Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 3869 0 пікір 26 Қараша, 2009 сағат 06:52

Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ: СӨЗ – ҚОҢДЫ, IС – ЖҮДЕУ

«Тасжарғанды» сотымен, сотанағымен қосыла талатқан депутат Мәдиновке деп бес теңгелiктiң мыңын қапшыққа салып қойып едiм, қалай жеткiзiп берсем екен?» - деп екi рет телефон шалған жазушы Ғаббас аға ҚАБЫШҰЛЫ «Общественная позиция» жарық көрген күнi редакция жорналшыларын қуана құттықтады. Осы сәттi пайдаланып, дәстүрiмiздi жалғап, сұхбаттасуға ұсыныс жасадым. «Әрқашанда дайынмын!» - деген жазушы ағаға сол күнi сауалдарымды әзiрлеп, ертеңiнде хабарластым. Әңгiмемiз телефон арқылы болды.

- Аға, «Даттың» жаңа перзентiмен таныса алдыңыз ба?

- Әрине! «Атадан ұл туса игi, ата жолын қуса игi», әбден риза болдым. «Общественная позиция», ә? Қазақшасы «Жұртшылықтың пiкiрi» емес пе? Осылай жазу керек-ау. «Позицияны» «ұстаным» деп жүрмiз, ал ол бұл жерге жараспайды, қазақы тiлмен «пiкiрi» деген лайық. «Тасжарғанның» iзбасары шықты. Жақсы! Бiрақ... (Ол кiдiрдi.)

- «Бiрақ» дедiңiз бе?

- Менiң күдiгiм күл болсын-ақ, бiрақ баяғы депутат Мәдиновтi мың орап алатынның өзiне құрық салған екенсiңдер, Шолпанның да, гәзеттiң де басына қара бұлт үйiрiлiп жүрмегей! «Как Сергей Терещенко за спиной президента занимался «бизнесом» деген мақаланың «құны» 100 000 000 теңге болып кетпегей!

- Нақты ақпар негiзiнде жазылған мақала ғой.

«Тасжарғанды» сотымен, сотанағымен қосыла талатқан депутат Мәдиновке деп бес теңгелiктiң мыңын қапшыққа салып қойып едiм, қалай жеткiзiп берсем екен?» - деп екi рет телефон шалған жазушы Ғаббас аға ҚАБЫШҰЛЫ «Общественная позиция» жарық көрген күнi редакция жорналшыларын қуана құттықтады. Осы сәттi пайдаланып, дәстүрiмiздi жалғап, сұхбаттасуға ұсыныс жасадым. «Әрқашанда дайынмын!» - деген жазушы ағаға сол күнi сауалдарымды әзiрлеп, ертеңiнде хабарластым. Әңгiмемiз телефон арқылы болды.

- Аға, «Даттың» жаңа перзентiмен таныса алдыңыз ба?

- Әрине! «Атадан ұл туса игi, ата жолын қуса игi», әбден риза болдым. «Общественная позиция», ә? Қазақшасы «Жұртшылықтың пiкiрi» емес пе? Осылай жазу керек-ау. «Позицияны» «ұстаным» деп жүрмiз, ал ол бұл жерге жараспайды, қазақы тiлмен «пiкiрi» деген лайық. «Тасжарғанның» iзбасары шықты. Жақсы! Бiрақ... (Ол кiдiрдi.)

- «Бiрақ» дедiңiз бе?

- Менiң күдiгiм күл болсын-ақ, бiрақ баяғы депутат Мәдиновтi мың орап алатынның өзiне құрық салған екенсiңдер, Шолпанның да, гәзеттiң де басына қара бұлт үйiрiлiп жүрмегей! «Как Сергей Терещенко за спиной президента занимался «бизнесом» деген мақаланың «құны» 100 000 000 теңге болып кетпегей!

- Нақты ақпар негiзiнде жазылған мақала ғой.

- Бiздiң билiкке нақты ақпарды кәдiмгi көкпар етiп жiберу - шыбынды шерте салғандай емес пе. Астында ресми тағы, қолтығында ресми порт­фелi болмаса да, Терещенконың бүгiн де билiктiң мықтысы екенi мақалада «менмұндалап» тұр. Тағы бiр байқалған жайт: «за спиной» емес, «перед глазами». Кейбiреулер: «Нұрсұл­тан Назарбаевты сөз қыла бермейiк», «Нұрекеңдi қоя тұрайық», «Нұре­кең бәрiн бақылай алмайды, бар пәле айналасында», - дейдi. Бекершiлiк. Сонау жылы жас перiлерiмен әңгiмелесiп отырып, бiр кезде бәрiне шүйiле қарап: «Осы отырған әрқайсысыңды қолыңнан ұстап апарып, түрмеге тыға салам!» - дегендi бекер айтпады. Бүгiнде соларының быт-шыты шығып жатыр. Ендеше, Терещенкосы да көз алдында, бiрақ оны құптайды, оған шаң жуытпайды. Көрерсiң. Айтпақшы, Әкежан Қажыгелдин осы «бизнесменге» соқтығып, бiрiншi рет сүрiнген.

- Қалайша?

- Есiңе түсiрейiн. Әкежан премьер-министр болып, арада, егер қателеспесем, бiр жылдай өткен соң, «Егемен Қазақстан» мен «Каз. правда» гәзеттерiнде бiр бет ресми мол мағлұмат жариялап, өзiнен бұрынғы үкiметтiң, яғни Терещенконың, қаншама қаржыны қайда, қалай талан-таражға салғанын тiзiп бердi және сол тұстағы Бас прокурорға, Шуткин деген бе едi, ресми хат жазып, әлгi пысықайлар қылғытқан қаржыны өндiрiп алудың жолын iздестiрудi өтiндi. Өкiнiшке қарай, Бас прокурор үкiмет басшысына емес, өкiмет басшысы - президентке бағынады. Әкежанның әрекетi iске аспады да, ол сол күннен бастап нысанаға алынды. Ал президенттiң айналасы десек, ол топтағының бәрiн таңдап алған - өзi. Олардың ешқайсысы президентсiз қыбыр етпейдi. Сенiмiн ақтау керек қой.

- Рас-ау! Ал сол президенттiң жақында телеарна арқылы халықпен сұхбаттасқанына көңiлiңiз толды ма?

- Оның да «ғажап спектакль» болатынына шүбәланбадым да, телеэкранға жабыспадым. Пәлен сүзгiден өткiзiлген «сұрақ-жауаптардың» гәзет бетiндегi нұсқасын ғана шолып шықтым. Жұртшылықтың аузындағы ауыр сұрақтар қалар жерiнде қалыпты. 45 жылғы жорналшылық жолымда ондай «спектакльдiң» талайының «сценарийiн» оқыдым. Ал әлгi шолып отырғанымда менiң көкейiме орала берген бiр түйткiл болды. Президент бiр кезде құзырында болып, қателесiп басқа жолға түсiп кеткендердiң қайсысына болсын, егер өзiнен кешiрiм сұраса, рақымшылық жасайтынын, кексақтағыш, бармақбүккiш еместiгiн айтыпты, мысал келтiрiптi.

Президент ешкiмнiң алдында кiнәлi емес сияқты, «мен де өзiмнiң кiнәм үшiн кешiрiм сұрауға әзiрмiн» дегендi айтпапты. Мысалы, Әкежан Қажыгелдиннiң 10 жылға немесе Ғалымжан Жақияновтың 7 жылға, Арон Атабектiң 18 жылға сотталатындай жазығы болмағаны, құдай бiледi деп айта аламын, президентке бес саусағындай белгiлi. Ғалымжанды алайық. Ол өзiнiң қанша мерзiмге түрмеге отырғызыларын үкiм шығардан көп бұрын естiген. Астана жақтан. Соңғы сөзiнде: «Жоғары мәртебелi сот мырза! Сiзге менi 7 жыл түрмеде отырғызуға үкiм шығару туралы нұсқау келдi. Сiзде оны орындамас лаж жоқ. Қазiр орындайсыз. Сiздiң халiңiздi түсiнiп, жаным ашып тұр, бiрақ сiзге арашашы бола алмайтыным өкiнiштi», - деген сәтте байлаулы бұзаудай байғұс сот, - оның аты-жөнiн атаудан жиiркенемiн, - өлiп тiрiлген.

- Иә, оның халi аянышты да, жиiркенiштi де болды.

- Дәл сол кезде, өзiң жақсы бiлесiң, темiржол министрi сотталды, - оның да аты-жөнiн атағым келмейдi, - ол мемлекеттiң миллиардтаған қаржысын талан-тараж еткен. Оған нендей жаза қолданылды?

- Бес жыл шартты жаза берiлiп, сот залында бостандық алды, содан көп кешiкпей бiр үлкен мекемеге басшы болды.

- Әнеки! Ал ол жайттарды президент бiлмедi деп адвокат болудың қажетi жоқ. Сол әдiлетсiздiкке, Ғалымжанға жасалған қысас­тыққа наразы болған жұртшылық президент­ке хат жазып, бiр жарым миллион адам: аса қадiрлi Дихан Әбiлев, Әбдiжәмiл Нүрпейiсов, Қасым Қайсенов, Тұрсынхан Әбдiрахманова... бар, қол қойып, Жақияновқа кешiрiм тiледi. Не шықты? Назарбаев шыбын ызыңын естiгендей болған жоқ. Кеше ғана iскерлiгi үшiн өзi мақтап, ақ моншаға бiрге түсiп, сырласып жүрген жап-жас кадрына қиянат жасады. Сол қателiктi ендi түзетiп, Ғалымжаннан кешiрiм сұрап, оны ақтауына бола ма? Болады. Құқығы бар ма? Бар. Өйтсе, тағынан түсiп қалмайды.

- Құлқы жоқ болса ше?

- Мәселе сонда. Адам, әсiресе басшылықтағы адам өзi жол берген қателiктi сезiнбесе, оны түзетпесе, басқаларға, құзырындағы жұртқа жақсы үлгi-өнеге көрсете алмақ емес.

- Бұдан бiр ай шамасы бұрын пәлен жүз кiсi қол қойып, Назарбаевқа ашық хат жаздыңыздар. «Ұлтын жойған ел болмас» деп. Қазақстан халқы ассамблеясының «Ел бiрлiгiнiң доктринасы» деген атпен «қазақстандық ұлт» атауын заңдастырмақ пиғылына қарсы. Оның алдында қазақ тiлiнiң мемлекеттiк мәртебесi жайында жаздыңыздар. Сол әрекеттерiңiз нендей нәтиже бередi деп ойлайсыз?

- Менiң долбарым далада қалсын-ақ, бiрақ сол қимылдарымыздан оң нәтиже күте алмаймын. Себебi, мен - Нұрсұлтан Назарбаевқа сенудi қойған кiсiмiн. «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысын әуелi құптап, iле-шала оны Тоқаевтың тоқпағымен талқандаған соң, бiзге демократияның ауылы алыс екенiн түсiнгенмiн. Демократиясыз ел - маңында ел-жұрт жоқ иен көл.

- Жаңа жылда бұйыртса, ОБСЕ-ге төраға болмақпыз ғой?

- Ол бiзде демократия гүлденген соң сәтi түскен iс емес, бүгесi мен шiгесi болған шаруа. Сол төрағалықты кейбiр саясаткерлер көкке көтерiп, Қазақстанның халықаралық беделi деп, әлден той жасап жатыр. Той тар­қар, табақта не қалғанын көрермiз, бұл мәселенi, аманшылық болса, екеумiз сонда әңгiме етейiк, жарай ма?

- Жақсы! Ал сiздiң Қазақстан халқы ассамблеясы дегенге, жалпы, көзқарасыңыз қандай?

- Әрбiр саланың министрлiгiнiң, оның толып жатқан департаменттерi, қосшатырлы парламентi бар, үкiметi мен өкiметi бар, Қазақстанда шешiлмейтiн мәселелер болып жатыр, ассамблея соларды шешу үшiн керек дегенiн түсiне алмадым, түсiнгiм келмейдi де. Осы бiр ассамблея дегенiң, менiң бiлуiмше, ешбiр елде, мысалы, кешегi кеңестiк ауқымнан азат болып, тәуелсiздiк алып отырған республикалардың ешқайсысында жоқ. Бiздегi ғана «ғажап жетiстiк». Ол қазақтың киiз үйiне екi шаңырақ, үш есiк орнатқандай бiрдеңе.

- Ойға қонбайтын iс көп. Алматының, Астананың төңiрегiндегi әлгi «заңсыз» ауылдар тартып отыр­ған тауқымет қанша ма? Жұмыссыздық жайлаған ауыл-село, қылмыс өршiген қала, құрылыс компанияларының көпшiлiктi Терещенкоша алдап-арбауы немесе қымбатшылық, салықтың өсе беруi, парақорлық, жемқорлық...

- Е, Бақытгүл, «То ли еще будет!». Алда талай «концерт» бар. Бiз қаласақ та, қаламасақ та. Себебi, бүгiнгi билiктiң халықпен байланысы сөз жүзiнде ғана. Тұрмыс ауыртпалығы жүйкесiн кемiрiп жүрген халықтың талап-тiлегi, мұң-зары билiкке жетпейдi. Ауыл мен Астананың арасы тым қашық. Астана алтынмен апталып, күмiспен күптелiп жатыр. Ауыл шаруашылығын «тарихи реформалаудан» кейiн сиреген ауыл-селоның тең жартысы дерлiк жылуға, дәрiгерлiк жәрдемге, тiптi ауызсуға зәру. Бiр кезде өнеркәсiптiң өнегелi орталығы болған қалалар да сауда-саттықтың алаңына айналып, өзi жұрдай болған нәрселерiн шетелдерден алып жанталасуда.

- Тым жалпылап кеттiңiз бе, қалай...

- Жалпылап айтпай қайтесiң, егер шындық айтқызса? Президенттiң әу баста-ақ: «Бай - бай болады, кедей - кедей болады» деген «көрегендiгi» келдi. Халықтың көпшiлiгi «тоңып секiрiп», ат төбелiндей аз тобы «то­йып секiрiп» жүр.

- Егер қазiргi билiк өзгерсе деймiз бе, жүйе өзгерсе деймiз бе, сiзше, қайсысының өзгергенi керек?

- Өзгергеннiң де жөнi бар. Жалтақой, жағымпаз баспасөз қалай құлпыртып жазса да, iс жүзiнде халықпен байланысы кемшiн, «өз күнiңдi өзiң көр» деп нығыртушы, солайша «бiрiнiң аузына бiрi түкiрiп қойған» президенттердiң келiп-кеткенiнен дәнеңе өзгермейдi. Билiктiң тiзгiн-шылбырын тек өзi мен өзiнiкiн жарылқауды көксемейтiн, ең әуелi халықтың тыныс-тiршiлiгiн бағатын шын мәнiндегi Азаматтар қолға алмайынша, жүйе түзелмейдi, ел де, жер де көгермейдi.

- Аға, азамат демекшi, билiк, парламент, оппозиция және басқа ой мен қырда көзге түсiп жүрген азаматтар жайында нендей ой айта аласыз?

- Оппозицияның ауылына көп бөгелмейiн, өйткенi «Қазақстанның демократиялық таңдауынан» бергi «үш бесжылдықтан» соң бас бiрiктiруге ендi кiрiстi, не көзiм тиiп. Басқалар дегенде көпшiлiктiң көңiлi ауған қайран Заманбек Нұрқадiлов, Алтынбек Сәрсенбайұлы қазаға ұшыратылды. Ғалымжан Жақиянов болса түрме тауқыметiн көп тартты, жоғарыдан құрылған ажал тұзағынан түрме бастығының көмегiмен әрең аман қалды. Ал билiкте, егер әзiрше әлдебiр есеппен бұғып жүргендерi болмаса, әдiлеттiлiк үшiн дауыс көтерушi, қимыл танытушы жоқ. Парламентте де солай: мәжiлiс пен сенатта сықиып отыр­ған «халық қалаулылары» президенттi жер-көкке сыйғызбай мақтаудан, оның жеке басына табынудан артық мәселе таба алар емес, олардан бөлiп айтып: «Ә, оған сенуге болады!» - дей аларым жоқ. Әрине, мен ешқайсысына төрешi, сыншы емеспiн, өз пiкiрiмнiң иесi ғанамын.

- Сiз «Даттан» бастап, тәуелсiз гәзеттердiң бәрiнiң белсендi авторысыз. Жуықта «Жас Алаштан» сiздiң «Абылайдың кiнәсi не?» деген мақалаңызды оқыдым. «Тасжарғандағы» екпiнiңiз еселенiптi.

- Еселеп арту бар, еселеп кему бар. Кемiгеннен құдай сақтасын. Iшке сыймағанды айтамын, жазамын. Алайда соған құлақ қойған, не құптаған, не сөккен бiреу болсайшы! Жоғарыдағы шенеунiктердi, қаламымның ұшы тиiп жүргендердi айтып отырмын. Тәуелсiз ел болған Қазақстанның астанасында Абылайға әлi күнге ескерткiш орнатылмағаны естiр құлақтан ұят-ақ! Соны айттым. Кенесарыға ескерткiш те қала орталығына қо­йылмады, Алаштың арыстарына ескерткiш жоқ. Жәнiбек пен Керей хандарға арналған ескерткiшсымақтың дау-дамайы анау! «Қазақ елi» деген топ-ескерткiштiң, монументтiң бас тұлғасы Нұрсұлтан Назарбаев болды. Қазақты ел еткен сол сияқты. Арыдан терiп айтпағанда, берiде Абылай хан қазақтың мемлекетiн емес, орыстың бiр губерниясын басқарып па едi? Әскер десе, ел шетiне жау тигенде қазақтың ат жалын тартып мiнуге жараған баласынан бастап бәрi де жауға қарсы ұшпады ма? Қолына найза ала сап, жайдақ атқа мiне шауып, ұрандап ұмтылған апаларымыз да болған. Мұны естен шығару, қазақтың тарихын мансұқтау кiмге, не үшiн керек болды? Әлде Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Хансарай салдырып, өзi тарихта қазақтың тұңғыш мемлекетiн құрған тұңғыш ханы болуды жоспарлап жүр ме? Қазақтың көне тарихы ондайды қажет етпейдi!

- Тарихпен ойнағанның бәрi де от басқан.

- Басады да! Американың астронавтары Айға қонып, ауыз бiткендегi әңгiме сол бола бастағанда, менiң сексен жетi жастағы әжем: «Құдай-ау, Айда нелерi бар?! Шошаңдап түрткiлеп жүрiп, бiр күнi құлатып құриды ғой?!» - деп едi.

- Әдемi айтқан екен! Әдебиетке құмарлығыңыздың бастау-көзi бол­ған екен ғой. Әдебиет демекшi, аға, бүгiнгi хал-ахуалдарыңыз қалай? Бiраз жайттарыңызды естiп, көрiп жүрмiн, алайда Жазушылар одағында аз-ақ уақыт қызмет iстеген сiздiң әңгiмеңiздi есту - бiр басқа.

- Бақытгүл-ау, ол тым ұзақ әңгiме болар, кейiнге қалдыра тұралық.

- Онда тiкелей өзiңiзге қатысты сауалым: сiз әлгi мүшелтой, мерейтой деген көп тойлардың бiрiн де жасамадыңыз. Оныңыз қалай? Әлде оппозицияда болуыңыз кедергi келтiрдi ме?

- Қызық сауал. Жауабы қызық бола ма, жоқ па, айтайын, тыңдап көр. Мен - халыққа қызмет етушiмiн, яғни оған бiр мысқал да салмақ салмауым керек деп бiлем. «Халық» дегенде өзiм туып-өскен ауылымды, ауданымды, ең шiрегенде, облысымды айтып отырмын. Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданынанмын ғой. Оларға: «Оу, мен пәлен жасқа келемiн! - деп желпiнген емеспiн. Жасым елуге толған күнi Жазушылар одағы басқармасының бiрiншi хатшысы Олжас Сүлейменовтен шақыру болды. Ол тұста «Ара-Шмель» журналында бас редактормын. Барсам, одақ ұжымын кабинетiне жинап отыр екен. Олжас: «Ну что ж, дорогой, вперед!» - деп құттықтап, сый-құрмет көрсеттi. Риза болдым. Жасым алпысқа толғанда, өзiм құзырында қызмет iстеп жүрген одақ үнсiз қалды. Бiрiншi басшымыз Қалдарбек Найманбаев едi. Жарықтықтың топырағы торқа болсын!.. Сол алпыс жасымды атап өтуге ауданым үшiншi рет шақырған соң, бәлсiндi демесiн деп бардым. Әкiмдiк ғимаратының мәжiлiс залында жиын өттi. Оған отыз шақты ғана адам келдi. Бiр кiнәраттың болғанын сездiм. Сонда қызмет iстейтiн жиенiм жиын соңында келiп: «Нағашы, басшымыз өз ұжымымызды ғана жинаттырды, ресми хабарландыру жасатпады, сiрә, сiздiң «СолДат» гәзетiндегi мақалаларыңызды оқыған шығар, содан жасқанды-ау», - дедi. Аудан орталығында тұратын апа-жездемнiң, құдаларымның, жолдас-жораларымның ештеңе естiмегенiн ертеңiнде бiлдiм. Солақай қылықтары үшiн бірақ басшы-қосшының ешқайсысына ренжiген жоқпын.

- «Оппозицияда» деп, сiзден ат-тондарын ала қашқандар болған екен ғой?

- «Болғаның» не, болып та жүр. Жасым жетпiске толардан алты ай бұрын Өскеменнен бiр жолдасым телефон шалып: «Сенi шақыру жөнiнде ақылдасайық деп облыс әкiмдiгiне үш кiсi барып едiк, әкiмнiң орынбасары да, өзi де ол - оппозиционер, пәле болады деп безектедi, ендi не iстейiк, Астанаға хат жазайық па?» - дейдi. Мен ерiксiз күлiп: «Ендi ешқайда бармаңдар, ешкiмге ештеңе жазбаңдар. «Бiздiң Ғаббас жетпiс жасында обләкiмдi шошытқан!» - деп айта жүрсеңдер болды», - дедiм.

- Қызық екен.

- Шыжығы да бар. Жасым жетпiске аяқ басқанда үкiметке, министрлiгiмiзге хат жолдап: «Әдеби еңбегiм жиыны он том болады екен, соны түгел шығарып берудi сұрамаймын, жетпiс жылдығыма екiтомдық жасап берсеңiздер, сол жеткiлiктi», - дедiм. Соны да көпсiндi.

- Баяғы «оппозиция». Ал Жазушылар одағы, Нұрлан Оразалин ше? Жетпiс жылдығыңызда өзiңiз отыз жыл болған одақтың ұжымымен басқосу жасады ма?

- Жоқ. Бәрiбiр ренжiмедiм.

- Шыныңыз ба?

- Шыным! Мен - жеке басыма қатысты жайттарда ешкiмге ешқашан ренжiмеуге өзiме-өзiм iштей серт берген және ол сертiмдi орындап жүрген қазақпын. Ешкiмге жалтақтамаймын да. Мәселен, жаңа жинағымды қайтсем шығартамын деп бас ауыртқан жан емеспiн. Сый-сыяпат, ат-атақ iздеп көрген жоқпын. Жазушылар одағының ұжымында жүргенiмде, обалы кәнi, бiрiншi басшыларымыз Әди Шәрiпов, Әнуар Әлiмжанов, Олжас Сүлейменов орден-медальмен марапатталатындар тiзiмiне енгiздi, бiрақ қарсы болып, сызғызып тастап жүрдiм. Сондай бiр сәтте үшiншi хатшымыз Қалаубек Тұрсынқұлов: «Екеумiз ағайындымыз», - деп күлген-дi. Қалекең де сөйтедi екен. Анау жылы маған Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығын бұйыртқан Серiк Әбдiраимов болды. Менiмен сөйлеспей, иә, маған бiлдiртпей өзi кiрiсiптi. Жазушылар одағының Деректi проза секция­сын басқарады екен. «Ғаба-ағалап» жүретiн iзеттi iнiм едi... Жаны жаннатта болсын!.. Ал «Қазақстанның құрметтi жорналшысы» атағын өзi ұйғарып алып берген қамқоршым - Жорналшылар одағымыздың басшысы Сейiтқазы Матаев! Ол да маған алдын ала ештеңе демедi.

- Аға, бiраз уақытыңызды алдым, мазаладым. Ренжiмегейсiз. Жа­уаптарыңыз үшiн рақмет! Мақала мен әңгiменi «парлап жегiп», асу-белестердiң әлi талайын артқа тас­тайтын болыңыз!

- Сендерге жаңа жiгер, жаңа екпiн, жаңа табыс тiлеймiн! Әрқашан бiрге болайық!

Бақытгүл МӘКIМБАЙ,

«D»

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 8 (33) от 25 ноября 2009 г.

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2053