Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2311 0 пікір 11 Қараша, 2009 сағат 11:01

«УранГЕЙТ»

«Менiң қамауда отырғаным ресейлiктерге тиiмдi», - дейдi Мұхтар Жәкiшев

Қарашаның 4-i күнi Youtube.com сайтында беймәлiм бейнетаспа пайда болды. Онда «Қазатомөнеркәсiп» ҰҚ-ның бұрынғы басшысы, қазiр ҰҚК-нiң түрмесiнде отырған Мұхтар Жәкiшев сөйлейдi. Мұнысы сұхбат па, әлде түсiнiк пе, ол жағы белгiсiз.

Бейнетаспаның өңделгенi, түзелiп-күзелгенi көрiнiп тұр. Үзiк-үзiк. Жәкiшев әңгiмелесiп отырған адамның даусы естiлмейдi, өзi де көрiнбейдi. Мұхтар Жәкiшев онда былай дейдi: «Мен мұның кiмге тиiмдi бол­ғанын (өзiнiң тұтқындалғанын айтып отыр - ред.) ой елегiнен өткiзiп, қорытынды жасауға тырыстым. Түсiнесiз бе, шамамен мынадай тоқ­там­ға келдiм: бұл - орыстарға тиiмдi. Яғни, ресейлiктерге. Мен қамауда отырғанда бiзге тиiмсiз шаруалардың бәрi жасалып жатыр. Және де сұмдық жылдамдықпен iске асырылуда. Өзiмiзге қажет шаруаларды iстеп жатқан жоқпыз. Түсiнесiз бе, өкiнiшке қарай, қазiр бұған бақылау жасай алмаймын. Қан қысымым көтерiлiп, 210 және 190-ға дейiн барды. Бетiн әрi қылсын, егер аяқ астынан маған бiр жағдай бола қалса, менiң осы айтқандарымның бәрi сақталғанын қалаймын».

 

«ДОСТЫҚ РӘУIШТЕГI» ӘҢГIМЕ

«Менiң қамауда отырғаным ресейлiктерге тиiмдi», - дейдi Мұхтар Жәкiшев

Қарашаның 4-i күнi Youtube.com сайтында беймәлiм бейнетаспа пайда болды. Онда «Қазатомөнеркәсiп» ҰҚ-ның бұрынғы басшысы, қазiр ҰҚК-нiң түрмесiнде отырған Мұхтар Жәкiшев сөйлейдi. Мұнысы сұхбат па, әлде түсiнiк пе, ол жағы белгiсiз.

Бейнетаспаның өңделгенi, түзелiп-күзелгенi көрiнiп тұр. Үзiк-үзiк. Жәкiшев әңгiмелесiп отырған адамның даусы естiлмейдi, өзi де көрiнбейдi. Мұхтар Жәкiшев онда былай дейдi: «Мен мұның кiмге тиiмдi бол­ғанын (өзiнiң тұтқындалғанын айтып отыр - ред.) ой елегiнен өткiзiп, қорытынды жасауға тырыстым. Түсiнесiз бе, шамамен мынадай тоқ­там­ға келдiм: бұл - орыстарға тиiмдi. Яғни, ресейлiктерге. Мен қамауда отырғанда бiзге тиiмсiз шаруалардың бәрi жасалып жатыр. Және де сұмдық жылдамдықпен iске асырылуда. Өзiмiзге қажет шаруаларды iстеп жатқан жоқпыз. Түсiнесiз бе, өкiнiшке қарай, қазiр бұған бақылау жасай алмаймын. Қан қысымым көтерiлiп, 210 және 190-ға дейiн барды. Бетiн әрi қылсын, егер аяқ астынан маған бiр жағдай бола қалса, менiң осы айтқандарымның бәрi сақталғанын қалаймын».

 

«ДОСТЫҚ РӘУIШТЕГI» ӘҢГIМЕ

«Бейнетаспадағы адам - Мұхтар Жәкiшев» деп сенiмдi айтып отырған себебiмiз, мұны Жәкiшевтiң адвокаты Нұрлан Бейсекеевтiң өзi растап отыр. «Бұл - Мұхтар Жәкiшев. Егер таспаға мұқият назар салсаңыз, жазба ҰҚК-нiң бiр қызметкерiнiң жұмыс орнында түсiрiлген. Өйткенi, Жәкi­шев тергеу абақтысының кәдуiлгi камерасында отыр», - дейдi Н.Бейсекеев.

Бұл тергеу ме, түсiнiк пе, әлде сұхбат па деген сұраққа адвокаттың да нақты жауабы жоқ. Бұл туралы Н.Бейсекеев былай дедi: «Егер бұл тергеу болып, бейнекамераға түсiрiл­се, онда мiндеттi түрде хаттамада көрсетiлер едi. Менiң ойымша, бұл - тергеу емес. Жәкiшев мұнда ҰҚК-нiң бiр қызметкерiмен әңгiмелесiп отыр­ған сияқты. Өйткенi, ол қарсыда отырған адамға бiр мәселенi түсiндiрiп отыр».

Жәкiшевпен әңгiме-дүкен құрған немесе оны тергеп отырған құпия жан кiм? ҰҚК басшыларының бiрi ме? Егер солай болса, Жәкiшевтiң айтқандары не үшiн бейнетаспаға жазылды? Онысы қалай жұртқа жария болды?

Осы мәселенiң жауабын табу үшiн «Азаттық радиосы» дөңгелек үстел өткiзiптi. Дөңгелек үстелге белгiлi сая­саттанушы Айдос Сарым, тәуелсiз журналист Сергей Дуванов, адвокат Нұрлан Бейсекеев, президенттiң бұрын­ғы күйеубаласы Рахат Әлиев және Мәжiлiстiң бұрынғы депутаты Тагир Сейсембаев қатысыпты.

«Бейнежазбада сөйлеп отырған адамның Мұхтар Жәкiшев екенiне ешқандай күмәнiм жоқ. Алайда, қазiр оның түрi өзгерiп кеткен. Бейнетаспаға түсiрiлген кездегiден әлдеқайда нашар», - дептi Н.Бейсекеев.

Адвокаттың сөзiн Рахат Әлиев былай бекiтiптi: «Мұны мен ҰҚК-нiң жоғары лауазымды қызметкерлерiнiң бiрiнiң жұмыс кабинетiнде түсiрiлген деп есептеймiн. Ал сөйлеп отырған адам шынымен де Жәкiшев мырза. Өйткенi, мен оны бұрыннан бiлемiн және достық қарым-қатынастамын. Менiң айтайын дегенiм - ҰҚК басшыларының барлығының, төрағадан бастап департамент басшыларының түгелiнiң кабинетiнде бейне және аудио жазу құрылғылары орнатылған. ҰҚК регламентiне сәйкес, төрағаның, орынбасардың немесе департамент басшысының кабинетiне кiм келсе де, ол таспаға жазылып отырады. Мынау да сондай жасырын камерамен түсiрiлген».

Бiр кездерi ҰҚК басшыларының бiрi болған Р.Әлиевтiң пайымдауынша, бұл - түпнұсқа бейнежазба және Жәкiшевпен әңгiмелесiп отырған беймәлiм адамның қойған сұрақтарын кесiп алып тастаған.

Сондай-ақ, мұны тергеу деуге де келмейдi. "Мұны Мұхтар Жәкiшев тұтқындала салып-ақ түсiрген болуы керек. Және де бұл - тергеу емес. Әңгiме достық рәуiште өткен. Ендi бұл жазбаны жабық әскери сотта Жә­кiшевке қарсы пайдалануы да мүмкiн", - дейдi Р.Әлиев.

 

ШАБДАРБАЕВТЫҢ "ҚАЛТАСЫ" ТЕСIК ПЕ?

Егер бұл бейнежазба "чекистердiң" меншiгi болса, онда олар неге бұл жазбаға ие бола алмады? Қалайша интернет сайтына жария болды? Бәлкiм, бұл билiкке өкпелi күйеубаланың кезектi әш­керелеуi шығар? Бұл жағын Рахат Әлиев ашып айтпайды. Былай деп жақауратады: "Менiңше, ҰҚК-нiң бейнежазбаны iске асырған техникалық қызметiндегi әлдекiм басшылықпен байланысын пайдаланған. Сөйлесiп отыр­ған адамды жарға жықпас үшiн оның сұрақтарын алып тастаған. Кейiннен ол жазба Жәкiшев жақтастарының қолына түсiп, олар ғаламторға салуы мүмкiн. Қайталап айтамын, Жәкiшевпен сөйлесiп отырған адам - ҰҚК басшылығындағы бiреу".

Бұл жазбаны интернетке кiм салса да, ҰҚК-нiң кезектi құпиясы тағы да жария болып қалды. ҰҚК-нiң "мемлекеттiк құпияны жария еттi" деп "Алма-Ата инфо" басылымының редакторы Рамазан Есiркеповтi жазықты еткенiне көп уақыт өткен жоқ-ты. Ендi мiне, ҰҚК төрағасына тағы да ұялуға тура келiп тұр. "Шабдарбаевтың "қалтасы" тесiк емес пе осы" деген ой келедi. Өздерi қанша қымтап ұстауға тырысқанымен, "құпиялары" неге оп-оңай жария болып қалады осы? "Құпиямды жария еттiң" деп ендi кiмдi кiнәлайды? Әлемге әйгiлi Youtube.com веб-сайтын жапқызып тастай ма? Әлде сол сайтқа сiлтеме жасап, ақпарат берген бiздi сотқа сүйрелей ме?..

"УРАНГЕЙТ"

"Мұхтар Жәкiшевтiң тұт­қындалуына Ресей мүдделi бол­ған" деген әңгiме бұрын да шыққан. Мұны әлгi беймәлiм бейнежазбада Жәкiшевтiң өзi де айтып отыр. Егер Жәкiшев­тiң айтқандары рас болса, Қазақстанның атом өнер­кәсiбiне иелiк ететiн Ресей болып шықпай ма? Бұл аз десеңiз, Қазақстанның Ұлт­тық қауiпсiздiк комитетiн де Ресей жусатып-өргiзедi деген сөз. Өйткенi, Жәкiшевтi тұтқындаған және айып таққан ҰҚК ғой.

Қазiр бүкiл әлем "Қазақстан уранын қалай пайдаланады" деп жiтi көз тiгiп отыр. Егер бiздiң уран Ресейдiң мүддесiне ғана жұмыс iстейтiн болса, мұны халықаралық қауымдастық жай қалдырмайды. Әсiресе, Америка Құрама Штаттары. Үлкен дау басталуы мүмкiн осыдан кейiн. Даудың басы кiм екенi айтпаса да түсiнiктi. Онда баяғы "Қазақгейт", "Рахатгейт" сияқтылар "Урангейт­тiң" жанында жiп есе алмай қалатынына еш күмәнiңiз болмасын.

 

ШКОЛЬНИК НЕ ДЕЙДI?

Әлгi бейнетаспада М.Жә­кiшев "Қазатомөнер­кәсiптiң" қазiргi басшысы Владимир Школьникке қатысты да сөз етедi. "Мен тергеушiлерден бiздi бетпе-бет кездестiрудi сұрадым. Бiрақ, тергеушiлер "бұлтартпайтын дәлелдерiмiз бар" деп бұдан бас тартты", - дейдi Жәкiшев.

Кеше осы мәселеге қатысты В.Школьник мектеп оқушысы сияқты ақталып, әуреге түсiптi. Ол былай дейдi: "Мұның бәрi - Жәкiшевтiң ойдан шығарғандары. "Қаз­атом­өнеркәсiптiң" жапондармен келiсiмi туралы... мен жалпы ештеңе түсiнiп тұрған жоқпын. Ресейлiктерге қатысты да маған түсiнiксiз. Әңгiме не турасында екенiн ұқпадым. Менi айыптай берсiн. Менi көптеген адамдар айыптайды.

Мұхтар Жәкiшевтiң бейнетаспасын көрген жоқпын. Жолсапардан келгенiм ендi ғана. Youtube.com порталын ашып көрдiм, бiрақ ол жұмыс iстемей тұр".

Бәлкiм, В.Школьник әлгi портал ашылған соң немесе бейнетаспаны тамыр-таныстарынан сұратып көрген соң өзiнiң нақтылы пiкiрiн айтар. "Қолым тимей жүр" деп сырғақтатпаса.

 

Е.Биеке.

Жас Алаш №90 (15444) 10 қараша, сейсенбі 2009

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383