Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2986 0 пікір 9 Наурыз, 2010 сағат 06:15

Сапура ЖҮСIПОВА: ЫҚПАЛ ЕТУШI ЫҚТА ЖҮРМЕЙДI

Сапура ЖҮСIПОВА күнi кеше ғана мемлекетiк қызметте болған, тәуелсiз Қазақстанды қалыптастыруға қатысқан билiктегi аз ғана қыздардың бiрi едi. Кезiнде қазақтың арда азаматы, марқұм Заманбек аға Нұрқадiлов Алматы қаласы мен Алматы облысының әкiмi болған кезiнде, қалалық әкiмдiктiң аппарат жетекшiсi, Алматы облыстық Мемлекеттiк қызмет жөнiндегi агенттiктiктiң төрағасы болды.

Бүгiнде Сапура ханым - тәуелсiз саясаттың өкiлi, Республикалық «Шаңырақ» қоғамдық бiрлестiгi төрағасының орынбасары. Жоғарғы мемлекеттiк қызмет пен билiктегi айтарлықтай лауазымын тәрк етiп, демократия­лық оппозиция алаңына келген тағы да аз ғана әйелдердiң бiреуi.  Ермұрат Бапи ұйымдастырған «Дат» жобасы бойынша шығып жатқан «Общественная позиция» газеті «қаңғырып қалған» қазақтарға араша iздеген қоғамдық ұйымның белсендiсi Сапура ханыммен төмендегідей сұхбат жасапты. Назар аударыңыз:

 

- Сапура ханым, иманшылығыңызды айтыңызшы, сiз ауызға аларлық лауазымды қызметте­рiңiздi тастап, билiктен неге кет­тiңiз?

- Ол - ұзақ әңгiме... Қысқаша айтсам, кезiнде маған үлкен ағалық қамқорлығын жасаған Заманбек ағаның бiр жағына шығысайын деген ойым болды. Ол кiсiнiң соңғы жылдарғы тағдыры аянышты болды ғой...

- Оны аянышты еткен, бiрiншi кезекте, тағы да өзiмiздiң қа­зақ­тар емес пе едi...

Сапура ЖҮСIПОВА күнi кеше ғана мемлекетiк қызметте болған, тәуелсiз Қазақстанды қалыптастыруға қатысқан билiктегi аз ғана қыздардың бiрi едi. Кезiнде қазақтың арда азаматы, марқұм Заманбек аға Нұрқадiлов Алматы қаласы мен Алматы облысының әкiмi болған кезiнде, қалалық әкiмдiктiң аппарат жетекшiсi, Алматы облыстық Мемлекеттiк қызмет жөнiндегi агенттiктiктiң төрағасы болды.

Бүгiнде Сапура ханым - тәуелсiз саясаттың өкiлi, Республикалық «Шаңырақ» қоғамдық бiрлестiгi төрағасының орынбасары. Жоғарғы мемлекеттiк қызмет пен билiктегi айтарлықтай лауазымын тәрк етiп, демократия­лық оппозиция алаңына келген тағы да аз ғана әйелдердiң бiреуi.  Ермұрат Бапи ұйымдастырған «Дат» жобасы бойынша шығып жатқан «Общественная позиция» газеті «қаңғырып қалған» қазақтарға араша iздеген қоғамдық ұйымның белсендiсi Сапура ханыммен төмендегідей сұхбат жасапты. Назар аударыңыз:

 

- Сапура ханым, иманшылығыңызды айтыңызшы, сiз ауызға аларлық лауазымды қызметте­рiңiздi тастап, билiктен неге кет­тiңiз?

- Ол - ұзақ әңгiме... Қысқаша айтсам, кезiнде маған үлкен ағалық қамқорлығын жасаған Заманбек ағаның бiр жағына шығысайын деген ойым болды. Ол кiсiнiң соңғы жылдарғы тағдыры аянышты болды ғой...

- Оны аянышты еткен, бiрiншi кезекте, тағы да өзiмiздiң қа­зақ­тар емес пе едi...

- Дұрыс айтасыз. Кезiнде «Зәке‑Зәкелеп» қасынан шықпайтын жiгiттердiң бiразы Заманбек ағаны сатып кеттi; бiразы басына күн туған сәтте қорған болуға жарамады; бiр­азы «Заманбек алжасты» деп күлкiге айналдырды. Сөйткен Зәкең - басынан сөз асырмайтын Заманбек аға еркiн елдiң ер жiгiтi қандай болуы керектiгiн көрсетiп кеттi. Бiрақ мен Заманбек ағаның оппозициялық қызметiне көмекшi болуға үлгер­медiм... Ол кiсiнi де үлгертпедi...

- Уақытты ары‑берi айналдыра айтып көрiңiзшi: Заманбек аға тiрi болса, қоғам қайда, ел қайда болар едi?

- Айта алмаймын... Зәкеңнiң мiнезiн де, оның қайтпас қайсарлығын да бiлемiн ғой... оны бәрiбiр тiрi қоймас едi. Өмiрi осындай тағдырға таңылғанын өзi де бiлдi, бiле тұра, бiрбеткейлiгiнен қайтпады. Ешкiмнен сауға сұрамады. Бұл - үлкен ерлiк. Кейде маған бiзде ерлiк жасайтын Зәкеңдей жiгiттер қалмаған сияқты көрiнедi...

- Ал «Шаңыраққа» қалай тап болдыңыз?

- Соңғы президенттiк және парла­менттiк сайлаулар кезiнде Алматының төңiрегiне алыс ауылдардан жұмыс iз­деп келген қазақтардың баспана мә­се­лесi ушығып кеткенi есiңiзде шығар. Кең даласынан тұрақ таппаған қандастарымыз қа­ла маңынан алақандай жер ала алмай, «заңсыз» тұрғызылған лашықтары қиратылып, тағдырдың тепкiсiн тәуiр көрдi. Ол жағдайды сайлау науқанында жүрген бiз де көрдiк. Алматының iрге­сiн­дегi Шаңырақ ауылында болған 2006 жыл­ғы көте­рiлiс қазақ халқының тарихында қалған қара таңба болды. Қазақстанның әр түк­пiрiнде баспана тауқыметiн тар­тып отырған дәл осындай ауылдар қаншама! Әдi­лет iздеп, ауылдан қалаға сабылған қа­зақтардың құқына оппозициялық партия­лардан басқа қамқоршы болмады. Сол қиянатқа жаны ауырған Асылбек Қожахметов бiр күнi: «Сапура, қазағы­мызды қорғайтын қоғам құрайық, көмек бере аласың ба?» - дедi. Мен бiрден келiс­тiм.

- Бiрақ «Шаңырақ» заңды ұйым ретiнде бiрден тiркел­мегенi де есiмiзде...

- Иә, дұрыс айтасыз. «Шаңырақ» қоғамдық бiрлестiгi заңды тiркеуден өте алмай, кедергiге тап болғаны жөнiнде сiздердiң де бiр ашылып, бiр жабылған газеттерiңiз аз жазған жоқ. Сол себептi де саяси партия өкiлдерi, қоғамдық қозғалыстар мен жанашыр азаматтардың бастамасымен «Шаңырақ» бiрлестiгi құрылып, әр облыста өзiнiң филиалдарын ашты. Оның өзi екi жылға созылған нау­қан болды. Қазаққа қорған болам деген ұйымды билiкте отырған қазақтардың өздерi тiркеуден өткiзбегенi «нонсенс» емей, не дейсiз!

Қазiр «Шаңырақ» қоғамдық бiрлестiгi iшкi көшi‑қон мәселесiмен тiкелей айналысып, қалаға келiп, тұрақ таба алмай жүрген азаматтарға заңдық кеңестерiн берiп, олардың талаптарының шешiлуiн құзырлы мекемелерге жеткiзетiн аралық ұйым ретiнде қалыптасты. Қазiр бiздiң ұйымның қызметiмен мемле­кет­тiк мекемелер де санаса бастаған сияқты.

- Дегенмен көшi‑қон мемле­кеттiк орындардың жа­уап­кер­шiлiгiндегi мәселе ғой. Кө­шiп‑қонып жүрген - халық. Ал ха­лықтың әлеуметтiк әуресi­мен мемлекет айналысуы керек емес пе?

- Ол, негiзiнен, солай болуы керек... Бiрақ бiзде iшкi көшi‑қон мемлекеттiк көрсеткiштерге, әлеу­мет­тiк тұрмыстың тұрақтылығына керi әсерiн тигiзетiн мәселе саналады. Сондықтан соңғы жылдар­ға дейiн бiздiң үкiмет көшi‑қон проблемасы бар екенiн, оны шешу қажет­тiгiн мойындамай келдi. Солай бола тұрса да, тұрғындардың қалаға көшуi, негiзiнен, елдегi әлеуметтiк-экономикалық жағдаймен байланысты екендiгi белгiлi.

Бiрақ ауылдан қалаға келiп, қаңғып жүрген халықтың тұрмысы мен құқын қамтамасыз ету қажет емес пе? Егер олардың әлеуметтiк тұрмыс жағдайы жақсы болса, өскен-өнген ортасын тастап, қалаға несiне үдере көшедi? Мiне, солай бола тұрса да, билiк тарапынан iшкi көшi‑қон мәселесiн реттеудiң шарасы да жасалмаған.

- Ал оқырманның: «Шаңырақ» не жасады?» - деп сұрауы мүмкiн ғой.

- Жасалған шаруа аз емес. Бәрiн тiзiп шығуға газеттiң бетi көтермей­тiн шығар. Мәселен, өткен жылы Алматы мен Астана қаласына көшiп келген азаматтардың ара­сында республикалық әлеуметтiк зерт­теу‑сараптама жасадық. Әлеуметтiк зерт­теу қорытындысы тұрғындарды қоны­сын өзгертуге мәжбүрлейтiн басты себеп­тердi анықтап бердi. Олардың жиынтық үлесi мынадай қатынаста екенi анықталды: жұ­мыс­қа тұруға келгендер 69,1 пайызды, бiлiм алуға келгендер 60,1 пайызды, мамандық алуға келгендер 41 пайызды құрайды екен.

- Бұл пайыздардың пайдасы қандай? Бұны өкiметтiк органдар бiлмей ме?

- Мiне, қызық - бiлмейдi екен! Ал па­йыздардың пайдасы сол - оның көмегiмен көшi‑қон мәселесiн реттеуге мүмкiндiк беретiн мемле­кеттiк шешiмдер шығаруға болады. Осы зерттеу дәйектерi бойынша, рес­­публикалық iшкi көшi‑қон мәсе­лесiне қатысты мемлекеттiк бағдарламаның жобасын жасадық. Был­тыр­ғы қараша айында мемле­кет­тiк лауазым иелерi және депуттаттардың қатысуымен Астанада дөңгелек үстел өткiзiп, жобаның тұсауы кесiл­дi.

Ал жобаның негiзгi мақсаты - әлеу­меттiк мәселелердi шешуде iшкi мигрант­тарға көмек көрсету. Қазiр жоба тұжырымдамасын үкi­меттiң «Көшi-қон туралы» Заңына толықтырулар мен өзгертулер енгiзуге ұсыныс жасау үшiн, Еңбек және әлеуметтiк қорғау министр­лi­гiне тапсырдық. «Шаңырақ» бiр­лес­тiгiнiң төрағасы Асылбек Қожахметов министр Гүлшара Әбдiха­лықовамен кездесiп, iшкi көшi‑қон мәселесiн тал­қылады. Министр тұ­жырымдамамен танысып, бұл құжатта мемлекеттiк көшi-қон саясатына құнды талдау жасалғанын атап өттi. Үкiметтiң жаңа заң жобасына бiздiң ұсынысымызды енгiзу мүм­кiндiктерi қарастырылатынын айтты. Бұны елiмiздегi iшкi көшi-қонды рет­теудегi алғашқы қадам деуге болады.

- Дегенмен «Шаңырақ» би­лiк­тiң ығында кеттi деген ел iшiн­де­гi пiкiрге қандай уәж айтасыз?

- Ондай пiкiрдiң сан алуанын естiп жүрмiз. Егер қоғамдық бiрлестiктердiң, ұйымдардың қолында күшi, мүмкiндiгi болса, қара халық баспана iздеп тентi­ремес едi. Қалаған жерiнен пәтер әперiп, жұмыспен қамтып, мамыражай қоғам орнатар едi. Бiздiң мақсатымыз - тұрғындардың әлеуметтiк жағдайын шешу үшiн, билiк орындарына ықпал ету. Ал ықпал ету үшiн, билiктiң ығында жүру мүмкiн емес.

Еуродақ қалтасынан қаржы бөлiп, елiмiздiң iшкi әлеуметтiк мәселесiн шешуге көмек қолын созды. Қазақстан болса, дамыған елу елдiң қатарына кiремiз деп мақтанып жатыр. Ал тұрғылықты халықтың заңды қақысы бар мәселесiн шешуге құлық танытпай отырған билiктiң бетiн берi бұру оңай шаруа емес. Азаматтардың заңды құқығын талап етiп, арыз‑өтiнiштерiн құзырлы орындарға жеткiзiп жүрген қызметiмiз үшiн кiнәлi деп тапса, өздерi бiлсiн.

- Иә, Сапура ханым, «Қа­заққа Ассалаумағалейкум! десең, үш сом сұрайды», - демекшi, қаң­қу сөз қуу қанымызға сiңген «қасиет» қой... Оған алаң болмай, сол сөзқуарларға қылған қыз­меттерiңiз өрлей берсiн! Сұхбатыңызға рақмет!

 

Бақытгүл КӨПБАЙҚЫЗЫ,

«D»

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 09 (46) от 3 марта  2010 г.

 

Суреттерде: Алматыдағы "Шаңырақ" оқиғасы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379