Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3064 0 пікір 1 Сәуір, 2010 сағат 13:52

Оңтүстік Қазақстанда алтын сатумен айналысатын саудагерлерге шабуыл ұйымдастырып жүрген қарақшылар залалсыздандырылды

Шымкент. 1 сәуір. ҚазТАГ – Шымкентте Оңтүстік Қазақстанда алтын зергерлік бұйымдар сатумен айналысатын жеке саудагерлерге шабуыл ұйымдастырып жүрген қарақшылар тобы ұсталды, деп хабарлады агенттікке облыстық полиция департаментінен.

Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының (ҰҚКБ) қызмекерлері, өткен жексенбіде қарақшылар «біреудің сілтеуімен» Шымкенттің Абай ауданындағы зергерлік бұйымдар саудасымен күн көріп жүрген 51 жасар әйелге шабуылдағанда ғана қарақшылардың ізіне бір күнде түсудің сәті түсті. Қоғамда шу тудырған бұл істі облыстық полиция бастығы жеке бақылауына алды.

«Шамамен 5 сағат 30 минутта беттерінде маскалары бар белгісіздер үйге кіріп келген. Қарумен әйелді және оның 21, 26, 27 жастағы балаларын қорқытып, қарақшылар алытын, шынжыр, сырғалар, сақиналар мен ұялы телефоны бар, барлығы 100 мың теңгелік бұйымдарды тартып алып, автомобильмен тайып тұрған», - дейді ІІД баспасөз қызметі. 

Полициядағылар бір күн ішінде жалға алған пәтерлерінен қарақшылардың алтауы да ұсталды дейді. Олардың үшеуі 29 және 26 жастағы Тараздың тұрғындары. Төртіншісі – 27 жасар алматылық. Қалғандары – 33 жасар қала тұрғыны мен 29 жастағы ОҚО Сарыағаш ауданының тұрғыны.

Ұсталғандардың айтуынша, олар тонаушылыққа тыңғылықты дайындалған. Олар алдын ала әйелдің базарда алтын сатумен айналысатынын білген. Шабуыл алдында нақты жоспар құрылып, уақыт белгіленген.

ҰҚКБ ұрлағандарын бірден ломбардтарға тапсырып үлгерген бұл банда қалайша өздерін білдіртіп қойғанын ашпай отыр. Бірақ кейбір дерек көздерінің айтуынша, олардың қылмыс орнында қалдырып кеткен саусақ іздері мен олардың біреуі бұрын осындай қарақшылығы үшін іздестіруде жүргені, оларды іздестіруде маңызды рөл атқарған.

Бұл туралы ІІД баспасөз қызметі де айтады. «Тараз тұрғыны Дәурен Омарқұлов, 1981 жылы туылған, Жамбыл облысында қарақшылық жасағаны үшін іздеуде жүрген. Басқалары жұмыссыз, бұрын сотталмағандар», - делінген баспасөз ақпараттық парақшасында.

Қамауға алынғандарға қатысты ҚР ҚК-нің 179-шы бабы – «қарақшылық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заттай айғақ ретінде олардан келте мылтық, 4 оқ, екі маска, ұрланған алтындар, сондай-ақ ТТ тапаншасының 14 оғы, 16-шы мылтықтың 4 оғы алынған.

Полиция, қылмыскерлерде егер олар шабуыл кезінде тапанша қолданбаса, және тінту кезінде табылмаса, таншаның оғы қайдан пайда болғаны туралы түсінік бермеді.

Сонымен қатар ІІД, осы қылмыстық топтың Шымкетте қаңтар мен ақпанда болған алтын сатушыларға жасалған шабуылдарға қатысы бар болуы мүмкіндігін жоққа шығармайды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354