін тек 5 елді мекен немесе халықтың 27%-ы ғана газ тұтынған болатын. Бүгінде Кербұлақ ауданынан Панфилов ауданын қоса алғанда, Талдықорған қаласына дейінгі 110 елді мекен табиғи газға қосылған, жыл соңына дейін тағы 16 ауылда жұмыстар аяқталады. Соның нәтижесінде бұл көрсеткіш 74%-ға жетеді.

- Өткен жылы «Талдықорған-Үшарал» магистралды газ құбырының құрылысы аяқталып, Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарының елді мекендерін табиғи газбен қамту үшін жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленді. Биыл осы жұмыстарды бастауға Инфрақұрылымды дамыту қоры арқылы қаржы қарастырылды. Соның ішінде Ақсу ауданының 31 ауылында газ тарту жұмыстарын биыл бастаймыз, келесі жылы аяқталады - деді Бейбіт Исабаев.

Сол сияқты кездесу кезінде өңір басшысы ауыз сумен қамту мәселесіне де тоқталды. Биыл облыста 11 елді мекенде жұмыстар жүргізілуде, жыл соңына дейін 8 елді мекенде аяқталады, 3 елді мекендегі жұмыстар келесі жылға өтпелі. Соның ішінде Ақсу ауданында орталық ауыз сумен қамту көрсеткіші - 99,7%. Биыл Бәйтерек, Алтынарық, Қопа, Ақтоған ауылдарындағы су құбырын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл ретте Бейбіт Исабаев Жансүгіров ауылынның тұрғындары үшін 3 ұңғымадан су алынып отырғандықтан, мекеменің электр энергиясын тұтыну шығындарын азайту мақсатында және тұрғындарды үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету үшін келесі жылы облыстық бюджеттен тиісті қаражат қарастырылып, күн панельдерін орнату жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.

Атап өтсек, қазіргі таңда облыстағы елді мекендердің 93% таза ауыз сумен қамтылған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 975
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1325