Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2405 0 пікір 7 Наурыз, 2010 сағат 06:03

Медаль жеңіп алатындығыма сенім болған жоқ, бірақ нәтиже заңды болды – Олимпиаданың күміс жүлдегері Хрусталева

Алматы. 6 наурыз. ҚазТАГ – Олимпиаданың күміс жүлдегері Елена Хрусталева журналистерге Ванкуверге ол нәтиже үшін барғандығын, бірақ медаль аламын деген сеніммен бармағанын мойындады. Бұл ретте ол жеңістің заңды болғанына күмәнданбайды. 

«Мен медаль жеңіп алғым келді және сол үшін жұмыс істедім, бірақ жүз пайыз медаль жеңіп алатыныма сенімім болған жоқ. Бірақ бұл сәті түскен іс деп те айта алмаймын. Егер менде әлем кубогында елуінші орын болып, кенеттен Олимпиадада екінші орын алсам, онда сәті түскен іс дер едім. Бірақ менде, өздеріңіз білетіндей бір жарыста бесінші орын болды ғой, ал бұл іс жүзінде медальға жарты ады0м жақын деген сөз. Мен осы Олимпиада менің дайындығымның деңгейін көрсетті деп айта аламын», - деді Е. Хрусталева сенбі күніг Алматыдағы арнайы баспасөз мәслихатында.

ҚР биатлоннан федерация президенті Владимир Смирновтың бағалауынша, біздің елде қысқы спорт түрлеріне қатысты жағдайдың күрделілігіне қарамастан, Хрусталеваның медалін әрбір қазақстандық мақтан тұтса болады.

«Ол біз жоспарламаған күміс медальді жеңіп ала алды. Әрине, мен Олимпиада алдында біз әр кез кереметке сенеміз деп айтқанмын. Міне сол керемет орын алды», - деді ол.

Е. Хрусталева бірнеше сағат алдын Астанадан ұшып келді. Онда оны елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алдағы 8-ші наурыз мерекесімен құттықтап, оған алтын брошь сыйлады. Елена ол брошты журналистерге мақтанышпен көрсетті.

8-ш наурыз қарсаңында ел президенті әйелдер әр кез ел тірегі бола білгендігін атап өтті. Маған елбасының әйелдерге ерекше көңіл бөлетіндігі қуанышты. Астана да ұнады – ол өте әсем қала», - деді ол.

Өзінің жеке өмірі туралы айта келіп, Елена спорт, сапарлар мен балалардың және отбасының арасында сергелдеңге түспес үшін, спорттағы мансабын тәмамдаған соң ғана отбасын құру жоспары барлығын мәлім етті.

Еске сала кетсек, Ванкувердегі Олимпиадалық ойындарда Е. Хрусталева 15 шақырымдық жеке жарыста күміс медаль жеңіп алды. Ара қашықтықтағы төрт межеде бір де мүлт жіберместен Елена мәреге 41 минут 13,5 секунд нәтижемен екінші болып келді. Ол норвегиялық Тур Бергерге ғана 20,5 секундқа ұтылды.

Соңғы рет қазақстандық спортшылар қысқы Олимпиадалық ойындарда жапонияның Наганосынан әкелген. 1998 жылы қола медальдерді конькимен жүгіруші Людмила Прокашева мен шаңғышы Владимир Смрнов жеңіп алған.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5381