Сәрсенбі, 21 Қазан 2026
Жаңалықтар 229 0 пікір 20 Қазан, 2026 сағат 17:14

Атыраудан Нөкіске тікелей әуе рейсі ашылады

Сурет: Александр Павский / Kazinform.

Жуықта Атыраудан Қарақалпақстанның астанасы Нөкіс қаласына тікелей әуе қатынасы ашылмақ.

Х.Доспанова атындағы халықаралық әуейжайдың таратқан ақпаратына сүйенсек, жаңа бағыт бойынша рейстерді Uzbekistan Airways әуе компаниясы орындайды.

Бұл бағыт Атырау мен Нөкіс арасындағы тікелей әуе қатынасын қамтамасыз етіп, жолаушыларға екі қала арасында қатынауға мүмкіндік береді.

Алғашқы рейс 22 қарашаға жоспарланған.

Айта кетейік, бұған дейін бұл бағытта тікелей рейс болмады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, келесі жылы Астанадан Нью-Йоркке тікелей рейс ашылуы мүмкін. Қазір еліміз АҚШ-қа ұшуға қажетті рұқсат алуға дайындалып жатыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1121
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1553