Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 3951 0 пікір 7 Қараша, 2009 сағат 09:34

«Ақтөбе НГС» Жаңажол жерін жаңартады

Қоршаған ортаны қорғау

Мұнайдың қарама-қайшылықты қасиеттері көп деп ескертеді экологтар. Ол табиғат туындысы бола отырып, жер бетіне шыққан кезде тіршілік атаулыға қауіп төндіреді. Мысалы, топырақ - қоршаған ортаның маңызды компененті, ол табиғатта ондаған және жүздеген мың жыл бойы құрылымдалады. Оның ластануы елеулі экологиялық және экономикалық зиянға әкеледі: ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі азаяды, қоршаған ортаның санитарлық жағдайы нашарлайды.

Қазақстанның мұнай өндіруші кәсіпорындары объектілерінде қоршаған ортаны қорғау мәселелерін кешенді түрде шешу және сервистік қызметтер көрсету үшін 2001 жылы «Ақтөбе НГС» ЖШС құрылды. Қазіргі уақытқа дейін бұл кәсіпорын Маңғыстау облысында ғана технологиялық кешендерде, негізінен Солтүстік Бозашы кен орнын игеруші «Buzachi Operating Ltd.» компаниясы мен Қарақұдық кен орнын өңдейтін «ҚарақұдықМұнай» ЖШС аумағында өндіріс қалдықтарын қабылдау мен өңдеу бойынша жұмыстар жүргізіп келді.

Қоршаған ортаны қорғау

Мұнайдың қарама-қайшылықты қасиеттері көп деп ескертеді экологтар. Ол табиғат туындысы бола отырып, жер бетіне шыққан кезде тіршілік атаулыға қауіп төндіреді. Мысалы, топырақ - қоршаған ортаның маңызды компененті, ол табиғатта ондаған және жүздеген мың жыл бойы құрылымдалады. Оның ластануы елеулі экологиялық және экономикалық зиянға әкеледі: ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі азаяды, қоршаған ортаның санитарлық жағдайы нашарлайды.

Қазақстанның мұнай өндіруші кәсіпорындары объектілерінде қоршаған ортаны қорғау мәселелерін кешенді түрде шешу және сервистік қызметтер көрсету үшін 2001 жылы «Ақтөбе НГС» ЖШС құрылды. Қазіргі уақытқа дейін бұл кәсіпорын Маңғыстау облысында ғана технологиялық кешендерде, негізінен Солтүстік Бозашы кен орнын игеруші «Buzachi Operating Ltd.» компаниясы мен Қарақұдық кен орнын өңдейтін «ҚарақұдықМұнай» ЖШС аумағында өндіріс қалдықтарын қабылдау мен өңдеу бойынша жұмыстар жүргізіп келді.

Егер барлығы да жоспарға сәйкес жүретін болса, «Ақтөбе НГС»  таяу уақыттардың өзінде-ақ «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ игеріп жатқан «Солтүстік Трува» кен орнында өндіріс қалдықтарын қабылдау мен өңдеуді бастайтын болады. «Ақтөбе НГС» мүмкіндікті пайдалана отырып, облыстың жетекші мұнайгаз өндіруші кәсіпорынына проблеманы түсінгені және ынтымақтастыққа әзірлігі үшін алғыс сезімін білдіреді.

Технологиялық кешен пайдалануға құрылымдалып, толығынан дайын тұр. Бұл әлеуметтік мәні зор жобаны жүзеге асыру «Ақтөбе НГС»  ЖШС басшылығының айтуларынша, Ақтөбе облыстық, Мұғалжар аудандық жергілікті атқарушы биліктің, облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, сондай-ақ Тобыл-Торғай экология департаменті басшыларының проблеманы дұрыс түсінуі және қолдауы нәтижесінде болған. Кешенді пайдалануға беру жаңадан 50 жұмыс орнын ашуға, аудандық бюджетке төлемдер түсіруге мүмкіндік береді, бұлардың қай-қайсысы да бүгінгі уақыт жағдайында мейлінше өзекті екендігі белгілі.

Мұнай өндірудің заманауи технологиясын пайдалану, мұнай кен орындарын іске қосу нәтижесінде өндіріс қалдықтарының мол көлемі құралымдалатыны кім-кім үшін де құпия емес. Олардың басым бөлігі бұрғылау компанияларының скважиналары құрылысында және мұнай өндіру, тасымалдау және мұнай өңдеу кәсіпорындары скважиналарды пайдаланғанда жинақталады. Бұл ретте «тарихи» мұнай қалдықтарының елеулі көлемін сақтаумен және мұнай құюмен байланысты туындайтын экологиялық проблемалардың көкейкестілігі оларды дер мезгілінде және жедел шешуді талап етеді.

Қазіргі уақытта әлемде қолданылатын мұнаймен ластанған топырақтарды қайта өңдеудің негізгі әдістері - биоремедиация, жуып тазарту, термиялық десорбациялау және қатайту. Олардың әрқайсысының қолданылу аясы экономикалық фактормен де, сондай-ақ бастапқы объектінің ерекшеліктерімен де шектеледі.

Қазақстанның мұнай өндіруші аймақтары жағдайында  термиялық әдістермен мұнаймен ластанған топырақтар ремедиациясының микробиологиялық әдістері  неғұрлым басымдықта болып саналады.

- «Ақтөбе НГС»  ЖШС қолданатын технологиялар ғылыми тұрғыдан тереңдетіліп қарастырылған,- дейді  «Ақтөбе НГС»  ЖШС экологы - өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы Николай ЛУЦУК, - Бұл ретте біз Қазақстан, Ресей, Финляндия, Германия, Украина және Беларус елдерінің ғылыми ұйымдары және институттарымен тығыз байланыстамыз. Бұл елдердегі жұмыстың осындай түрлерімен шұғылданатын ұйымдармен де байланыстар орнығып, нығая түсуде.

Егер Ақтөбедегі біздің жобамыз туралы нақты айтатын болсақ, ол әзірге бірінші болып тұр. «Солтүстік Трува» өндірісі қалдықтарын қабылдау мен өңдеу бойынша технологиялық кешен Мұғалжар ауданында Жаңажол селосынан 46 шақырымда орналасқан.

Кешен өндіріс қалдықтарын қабылдау мен өңдеуде негізінен мыналарға есеп жасайды: бұрғылау шламдары; өңделген бұрғылау ерітінділері; мұнаймен ластанған топырақ; қатты-тұрмыстық қалдықтар; кәсіпорын қызметінен құрылымдалатын қалдықтың басқа да түрлері (арнаулы техника мен автокөлік сүзгілері мен өңделген майлар, авто дөңгелек жабындылары, скважиналарды күрделі жөндеу мен скважиналарды жер асты жөндеуден соң полиэтиленді пленка, т.б.).

Өндірістік-техникалық бөлімнің бастығы мәлімдегендей, компания ұсынып отырған технологиялық кешенді пайдалану аймақтың экологиялық жағдайына қолайлы әсер етеді, өйткені, өндіріс қалдықтарын өңдеу өңделген өнімдерді өнеркәсіптік алаңдар, автожол құрылысында, ластанған жерлерді өңдеу мен құрылыс материалдары өндірісінде қайталама пайдалануға мүмкіндік береді.

Кәсіпорын мамандары бүкіл әлемде экономикалық тұрғыдан да, экологиялық жағынан да жарамды деп танылған мұнаймен ластанған топырақты микробиологиялық өңдеу әдісі мұнай көмірсутегін биодеградациялауға негізделген деп түсіндіреді. Бұл процестер (биодеградация) көміртегі қос тотығының, судың бөлінуімен, биомасса мен ішінара қышқылданған биологиялық инертті жанама өнімдердің құрылымдалуымен туындайды. Мұнда органикалық заттардың тасымалдануының табиғи процестері олардың гумификациялану процестерімен қатар жүреді.

Минерализациялану процесінің түпкі нәтижесі органикалық заттардың бірте-бірте жойылуы және биологиялық айналымға қосылатын минеральдық қосылыстардың құрылымдалуы болып табылады. Гумификациялану процесі өнімнің ыдырауы - жаңа құрылымдалған тұрақты гумусты қосылыста органикалық заттардың консервациялануымен аяқталады.

Биоремедиациялауға мұнай және мұнай өнімдерімен, өндіру кезінде, қабатқа айдауда, тасымалдауда, сақтауда, жинақтауда апатты құю нәтижесінде қабаттағы сумен ластанған топырақтар, сондай-ақ «ескі» және жаңадан құрылымдалған мұнай қалдықтары және бұрғылау қоқыстары, оның ішінде скважинаны игеру өнімдерімен (мұнай өнімдерімен) ластанған топырақтар жатады.

Топырақта өзін-өзі тазарту және бейімделу механизмдері әрекет ететіндігі белгілі. Топырақ биосфераның бөлігі ретінде онда болатын организмдермен бірге әмбебап физикалық, химиялық және биологиялық адсорбент және адамның шаруашылық қызметі қалдықтарының барынша әр түрлі органикалық бірлестіктерін, оның ішінде мұнай және мұнай өнімдерін бейтараптандырушы болып табылады.

Алайда топырақта мұнайдың көп мөлшерде болуы өзін-өзі тазарту механизмін толығымен жоюға қабілетті және адамның араласуынсыз табиғатта топырақты қалпына келтіру ондаған жылдарға созылып кетер еді.

Осындай реттерден де 2009 жылдың тамыз айында «Ақтөбе мұнайгазсервис»  ЖШС «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны оңтүстік филиалымен бірлесе отырып, «ТОПЫРАҚ» қайта өңдеу өніміне кәсіпорын стандартын жасады.

Микробиологиялық өңдеу алаңында мұнаймен ластанған топырақты өңдегеннен кейін алынатын өңдеу өнімдері органикалық құрылымдармен байытылған топырақ қайраңын білдіреді.

Топырақ қайраңы магистралды мұнай өнімдері аймағында бұзылған, бірақ ластанбаған жерлерді өңдеу, кен орындарында өндірістік объектілерді көгалдандыру үшін пайдаланыла алады. Топырақ қайраңы сондай-ақ жолдар жабындысына, тазалау полигондарын жарақтандыру және қатты мұнай қалдықтарын жеткізе тазарту, оны бастапқы орналасқан жеріне қайтару үшін пайдаланылуы мүмкін.

Қалдықтарды төменгі температурадағы термиялық десорбция әдісімен өңдеу ластанған топырақтарды өңдеу бойынша қондырғы көмегімен жүргізіледі.

Таңдау ластанған материалдың физикалық-химиялық ерекшеліктері мен ластаушы заттардың химиялық ерекшеліктеріне байланысты болады. Негізінен бұрғылау қоқыстары, мұнаймен ластанған топырақтардан тұратын қатты мұнай қалдықтары ластану мен топырақ бөліктері арасында туындайтын байланыстардың жоғары беріктігімен шарттастырылатын, әдетте балшықтар мен саздақтардан тұрады.

Балшықтар мен саздақтарды мұнай қалдықтарымен байыту олардың домбығуын елеулі түрде төмендетеді, битум сыйымдылығын азайтудап битумның адгезивтігін және дымданушылығын жақсартады. Бұл ретте битумлы топырақтың технологиялық және пайдалану ерекшеліктері жақсара түседі.

Су тепкіш мұнай көмірсутегімен қоректенген сазды топырақтар жол құрылысы үшін жарамды құрылыс материалдарын алу үшін жақсы негіз бола алады.

Термиялық десорбция қондырғысы пешінде айналымды өңдеуден өтікізілгеннен кейін алынған өнім су тепкіш түйіршектелген материал болып шығады. Ол 2009 жылдың мамыр айында «Ақтөбе НГС»  ЖШС «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны оңтүстік филиалымен бірлесе отырып, «БЕЙТАРАП ТОПЫРАҚ» қайта өңдеу өніміне кәсіпорын стандарты жасаған талаптарға жауап береді және жол құрылысында негіз қалау және жер қабаты төсемі ретінде пайдаланыла алады.

Бұрғылау қоқыстарын, мұнаймен ластанған топырақты және олардың қосындыларын термиялық десорбция әдісімен өңдейтін қондырғы экологиялық жағынан жарамды және қоршаған ортаны қайталап ластау мүмкіндігін болдырмайды.

Технологиялық кешен құрамында қатты мұнай қалдықтарын пайдалану (жағу) бойынша қондырғылар бар, олар қатты тұрмыстық және өнеркәсіптік, оның ішінде мұнай құрайтын қалдықтарды жылуға пайдалану (жағу) үшін белгіленген.

Қондырғыда қалдықтардың мынадай түрлері пайдаланыла алады - өңделген сүзгілер; майландырылған заттар мен жаңқалар; өңделген сорбенттер; қағаз өнімдері; мұнай құрайтын қалдықтар мен басқа да жанармай материалдары.

Қалдықтарды пайдалану бойынша қондырғы жоспарлы мерзімді пайдалануда да, сондай-ақ әр түрлі апатты жағдайлар салдарларын жою процесінде де табысты қолданыла алады. Жанудың жоғары температурасы есебінен өртеу камерасында қарапайым компоненттерге дейін күрделі органикалық қосылыстарды толық ыдырату жүреді. Мұнда қондырғыда іс жүзінде қалдықтардың толық жануы болатын шығып жатқан газдағы ластаушы заттар құрамы төменгі деңгейге дейін жеткізіледі. Күл түріндегі қалдық қоқыстардың құрамына қатысты қоқыстардың шығу массасынан 3-5 пайыз құрайды.

- Біздің ЖШС шешуі тиіс проблемалардан тыс тұрған оқырманға материал ауыр және кісі түсінбейтін болуы мүмкін,- дейді Николай Луцук,- Бірақ тақырып өте елеулі және жауаптылықпен қарауды талап етеді.

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ секілді перспективаға жұмыс істейтін мұнайгаз компаниялары бізді түсінеді және біздің компания ұжымының күш-жігерін бағалайды деп үміттенеміз.

Біз өзімізді қоршаған ортаның таза болып, жақсара түсуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз деп өзіміздің әріптестерімізді және мұнайлы өңірдің тұрғындарын сендіре аламыз.

Біздерге әлеуметтік жауапты қызметкерлер ретінде жұмысымыздағы басты бағыт Қазақстанның әлемдегі неғұрлым бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену бойынша стратегиясы және 2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі концепциясында Мемлекет басшысы алға қойған міндеттер болып табылады.

Бұл екі өмірлік маңызды және негіз қалайтын құжаттар халықаралық стандарттарға сәйкес экологиялық қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау қамтамасыз ету маңыздылығын айқын білдіреді.

Республикадағы қолайсыз экологиялық жағдайды ескере отырып, экологиялық менеджмент жүйесін енгізу өзекті ғана емес, сондай-ақ мейлінше қажет те. Өйткені, бұл шаралар Ақтөбе және Маңғыстау облысында ғана емес, сондай-ақ бүкіл Қазақстан Республикасында да экологиялық міндеттерді шешуде экологиялық менеджмент жүйесін дамыту мен қолдануға бағытталған. Елбасымыз айтқандай, біздің басты міндетіміз: «Табиғатты сақтап, өз еліміз бен күллі адамзаттыңөркендеуін қаматамасыз ету».

 

Нұрмұханбет ДИЯРОВ.

«Ақтөбе» газеті, 5 Қараша 2009 жыл

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1537
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3318
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6031