Ресейлік рэпер NAVAI-ға қатысты іс тоқтатылды
«Қордай» өткізу пунктінде есірткі контрабандасы күдігімен ұсталған ресейлік рэпер NAVAI-ға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.
«Түсіп жатқан сауалдарға байланысты хабарлаймыз: ресейлік рэп-орындаушыға қатысты қылмыстық іс қылмыстық-процестік заңнама талаптарына сәйкес, оның құқық бұзушылықты бірінші рет жасағанын және жасаған ісіне шынайы өкінгенін ескере отырып, ақтамайтын негіздер бойынша тоқтатылды. Қабылданған процестік шешімді қадағалаушы орган бекітті», — деп хабарлады Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Abai.kz