Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2460 0 пікір 13 Қараша, 2009 сағат 09:10

«ҚазТрансОйл» қаңтар-қазанда мұнай тасымалын 7,5% арттырды

Алматы. 13 қараша. ҚазТАГ – Биылғы жылдың 10 айында «ҚазТрансОйл» АҚ магистральды мұнай құбырлары жүйесімен тасымалданған мұнайдың көлемі 42,57 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,5% көп, делінген компанияның хабарламасында.

Құжатқа сәйкес, мұнайдың жүк айналымы 27,85 млрд т/км құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 26,96 млрд т/км болған.

«Өзен-Атырау-Самара» магистральды мұнай құбырының «Атырау-Самара» учаскесімен 14,5 млн тонна мұнай айдалды. 2008 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, тасымалданған мұнайдың көлемі 620 мың тоннаға артты.

«Атасу-Алашаңқай» мұнай құбырына құйылған мұнай көлемі 6,22 млн тоннаны құрады. Өткен жылдың 10 айында бұл көрсеткіш 5,13 млн тонна болды.

Қазақстанның аумағында орналасқан «ТОН-2» мұнай құбырының учаскесімен Ресей мұнайының транзиті 4,32 млн тоннаны құрады, бұл 2008 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 286 мың тоннаға көп.

Өткен кезеңде Каспий теңізі арқылы тасымалдау үшін  Ақтау танкерлеріне мұнай құю көлемі 31% өсіп, 7,78 млн тоннаны құрады.

«ҚазМұнайГаз» ҰК құрамына кіретін «ҚазТрансОйл» АҚ- магистральды мұнай құбырларының жүйесімен қазақстандық мұнайды тасымалдаушы негізгі оператор. Компанияның иелігіндегі магистральды мұнай құбырларының жалпы ұзындығы - 5,3 мың шақырым.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406