Қазақ жерiн «САТАНАДАН» кiм құтқарады?
Қазақстан мен Орта Азия экологиясының басты жауы болып отырған «Байқоңыр» космодромының құрылысы 1955 жылы басталып, қазiр 6717 шаршы шақырым аймақты алып жатыр. 1957 жылы тамызда алғашқы ракета ұшырылған. Содан бергi 50 жылда әртүрлi мақсаттағы 1100 космос аппараты және 100-ден астам континентаралық баллистикалық ракета ұшырылып, сыналыпты. Сонымен қатар 38 түрлi соғысқа қажеттi, жаппай қырып жоятын ракеталар мен космос кемелерiнiң 80-нен астам модификациясы да сыналған.
Космодромдардан ұшқан ракеталардың бiрiншi бөлiктерi Қарағанды облысындағы № 25-зонаға түссе, екiншi бөлiктерi сол облыстағы № 4-зонаға, үшiншi бөлiктерi де Қазақстанда орналасқан № 310-зонаға (Шығыс Қазақстан) тұрақты түрде құлап, күз, қыс, көктемде дауылдар мен үсiк, аяздарды, жазда қатты ыстықтардан басқа орман, дала өрттерiн де көбейтуде.
Радиоактивтi улы ракета сынықтары далаларымызда шашылып жатыр. Ракеталарда қолданылатын отындардағы улы, зиянды қоспалар, сауылдап түсiп жатқан ракета сынықтары да экологиялық зардаптар әкелуде.
Қазақстан мен Орта Азия экологиясының басты жауы болып отырған «Байқоңыр» космодромының құрылысы 1955 жылы басталып, қазiр 6717 шаршы шақырым аймақты алып жатыр. 1957 жылы тамызда алғашқы ракета ұшырылған. Содан бергi 50 жылда әртүрлi мақсаттағы 1100 космос аппараты және 100-ден астам континентаралық баллистикалық ракета ұшырылып, сыналыпты. Сонымен қатар 38 түрлi соғысқа қажеттi, жаппай қырып жоятын ракеталар мен космос кемелерiнiң 80-нен астам модификациясы да сыналған.
Космодромдардан ұшқан ракеталардың бiрiншi бөлiктерi Қарағанды облысындағы № 25-зонаға түссе, екiншi бөлiктерi сол облыстағы № 4-зонаға, үшiншi бөлiктерi де Қазақстанда орналасқан № 310-зонаға (Шығыс Қазақстан) тұрақты түрде құлап, күз, қыс, көктемде дауылдар мен үсiк, аяздарды, жазда қатты ыстықтардан басқа орман, дала өрттерiн де көбейтуде.
Радиоактивтi улы ракета сынықтары далаларымызда шашылып жатыр. Ракеталарда қолданылатын отындардағы улы, зиянды қоспалар, сауылдап түсiп жатқан ракета сынықтары да экологиялық зардаптар әкелуде.
Ресей космос әскерлерiнiң негiзгi стратегиялық базасы боп саналатын «Байқоңыр» мына алмағайып заманда бiздiң мемлекетiмiздiң қауiпсiздiгiне, елiмiздiң тәуелсiздiгiне де үлкен қатер төндiрiп отыр. Себебi, космодромнан жиi-жиi Камчаткадағы «Кура» сияқты полигондарға сынақ үшiн жiберiлiп тұратын, СС-18, НАТО-ның классификациясы бойынша «Стилет» деп аталатын СС-19, СС-20 ракеталары бар, оның үстiне космостағы ұшып жүрген ядролық «Космос» сериялы әскери спутниктердi басқарып отырған «Байқоңырдың», бiз қанша жерден атом қаруы жоқ аймақпыз десек те, ядролық қаруы бар елдердiң өзара соғыс жанжалы туа қалған жағдайда, бiрiншi нысана көзi болары даусыз!!!
Қазiр ғарышқа ұшатын ракета қозғалтқыштарында гептилден бастап, небiр улы құрамды заттармен қатар, криогендi отындар да қолданылады. Яғни ауа бөлгiш қондырғыларда оттегi мен сутегi 184 градуста сұйылтылып, ерекше технологиялық әрекетпен қатайтылып, ауасыз кеңiстiкте ракета отындарын жағуға қажеттi, бiздiң өзiмiзге, өмiрiмiзге қажеттi оттегi газдары тонналанып, ауа кеңiстiгiмiз тоналып, космосқа қайтарымсыз кетiп жатады. Табиғат-ананың әр аймаққа өлшеп берген ауасы, суы, желдерi болады. Әрi осы космодромның теңiз бен мұхит жағалауында емес, тақыр құрлықта орналасуы жерiмiзде күн өткен сайын оттегiнiң ауадағы қалыпты мөлшерден азайып кетуiне әкелуде. Тiптен сәуiр мен қазан айлары арасында бұл жерден оттегi алу мүмкiн болмай қалған. Оттегiнiң ауа құрамындағы аз ғана ауытқушылығы тек қана тыныс алуға емес, адам ағзасындағы зат алмасу процестерiне де керi әсерiн тигiзiп, қаназдық, қанның қызыл түйiршiктерiнiң азаюы, қатерлi iсiк, терi аурулары мен көптеген медицинаның шамасы келмейтiн ауруларды да көбейтуде, ал оған неше түрлi мутацияға ұшыраған жан-жануарлар әлемi мен өсiмдiктер дүниесiн қосыңыз...
Осыншама қолдан жаса-лып жатқан зардапты апаттардың негiзгi себептерi Ресейдiң iстен шығарылған «Satan» SS-18, 19, 20 ракеталары болып тұр. Орысша МБР РС-20А деп белгiленетiн ракеталардың ядролық тастұмсықтары алынып тасталып, жер серiктерi ғарышқа ұшыруға бейiмделген. Бұл ракеталар Кеңес Одағының басшысы М.Горбачев пен АҚШ президентi Р.Рейганмен арадағы келiссөз негiзiнде қоршаған ортаға аса қатерлi қару ретiнде жойылуға тиiс болатын. Оны сырт көзден және халықаралық қауымдастықтан жасыру үшiн, ауыр «Протон» ракеталары деп, жаңа ат берген. Және де бұл ракеталарды орбитаға шығарған кездегi болып қалатын кездейсоқтықтан сақтану мақсатында 20 тонналық қосымша ракеталық отын бактары қойылған. Бұл ракеталарда қоршаған ортаға аса қауiптi гептил отыны қолданылады. Оның ауадағы рұқсат етiлген шектi таралу мөлшерi 1 мг/куб-шақырым. Яғни өте улы, зиянды бұл гептил, химия тiлiмен айтқанда, симметриясыз диметилгидразинмен (С2Н8N2) бiрге ауасыз кеңiстiкте отынның жануын қамтамасыз ететiн оттегi газы. Оттегi газы айналамызды қоршаған атмосферадағы ауа құрамының 20,95%-ын, азот 78%-ын, ал қалған 1% -ын барлық қалған аргон, сутегi, ксенон, криптон, неон, көмiр қышқыл газы сияқты басқа да газдар құрайды.
Бұл экологияға аса қауiптi ракета отындарының 50-60%-ы ғана жанып үлгерiп, қалғандары жерiмiзге төгiледi екен. Гептил сұйық отыны - аса улы, тiршiлiктiң нағыз қас жауы. Осы ракеталарда жануды күшейтетiн катализатор ретiнде күмiстiң ионы қолданылады. Бұл, өз кезегiнде, гептилмен бiрге төгiлiп, ракета ұшып өткен траектория бойында мыңдаған шаршы шақырым жерлерде ылғалды бұлттар мен жерден ұшқан буларды қоюлатып, қатты буландырады. Әсiресе күз, қыс, көктем айларында ақша бұлттар мен қатпар бұлттардың қалыңдығы 100-500 метр болса, «Протондар» ұшқаннан кейiн бұлттар буланып, қалыңдығы 7 шақырымға дейiн жетiп, ауада жер бетiне күн сәулесiн түсiрмей, күннен тарайтын энергия көзiн тұмшалап, одан ауа райы күрт суып, жаңбыр, артынан қалың (қыс кезiнде) қар жауып, соңы 40-50 градустық аязға айналады.
2001 жылы желтоқсан айында Ресей Байқоңырдан кетпек ниетпен ылғалы көп Архангельск облысында орналасқан Плисецк космодромынан осы «Протонның» бiреуiн ұшырғанда, Ресейдiң еуропалық бөлiгiнде қалыңдығы бiрнеше метрге жеткен қар жауып, Мәскеудiң өзiнде 40 градустай аяз болып, мыңдаған қаңғыбас «бомж» қырылып, одан кейiн бұл ракеталарды Ресей космодромдарынан ұшыруға тыйым салынды. Батыс елдерiнiң өлердей қорқып, «Сатана» деп атаған ракеталары ылғалы көп жерлерден ұшырылғанда, сұмдық аязды апаттар әкелетiнi - әскерилерге бұрыннан белгiлi жағдайлар.
Тәжiкстан мен Өзбекстанның оңтүстiгiнде өсiрiлетiн биязыталшықты мақта плантацияларын жазғытұрымда бұршақтан қорғап, оны жауынға айналдыру үшiн бұлттарды күмiстi-иодты снарядтармен атқылау тәжiрибесi қолданылады. Ал Грузияның ылғалды таулы қыраттарындағы шай плантацияларын суғару үшiн, жаз айларында метеоракета ұшырылып, одан күмiс иондары бүркiлiп, жауын жаудырылады.
1997 жылы Жапон елi Қысқы Олимпиада өткiзерде күмiс иондарын ұшақтармен бүркiп, қар жаумайтын жерде орасан қалың қар жауып, айналасын ылғалды теңiз қоршаған елде апатты жағдай қалыптасып, пайда болған қалың бұлттарды ыдырату үшiн, жүздеген истребитель-ұшақтарды қолданып, зорға тоқтатқан.
Ал есептен шығарылған бұл ракеталардың бүгiнгi күндерi 150-ден астамы Байқоңырда сақталып отыр. Оның үстiне, оқу-жаттығу жиындарында Ресейдiң Байқоңырда орналасқан стратегиялық мақсаттағы космос әскерлерi негiзгi қолданыста тұрған жаңа ракеталарды үнемдеп, ескi, есептен шығарылған ракеталарды Камчаткада орналасқан Кура нысана-полигонына қалаған уақытында, Қазақстаннан сұрамай-ақ жiбере бередi. Егер бұл ұшырулар осылай жалғаса берсе, жоғарыдағы ракеталар 2018 жылы ғана таусылып, оған дейiн осылай табиғатымыздың ойран-топалаңын шығара бермек...
Бұрындары жер серiктерi Целиноград-Ақмола үстiнен ұшып өтiп, бұл аймақтарда сұмдық аяздар болып тұратын. Қазiр бұл қала Астанаға айналған соң, мемлекеттiк басшылық органдарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн, ғарышқа шығатын жер серiктерiнiң басқарылу траекториясы өзгертiлiп, қазiргi күндерi қыста бұрынғыдай қатты аяздар азайған. Оның есесiне траектория бағыты ОҚ облысының солтүстiк аудандары мен Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарына қарлы борандар әкелiп, оның әсерi республиканың барлық аймақтарына тарап, оңтүстiкте өзбек, қырғыз жерi түгiлi, сонау тәжiк жерiне дейiн жетуде. Биылғы қыстағы Шығыс Қазақстан мен Моңғолиядағы жалпы ғаламдағы сұмдық аяздар мен оңтүстiктегi теңiз бен мұхит жағасындағы елдерде орын алған су тасқыны апаттары да - осы «Протондардың» әкелiп жатқан қасiретi. Бұл жер серiктерiн алып ұшатын зымырандар тапсырыстағы белгiленген өз орбитасына шыққанша ғаламшарымызды ондаған рет айналатындығы көпшiлiкке белгiлi. Сондықтан Батыс елдерi бұл зымырандарды «Сатана» деп атаған.
Жоғарыда аталып өткен аяздардан кейiн Алматы, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан, Қызылорда жерлерiндегi көктемде гүлдеп тұрған жемiс ағаштары мен жидектердi үсiктер ұрып кетуде.
Осыдан келетiн шығындарды қарапайым арифметика тiлiмен есептеп көрейiк. Оңтүстiк облыстарды республика халқының жартысына жуығы мекендейдi. Ең аз мөлшердi алып, бұл өңiрлерде 1 миллион отбасы тұрады деп есептесек, оларды адам басына бөлмей, тағы да ең аз дегенде бiр жылда бiр отбасы 200 келi жемiс-жидек пайдаланған жағдайда 200 000 000 келi болады екен. Ал осы өнiмдердiң әр келiсiнде орта есеппен 150 теңгеден алып көрейiк, сонда 200 000 000 * 150 = 30 000 000 000 (отыз миллиард) теңгенiң жемiс-жидектерiн жоғалтқан болып шығамыз.
Бұған жыл сайын әр отбасының үйлерiн жылытуға кеткен отынын (газ, мазут, дизель отыны, көмiр, ағаш, электр энергиясын) қосыңыз. Балабақшалар, мектептер, денсаулық сақтау мекемелерi, қарттар үйлерi мен басқа да мемлекеттiк мекемелердiң пайдаланған энергокөздерiн қаржымен есептеп көрiңiз. Осы ұшырулардан пайда болған суықтардың әсерiнен туындайтын тұмау және басқа да ауруларды емдеуге кеткен дәрi-дәрмектерге кеткен халықтың шығынын кiм көтередi? Ал осы космостық ұшырулардан кейiн пайда болатын дауылдар мен қарлы борандардың зардаптарын жоюға, қар басқан үйлер мен авто және темiржолдарды аршуға кеткен шығындар қанша болады? Жабайы аңдардың (ақбөкен, киiк, арқар, таутеке, жайран т.б.) көктемде төлдеп жатқанда үсiп өлген шарана-жандықтарын кiм есептеп жатыр?
Байқоңырды үкiметiмiз 50 жылға Ресейге жалға бердi. Олардан алатын жылдық ақы бар болғаны 115 миллион АҚШ долларын құрайды. Жоғарыда атап өткен жалпы шығындардың бәрiн қосқанда, бұл ақының түкке де тұрмайтындығы белгiлi. Аумағы алты мың шаршы шақырымнан астам жердi алып жатқан Байқоңыр космодромынан қазақ елiне бүгiнгi күндерi зияннан басқа ешбiр пайда түсiп жатқан жоқ. Қасiреттi көп көрген көпұлтты халқымыз қашанғы басқа елдiң зертханасындағы тәжiрибе үшiн жаралған көжектердiң күйiн кеше бередi? Осы елдiң егесi бар ма, бар болса, неге оны, яғни Назарбаев мырзаны алдымен елдiң мүддесi ойландырмайды? Адам баласына күнделiктi нанынан басқа, таза ауа, таза су, экологиялық жағынан таза өнiмдер керек емес пе?
Америкадан бастап, космостық державалар космодромдарын теңiз жағасына, мұхит ортасындағы аралдар мен атоллдарға орналастырады, себеп - жоғарыда айтылған жалпы экологиялық зардаптарды мейлiнше азайту. Атлант мұхиты жағасында орналасқан Флорида штатындағы космодромнан ұшқан әрбiр космос кемесiне американдық «НАСА» сол штатқа 85 миллион доллар экологиялық өтемақы төлейдi.
Ресей құрлықтардағы космодромдардың табиғат пен тiршiлiктiң қас жауы екенiн ескерiп, өз жерiндегi космодромдарын Қиыр Шығыстағы «Свободный» елдi мекенiне, ал Архангельск облысындағы «Плисецкiнi» теңiз жағаларына орналастырған. Ал құрлықтағы «Байқоңыр» өз жерi болмағандықтан, әрi оны пайдалану арзанға түсетiндiктен, сонымен бiрге қазақтардың экологиялық танымы тайыздығын пайдаланып, Ресей ойына келгенiн iстеуде. «Росавиакосмос» агенттiгi 2010 жылға дейiн «Байқоңыр» жерiнен коммерциялық ұшырулардан 40 млрд. АҚШ долларынан астам пайда табуды жоспарлаған болатын.
Соншама зиян келтiрiп жатқан космодромды Ресей-ге 50 жылға жалға берудi созған өкiметiмiз қандай мақсатты негiзге алды деген заңды сұрақ туады осындайда. Бiздiң билiк басшыларымыз да, бизнесмендер де экологиясы нашар Қазақстанда емес, алыс шетелдерде демалыстарын өткiзетiнiн мерзiмдi БАҚ-нан естiп те, көрiп те жүрмiз. Ал экологиялық қиын зардаптарды сол аймақтарда кедейшiлiк жағдайында тұратын, күнделiктi рациондары нан мен шайдан тұратын, тойып тамақ iшпейтiн, қарапайым халық тартуда.
Бүгiнгi күндерi ескi, есептен шығарылған, қолдану мерзiмдерi әлдеқашан өтiп кеткен қоршаған ортаға аса қауiптi, салмағы 700 тоннадан астам «Сатана», «Протондарды», салмақтары 300 тонналық «Союзды», 459 тонналық «Зениттi», 207 тонналық «Днепрдi», 2360 тонналық «Энергия - Буранды» және басқа да аса ауыр әскери зымырандарды қазақ жерiнен ұшыруға тыйым салатын уақыт жеттi деп есептеймiз. Өткен жылы, яғни 2008 жылдың 6 қыркүйек күнi «Протон-М» ракетасы, құдай сақтап, Жезқазғаннан 40 шақырым жерге асып барып құлады. Соңғы 6 жылда бұл ракеталар 10 рет құласа, ендi әбден тозығы жетiп ескiрген бұлардың құлауы ендiгi жерде жиiлей бермек. Жоғарыдағы жайларды қорыта айтқанда, елiмiздiң, жерiмiздiң, мемлекетiмiздiң экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етiп сақтау үшiн, төмендегi iс-шараларды жүзеге асыру қажет:
Елiмiзде орналасқан «Байқоңыр» космодромынан және Сарышаған, Ембi, Мұғаджар және басқа да Ресейге жалға берiлген ракеталық-әскери полигондардан Ресейдiң «Протон», «Зенит», «Союз», «Днепр» типтес және гептил отынын қолданатын басқа да ауыр зымырандарын ұшыруға қатаң тыйым салу;
«Байқоңыр» космодромында кезекшiлiкте тұрған Ресейдiң барлық стратегиялық ядролық зымырандарының және жойылуға тиiстi «Сатана» зымырандарының барлығын, оның компоненттерiмен қосып, Қазақстаннан тыс жерге әкеттiру;
Қазақстанның кез келген жерiнде орналасқан «Байқоңырдан» ұшатын космос пен басқа да зымырандарда пайдалануға тиiстi оттегiнi ауадан бөлiп алатын қондырғылардың жұмыстарына тыйым салу. Оның орнына суды электролизбен ыдыратып, оттегi алу қондырғыларын iске қосуды ұсыну;
«Байқоңыр» космодромы әсер етер (Қазақстанның 70 пайыз жерiн қамтиды) аймағын «Экологиялық апатты аймақ!» - деп жариялап, бұл аймақтардың тұрғындары мен қоршаған ортаға тигiзген орасан зор зардаптары үшiн, Ресейден экологиялық өтемақы төлеудi халықаралық сотқа дейiн берiп, талап ету;
Ол аймақтардың әрбiр тұрғынының денсаулығын қалпына келтiру үшiн және радиация, түрлi ауытқулар мен анемиядан сақтандыру мақсатында күнделiктi тамақ рациондарына жарты литр томат шырыны мен басқа да көкөнiстердi қостыруды мемлекет тарапынан жүзеге асыру;
«Байқоңыр» космодромына төленетiн ақыны, оның экологиялық ахуалдарға әсерiн және жоғарыдағы айтылған мәселелердi жүзеге асыруға кеткен барлық шығындарды қоса есептеп, қайта қарап, оның мөлшерiн тез арада көбейттiру;
«Байқоңыр» айлағы мен осы әскери кешеннiң әсерi бар барлық аймақтарға ғылым мен техниканың соңғы жетiстiктерiмен жарақтандырылған экологиялық зертханалар орналастырып, әсiресе ауа құрамын тұрақты түрде бақылауды жүзеге асыру;
Космодром айлағы мен авто және темiржолдар бойына, үлкен қалалар айналасына оттегiнi көп бөлiп шығаратын, шөлге төзiмдi қарағайлар мен тораңғыл, терек сияқты ағаштар мен басқа да бұталарды көптеп өсiрудi жүзеге асыру үшiн, мемлекет деңгейiнде бағдарлама қабылдау;
Осы маңызды iс-шараларды тез арада қолға алу және бұларды орындау - қоршаған ортамызды, жерiмiздi, ең бастысы, елiмiздi, келешек ұрпағымызды аман сақтап қалудың басты кепiлi болмақ.
Ж.Өтеген, Е.Пернеев, Н.Әмiрова, А.Күмiсбек, I.Байжанов, Қ.Махан, Н.Шыңбаев, Ж.Сейтiмбет, Ш.Пiрмат, Х.Рахманбердиев, К.Бақбергенов, Т.Қанаев және тағы басқалар.
Шымкент қаласы
«Общественная позиция»
(проект «DAT» № 10 (47) от 10 марта 2010 г.