Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2993 0 пікір 1 Сәуір, 2010 сағат 17:00

Қарулы күштер қатарына 6 мың жігіт алынып, ол былтырғыдан 10%-ға аз болады – ҚМ

Алматы. 1 сәуір. ҚазТАГ – Әскерге шақырудың көктемгі науқанында қарулы күштер қатарына 6 мың жігіт алынып, ол былтырғы осындай науқаннан 10%-ға аз болады.

«Жоспар бойынша биылғы жылғы көктемде мерзімді қызметке Қазақстан қарулы күштері қатарына 6 мың бозбала шақырылады және бұл өткен көктемгі шақырылыммен салыстырғанда 10 пайызға аз. Бұл келісімшарт бойынша әскерге алу санының өсуімен  байланысты және ол басшылықтың әскерді одан ары кәсібилендіру жөніндегі жоспарына сай», - делінген қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі бейсенбі күні таратқан хабарында.

Қорғаныс министрлігінің айтуынша,  әскерге шақыру әдеттегідей кейінге қалдыруға немесе шақырылудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтардың тартылуымен жүзеге асырылады.

«Бірінші кезекте мерзімді әскери қызметке шақыру әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген, әртүрлі себептермен кейінге қалдырылғандар, немесе кезінде кейінге қалдырылып енді ондай құқығынан айрылғандар шақырылады», - делінегн хабарда.

«Қарулы күштер үшін Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектептерінде оқығандарды шақыру тиімдірек, себебі олардың әскери қызметке жақсы дайындықтары бар».

«Азаматтарды әскерге іріктеу комиссиясы бозбалалардың біліміне, мамандығына, отбасылық жағдайына, дене тәрбиесі мен әскери дайындығына, адамгершілік-іскерлік қасиеттеріне, сонымен бірге бірінші кезекте денсаулығына баса назар аударады», - делінген хабарда.

Бұрын хабарланғандай, Қазақстанда сәуірден бастап, мемлекет басшысының жарлығымен көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды. Сонымен қатар 2009 жылы көктемде шақырылған мерзімді қызметтегі сарбаздарды запасқа жіберу басталды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354