Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2387 0 пікір 10 Желтоқсан, 2009 сағат 05:17

Дилара ИСА. Қазақстандағы 858 шағын мектеп құрдымға кетуi мүмкiн

Жақында ҚР Бiлiм және ғылым министрi Жансейiт Түймебаев былай деп мәлiмдедi: «Қазақстандық мектептердiң 56,6 пайызы немесе 4288-i - шағын жинақы мектептер. Бұл мек­теп­тердiң көбi, анықтап айт­сақ, 96,5 пайызы ауылдық елдiмекендерде орналасқан. Бұларда 405 мың бала оқиды. Шағын жинақы мектептердiң 18 па­йызы күрделi жөндеу жұмыстарын талап етедi. Ал екi пайызы, тiптi апатты жағдайда... Соңғы үш жылда шағын жинақы мектептер 143-ке немесе 3,3 пайызға, ал оқушылар са­ны 27 мыңнан астамға немесе 6,3 па­йызға азайды». «Қуырдақтың көкесi түйе сойғанда». Мәселе өзектi, күйiп тұр. Қалайша? Ендi басқасын былай қойып, осы дерек­тердi жiлiктейiк.

Бiрiншiден, 4288 шағын жинақы мектепте 405 мың бала оқиды. Есепшотқа салайық. Әр мектепте орташа есеппен 94 бала оқиды деген сөз. Бұл аз ба, көп пе?

Жақында ҚР Бiлiм және ғылым министрi Жансейiт Түймебаев былай деп мәлiмдедi: «Қазақстандық мектептердiң 56,6 пайызы немесе 4288-i - шағын жинақы мектептер. Бұл мек­теп­тердiң көбi, анықтап айт­сақ, 96,5 пайызы ауылдық елдiмекендерде орналасқан. Бұларда 405 мың бала оқиды. Шағын жинақы мектептердiң 18 па­йызы күрделi жөндеу жұмыстарын талап етедi. Ал екi пайызы, тiптi апатты жағдайда... Соңғы үш жылда шағын жинақы мектептер 143-ке немесе 3,3 пайызға, ал оқушылар са­ны 27 мыңнан астамға немесе 6,3 па­йызға азайды». «Қуырдақтың көкесi түйе сойғанда». Мәселе өзектi, күйiп тұр. Қалайша? Ендi басқасын былай қойып, осы дерек­тердi жiлiктейiк.

Бiрiншiден, 4288 шағын жинақы мектепте 405 мың бала оқиды. Есепшотқа салайық. Әр мектепте орташа есеппен 94 бала оқиды деген сөз. Бұл аз ба, көп пе?

Екiншiден, министр мырзаның айтуынша, дәл осы мек­теп­тердiң он сегiз пайызы күр­делi жөндеу жұмыстарын талап етедi. Екi пайызы апатты жағдайда. Былайша айт­қанда, жиырма пайызы жарамсыз күйде тұр. Қабырғасы жарылып, қаңқасынан су ағып дегендей жағдайда. Жиырма пайыз дегенiмiз қанша сонда? Және есепшотқа жүгiн­дiк. 4288 санын шаққанда, он сегiзiңiз - 772, екiңiз - 86 мектеп болып шықты. Екеуiн қосып жiберсеңiз, 858 саны көзге көрiндi. Бұл ненi аңғартады? Осынша мектептiң есiгiне дәу қара құлып салынуы немесе сол бiлiм ошағыңыз бiр төбе топыраққа айналуы мүмкiн. Ендеше, бүгiнгi билiктегi шенеунiктерiңiз «100 мектеп, 100 аурухана» жырымен әуре-сарсаңға түсiп жүр­генде, сiздiң 858 мектебiңiз­дiң құрдымға кету қаупi бар екенiн, орны ойсырап қалатынын ескерiп жүргейсiз.

Үшiншiден, соңғы үш жылда шағын жинақы мектептер 143-ке азайды де­гендi қалай түсiнуге болады? Былайша. Ауырлап айтқанда, 143 мек­теп­тiң ор­нын сипап қалдыңыз. Таңданарлығы, Түймебаев мырза дәл осы 143 мектеп­тiң орнына қанша су жаңа мектеп құрылғанын неге тiлге тиек етпедi? Мүмкiн, қазығы қағылмаған да болар. Не керек, 143 мектеп жарға жы­ғылды, жоқтаушысы бол­мады, құнын ешкiм дауламады.

Төртiншiден, «бұл мек­тептердiң 96,5 пайызы ауылдық елдiмекендерде орналасқан». Ендi осы пайызды 4288 санына шағып жiберейiк. 4137 саны атып шықты. Яғни, 4 137 шағын мектеп ауыл-аймақта. Осы орайда «жабылуы мүмкiн» деген күдiктi де ескерсек. Тiлге тиек еткен жиырма па­йызды да ұмыт қалдырмайық. Мұнда шамамен 827 шағын мектеп шықты. Бұл дегенiмiз, республика бойынша 827 ауылдағы мектеп­тiң табалдырығы тозған.

Жасыратын түгi жоқ, ауылдың тыныс-тiршiлiгi мектепсiз тұл жетiмнiң күнiндей. Жансейiт Түй­ме­ба­евтың тiлiмен айт­қанда, «ауылдағы шағын жинақы мектептер бiлiм беруден басқа, сондай-ақ, кешендi әлеуметтiк-экономикалық мәселе­лердi шешедi». Дұп-дұрыс айтылған сөз. Қаңы­рап, бары мен нары дәл осы бiлiм ошағы болып тұрған елдiмекендердi мек­тепсiз елестету қиын. Онсыз да Қазақстандағы 1434 елдi­мекенде мектеп атымен жоқ. Ондағы 37280 бала мектебi бар төңiректi шарлайды. Балаларды тасу үшiн 1300 қоғамдық көлiк қажет. Ресми деректерге сүйенсек, автобустардың бар-жоғы жүзi ғана су жаңа. Қалғандары - ескi-құсқы («Жас Алаш» №68 , 25 тамыз, 2009 жыл.)

Бiр қызығы, Бiлiм және ғылым министрi Жансейiт Түймебаев осы мәселе­нiң ұшын шығарғаны сол-ақ, көп кешiкпей нақты деректердiң төбесi көрiн­дi. Мәселен, терiскейде 50 мектептiң жабылуы жө­нiнде нақты дәйек шық­ты. Төтенше жағдайлар жө­нiндегi министр­лiктiң хабарлауынша, Солтүстiк Қазақстан облысындағы елу мектеп қауiптi жағдайда тұр. Жалпы осы аймақтағы бiлiм беру меке­мелерi мен балабақшалардың басым бөлi­гiнде қауiпсiздiк талаптарының бұзылғаны анықтал­ған. Солтүстiк Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар басқармасының бөлiм бас­тығы Әсет Смағұловтың айтуынша, Қызыл­жар­дың қа­ла­лық соты өңiрдегi елуге жуық мек­тептi адам өмiрi үшiн қа­уiптi деп тауып, оларды жабу туралы шешiм шығарған. Заң бойынша сот шешiмi 15 күннен кейiн күшiне енедi.

Ол ол ма, аталған аймақтағы мектептердiң алтыдан бiр бөлiгi оқу жылына дайын болмаған. Бұл мәселенi бiлiм басқармасы елемеген. Ендi мiне, осы заңбұзушылықты жою­­­­ға облыстық әкiмдiк 60 миллион теңге бөлiп отыр.

Алдағы уақытта мұн­­­дай деректер әр өңiрден жиi кездессе, таңғалмаңыз. Егер министрдiң айт­­қаны алдынан келсе, олардың саны сегiз жүз елуден асуы әбден мүм­кiн. Олай болса, мiнбер­де­гi министрлер, парла­мент­шiлер, тiптi, прези­дент­тiң: «Су жаңа мектеп салдық. Мынадай бағдарлама қабылдадық. Бiлiм беруде мынадай жетiс­тiкке жет­тiк», - деп бұл­бұл­ша сайрағанының көк тиындық құны жоқ.

Жас Алаш №98 (15452) 8 желтоқсан, сейсенбі 2009

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5417