Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2923 0 пікір 7 Наурыз, 2010 сағат 06:04

ОҚО-да 97 сыбайлас жемқор ұзақ мерзімдерге сотталды

Шымкент. 6 наурыз. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа және экономикалық қылмысқа қарсы күрес агенттігі (СЖЭҚҚКА) бірнеше сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық істі сотқа жеткізді, деп хабарлады департамент баспасөз қызметі Жұпар Мамұтова.

«Мысалы, 1 млн теңгені иеленіп кеткен Сайрам ауданының «Қазпошта» АҚ бөлімшесінің бастығы Нұрланбек Иманбаевқа қатысты қылмыстық іс аяқталды. Ол қаражат зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге арналған болатын. Сайрам аудандық соты оны айыпты деп танып, мүлкін тәркілеп алты жылға бас бостандыған айырды», - дейді баспасөз хатшысы.

Ол сонымен қатар аталған категориядағы негізгі қылмыс түрлері 2009 жылы иеленіп кету мен сеніп тапсырылған басқаның мүлкін мемлекеттік орган лауазымды қызметкерлерімен талан-таражға салу болғандығын айтады. Облыстық қаржы полициясы осындай фактілердің 74-ін анықтады.

«Әл-Фараби аудандық сот үкімімен Шымкеттегі №35-ші мектептің бұрынғы директоры Ольга Близнюк 5 жылға бас бостандығынан айрылды. Ол қызмет бабын пайдаланып аталған мектеп қызметкерлерінің жалақыларына деп есептелген 4 млн теңгені пайдаланып кетті. Ал ол қызметкерлер іс жүзінде болмаған», - дейді Ж. Мамутова.

Шардара ауданының «Шардара» мектебінің бұрынғы директоры Гүлжәмилә Шәмшидинова мүлкі тәркіленіп, 7 жылға сотталды. Ол аталған мектептің 16  мұғалімінің табельдеріне жұмыс уақытын ескеру мәліметтерін жалған көрсету арқылы 1,7 млн теңгені иеленіп, талан-таражға салған. 

Департамент 2009 жылы барлығы 233 сыбайлас жемқорлық қылмысты анықтап, сотқа 213 істі жіберген. Облыс сотының үкімімен сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстарды жасағаны үшін мемлекеттік функция қызметін атқаруға уәкілдендірген 97 тұлға сотталды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377