Қашқын күйеу саудаласып жатыр
Қашқын күйеубала Рахат Әлиев-Шораз Қазақстанның Сыртқы iстер министрi Қанат Саудабаевпен Венада кездескенiн мойындады ақыры. Австриялық «Пресс» басылымына берген сұхбатында ол былай дептi: «СIМ басшысымен кездесуiмiздi жария етпеу туралы келiсiм болған арамызда. Бiздiң әңгiмемiз бұдан әрiде қандай позиция ұстанатынымыз турасында өрбiдi. Соңғы екi жарым жылда маған түрлi кiнә артты, тiптi сыртымнан соттады. Осының бәрi - менiң көп бiлетiндiгiмнен. Қазақстандық жоғарғы шендi шенеунiктер туралы және Назарбаев туралы тым көп бiлгенiм үшiн соттады. Саудабаевпен кездескенде ол маған мынаны айтты: егер мен Қазақстанның саяси жүйесiн және президент Назарбаевтың өзiн сынауды доғармасам, олар маған ойдан шығарылған нәрселердi жамай бермек».
Әзiрге Қ.Саудабаев үнсiз. Әрине, қожайынының рұқсатынсыз бұл туралы тiс жармайды. «Рахат Әлиевпен кездескенiңiз рас па?», деген сұраққа жауап бермей, тайқып кеткенi де сондықтан. «Оны Рахат Әлиевтiң өзiнен сұраңдар», деген ол. Саудабаевтың «айтпа» дегенiн Әлиев айтып қойды. Осылайша, Саудабаевтың артын ашып бердi. Ендi қайтер екен ол? Баяғы Божко сияқты «это бред сивой кобылы» деп құтыла ма?

Рахат Әлиевтiң бiршама уақыттан берi нелiктен үнсiз қалғаны ендi белгiлi болды. Өткенде ол: «Мен ең алдымен Әлиев тақырыбындағы алыпқашпа әңгiмелердiң дәл осы кезде ЕҚЫҰ-ға төрағалық етiп жатқан тұста елiмнiң беделiне қосымша көлеңке түсiргенiн қаламаймын», деп жақауратты. Ақордамен арада келiсiм болғанын көзiқарақты оқырман түсiнген сонда. Оның арадағы сауданы шетпұшпақтап айтуының өзi сауда.
Р.Әлиевтiң сабындай бұзылуының себебiн газетiмiздiң өткен нөмiрлерiнiң бiрiнде («Хамелеон», 23 ақпан, №15) iздеп көргенбiз. Жүрген жерiне шөп шықпайтын «өкiл күйеубала» Австрияға да ұнамай қалған сыңайлы. Себеп жеткiлiктi. Бұрынырақта Гүлшат Әлиеваның (Рахаттың әпкесi - ред.) Бейруттағы үйiнде Рахат Әлиевтiң ашынасы А.Новикова жұмбақ жағдайда қаза тапты. Оның мәйiтiн Әлиевтiң сыбайластары Қазақстанға дипломатиялық жүк ретiнде тiркеп әкеп, Оңтүстiк Қазақстан облысына көмiп тастаған. Осы iстi Ливан полициясы қайта қозғап, құжаттарды Австрия прокуратурасына өткiзген. Бұл аз болғандай, Р.Әлиев жездесi Исаама Хорани екеуi халықаралық терроршылармен байланысамыз деп жүрiп, бiрнеше мәрте көзге түскен. Адам өлтiрген қылмыскердi, терроршылардың сыбайласын, қала бердi мемлекетке опасыздық жасаған адамды Австрия қайтпек? Мұндай «бас ауруды» өздерi тiлеп алып қайтедi? «Аш пәледен қаш пәле, өздерiң тергеп-тексерiп алыңдар» демей ме? Мұндай жағдайда өркениеттi елдердiң кез келгенi сөйтер едi.
Рахат Әлиев өзiне тықыр таянғанын сезiп жүрген болуы керек, қайын атасы жiберген делдалмен кездесiп, «елдiң абыройы» туралы айта бастады. Рахат Әлиев пен Қанат Саудабаевтың кездескенi анық. Сонда бұлар не туралы сөйлесуi мүмкiн? Р.Әлиевтiң әлгiнде айтқаны бергi жағы ғана. Бар көзiрiн ашып тастайтындай Әлиев шылғи ақымақ емес.
Сенiмдi ақпарат көздерiнен естуiмiзше, жуық арада Австрия билiгi Рахат Әлиевтi Қазақстанға бередi. Бергенде де, «етi сенiкi, сүйегi менiкi» деп емес, басыбүтiн бередi. Рахат Әлиев-тiң австриялық басылымға берген сұхбатында: «Әңгiмемiз бұдан әрiде қандай позиция ұс-танатынымыз турасында өрбiдi», деп ашық айтты. «Позиция» деп отырғаны «бұдан әрiде сендер қалай әрекет етсеңдер, мен солай әрекет етемiн» дегенi. Әрине, Әлиевтi бұрынғы қайын атасы әуежайдан күтiп ала қоймас (олай болуы да мүмкiн екенiн жоққа шығармаймыз), бiрақ оған қайын атасы Алматының iргесiндегi Заречный ауылында орналасқан ЛА-155/8 түрмесiнен орын дайындатып қойыпты деген әңгiме бар.
Рахат Әлиев елге келсе, жай келмейдi. Тағы бiр жойқын соғысты бастай келедi. Ол ҰҚК-нi басқарып тұрған кезiнде жиып-терген «компроматтарын» қолтықтап келмейтiнi белгiлi. Оны сенiмдi бiр адамға қалдырып кетедi. Ол кiм болуы мүмкiн? Әпке-жездесi ме? Өздерiнiң артына қоңырау iлiнген оларға сенiм жоқ. Ендi кiм? Әрине, Мұхтар Әблязов. Бiр кездерi ит пен мысықтай болған бұл екеудi ортақ жау жақындастырған. Құбылмалы заманда ондай-ондай болып тұрады. Бүгiн жаусың, ертең доссың, ал арғы күнi... Бұл екеуiнiкi «менiң жа-уымның жауы менiң досым» деген принцип. Басқа түк емес. Мұндай әрекет екеуiне де пайдалы.
Компроматтар сенiмдi қолда болған соң Рахат та батыл әрекет етпей ме. Дегенiн iстетедi, айтқанын орындатады. Жалпақ жұртқа көз етiп, «мiне, қылмыскердi ұстадық» деп оны Заречный түрмесiндегi арнайы жабдықталған камераға қамаған соң одан әрi не болып жатқанын бiле алмайсыз. Өтембаев пен Ибрагимовтiң тағдыры секiлдi. Канар аралдарында күнге қыздырынып жүр ме, әлде сүйегi камера бұрышында шiрiп жатыр ма, ол жағы белгiсiз.
Рас, Әлиевтiң жайы Өтембаевтан өзгешелеу. Бiрiншiден, Әлиевтiң қолында өте көп мәлiмет бар. Өзi айтпақшы, «жоғары шендi шенеунiктерге қатысты да, президентке қатысты да». Екiншiден, оған Дариға Назарбаева араша түсуi мүмкiн. Бұрынғы күйеуiнiң өмiрiн сақтап қа-лудың ретiн амалдап табады ғой, әйтеуiр. Үшiншiден, Әлиевтiң қолында «қарсыласын» қопарып тастауға жеткiлiктi компромат-бомба бар. Қайын атасымен қасқайып тұрып саудаласуға жетедi.
Егер Рахат Әлиевтi Заречный түрмесiне әкеп қамаса, онда «ғасыр қылмыстарының» ашылуы тағы бiршама уақытқа кешеуiлдейдi. Тарихтың тегершiгiне тас кептеледi. Қай заманда, қай елде болса да, аса ауыр қылмыстардың ашылуына бiр ерекше жағдай себеп болған. Бiздiң жағдайымызда «ерекше себеп» - Рахат Әлиев. Егер күйеубала мен қайын ата қайта татуласса, процесс кешеуiлдемей қайтедi? Бәлкiм бiр жылға, бәлкiм бiрнеше жылға...
Заречный түрмесiнде қызмет еткен бiр танысым бұл түрмеде «құрметтi қонақтарға» арналған арнайы камера бар екенiн айтқан бiр кездерi. Олар «люкс-камерада» жатады, не iшемiн, не жеймiн демейдi. Түрме ғимаратында иығына жiбек шапан жамылып жүредi. Iшi пысқанда қыдырады. Қалаған уақытында камерасына қайта келедi. Тек көзге түсiп қалмаса болғаны.
Рахат Әлиевтi әкелсе, Заречныйда осындай «құрметтi қонақтардың» қатары тағы бiреуге көбеюi мүмкiн. Бұдан кiм ұтады, кiм ұтылады? Кiм ұтатыны белгiлi. Ұтатындар - ат төбелiндей ғана топ. Ал ұтылатын - халық! Әдiлет iздеген Қазақ халқы!
Е.Биеке.
www.zhasalash.kz
Түпнұсқада мақала "Рахат Әлиевтi елге әкелмек ...Заречныйдағы түрмеге" деп берілген.