Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2598 0 пікір 15 Наурыз, 2010 сағат 20:13

Таққа таласқан екеу...

Павлодар қаласының «Оптимист» мүгедектер қоғамында тағы дау шықты. Бұл жолы жарым жандар арбаға емес, таққа таласып ішінен іріп жатыр. Кәсіптен нәсіп тауып, өз қотырын өзі қасып келген мүгедектер қоғамы қазір қақ жарылған. Біреуі, экс-төраға Ершованы қолдаса, қалғаны қоғамның қазанын қайнатып отырған Юрченконы жақтап отыр. Жарым жандарды «сізбен-бізге» бөлген даудың туындауына бұрынғы төрайымның банктен алған ақшасы түрткі болғанға ұқсайды. Ол, қоғам атынан 2млн.100-мың теңгені ешкімге айтпастан несиеге алып, осы ақшаға пәтер сатып алады. Бұған шыдамаған  «Оптимисттіктер» басшыларын қызметінен босатып, оны сотқа берген. Жарты жыл бойы қоғамның тірлігін тірнектеп тексерген, қаржы полицейлері Ершова ханымның заңды бұзбағанын анықтайды. Сотта оны ақтап шықты. Қоғамның қомақты қаржысын қалтасына басты деп, былтыр күзде қызметінен босатылған Ершова ханым, енді сот шешімімен өз орнына қайта жайғасатын болды. Алайда, аты-шулы басшыны ешкім құшақ жая қарсы алған жоқ. Қарауылмен келген Наталя Ершова өз кабинетін шабуылдауына тура келді. Өйткені, жарым жандар кабинетті бекітіп тастаған. «Болгарканың» көмегімен кеңсе төріне жайғасқан су жаңа басшы, мөрмен қоғам құжаттарының жоғалып кеткенін білді. Не болса да, билік бишігін қайта қолына алған Ершова қоғамды тәртіп орнатамын-деп, құлшынып отыр.

Павлодар қаласының «Оптимист» мүгедектер қоғамында тағы дау шықты. Бұл жолы жарым жандар арбаға емес, таққа таласып ішінен іріп жатыр. Кәсіптен нәсіп тауып, өз қотырын өзі қасып келген мүгедектер қоғамы қазір қақ жарылған. Біреуі, экс-төраға Ершованы қолдаса, қалғаны қоғамның қазанын қайнатып отырған Юрченконы жақтап отыр. Жарым жандарды «сізбен-бізге» бөлген даудың туындауына бұрынғы төрайымның банктен алған ақшасы түрткі болғанға ұқсайды. Ол, қоғам атынан 2млн.100-мың теңгені ешкімге айтпастан несиеге алып, осы ақшаға пәтер сатып алады. Бұған шыдамаған  «Оптимисттіктер» басшыларын қызметінен босатып, оны сотқа берген. Жарты жыл бойы қоғамның тірлігін тірнектеп тексерген, қаржы полицейлері Ершова ханымның заңды бұзбағанын анықтайды. Сотта оны ақтап шықты. Қоғамның қомақты қаржысын қалтасына басты деп, былтыр күзде қызметінен босатылған Ершова ханым, енді сот шешімімен өз орнына қайта жайғасатын болды. Алайда, аты-шулы басшыны ешкім құшақ жая қарсы алған жоқ. Қарауылмен келген Наталя Ершова өз кабинетін шабуылдауына тура келді. Өйткені, жарым жандар кабинетті бекітіп тастаған. «Болгарканың» көмегімен кеңсе төріне жайғасқан су жаңа басшы, мөрмен қоғам құжаттарының жоғалып кеткенін білді. Не болса да, билік бишігін қайта қолына алған Ершова қоғамды тәртіп орнатамын-деп, құлшынып отыр. Өз кінәсін жуып шаюға тырысқан ол, «банктен алған несиесін өз қалтасынан жабатынын» жалпақ жұртқа жайып салды. Жарты жыл бойы жаға жыртысқан зағип жандар, бұдан кейінде ымыраға келе қоюы екі талай секілді. Көп жыл бойы қоғам қатарында жұмыс істеп келе жатқан Галина Юнеманның пікірінше, «билікке таласқан екі бастық бір-бірін қаржылық қитұрқы әрекеттерге барды деп айыптап, күйе жағудан басқаға бара алмайды». Ал, бұл орайда мүгедектер мүддесі ескерусіз қалғанын алға тартып отыр. Ұйымды пайда табу көзіне айналдырған екі басшы, сүттен ақ, судан таза екенін айтып, зағип жандарды сабырға шақырып әлек. Бірақ, құрғақ сөзден жалыққан мүгедектер енді қоғам ішіндегі жарғыны өзгертіп, жаңа басшы сайламақ ойда. Айта кетсек, жыл сайын миллиондаған теңгені айналдырып, мемлекеттік тапсырысқа ие болып отырған «Оптимист» қоғамы қаладағы жолаушылар көліктеріне қызмет көрсетумен де айналысады. Мүгедектер мүддесін ұмытып, құлқынның құлына айналған екі басшының айтыс тартысы мұнымен аяқталмайтынға ұқсайды. Өйткені, соттың соңғы шешімін әділетсіз деп отырған екінші жақ Ершованы тағы да сотқа бермек. Сонымен кімнің ұтып, кімнің тұтылғаны әзірге белгісіз. Анығы, ішінен іріп жатқан қоғам мүшелері соттасуды одан ары жалғастыра бермек.

P.S Атам қазақ «екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды» деуші еді... Тегі рас-ау.

Ғабит Ботақара.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5413