Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2980 0 пікір 1 Сәуір, 2010 сағат 17:01

Назарбаев Астана құрылысының аяқталғанын мәлімдеп және қала тұрғындарына астана мәртебесіне лайықты болу керек дейді

Астана. 1 сәуір. ҚазТАГ – Айгүл Түлекбаева. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана құрылысының аяқталғанын мәлімдеп және қала тұрғындарының одан ары мәдени және білім алу бағытындағы прогресс туралы ойлану керектігін айтты. 

«Астана ерекше нысандарымен қызық болуы керек. Біз іс жүзінде құрылысты аяқтадық. Қала орталығы бар, әкімшілік орталық бар, баспана салынды. Бұдан ары қала өз бағытымен дами береді. Енді біз оны қала тұрығндары үшін ыңғайлы және жайлы етуіміз керек», - деді мемлекет басшысы бейсенбі күні құрылыс мәселесі жөніндегі көшпелі кеңес барысында. 

«Көңіл көтерерлік орын бар. Барлық мейрамханалар бар, дүкендер, медициналық орталықтар өзіміздікі», - деді президент астана құрылыс нысандарын аралау барысында. Енді, дейді Н. Назарбаев, қаланы көгалдандырып, астананың мәдениетін дамыту керек

Ол қала тұрғындарына қаратып, астаналық мәртебеге лайықты болу керектігі туралы кеңес берді. «Қала тұрғындары астаналық кейіпте болуы тиіс, мәдениетті, білімді болулары керек. Өзара қарым-қатынас, дүкендердегі, кеңселердегі шенеунік тарапынан көрсетілетін қызмет астаналық деңгейде болуы тиіс. Енді біздің қайтіп астаналық болатынымыз, сіздерге байланысты. Мен қаланы салдым, енді сіздер астана тұрғындары боласыздар», - деді Н. Назарбаев, Астана үшін мәнді құрылыс нысандары болып табылатын - халықаралық университет, «Хан Шатыры» сауда-сауық орталығын аралау барысында.

Британиялық сәулетші Норман Фостердің жобасымен салынған «Хан Шатыры» сауда- сауық орталығы 2010 жылы мамырда тапсырылмақшы. Н. Назарбаев онда 20 мың адам сиятынын атап өтті. Бұл ретте оның құрылысына бюджеттен бір де тиын жұмсалған жоқ, деді ол.

Мемлекет басшысы сол жағалаудағы опера және балет театрының құрылысының басталу рәсімінде құрылысшыларды жұмыстың басталуымен құттықтады. «Нысан құрылысының басталуымен құттықтаймын! Құрылысшылар тәуелсіздіктің 20 жылдығына уәде беріп отыр (пайдалануға 2011 жылы тапсыруға – ҚазТАГ)», - деді ол.

Қала әкімдігінен хабарлағандай, театр ғимаратының ауданы 37,7 мың шаршы метр. Театрдың үлкен залы 1250 орынға арналған және амфитеатрындағы үш этажды балконда  600 орын бар.

Н. Назарбаев сондай-ақ, ұлттық брэнд болады деген болашақ халықаралық университеттің ғимаратына да барды. Нысанның бірінші кезегі шілдеде тапсырылады. Н. Назарбаев атап өткендей, қыркүйекте университетте алғашқы студенттер оқуға кіріседі. «Енді студенттерді жаңа халықаралық университетке қабылдай бастаймыз. Енді орасан қаржыға шетелге барудың қажеті жоқ, осында да сондай білім, әлемде мойындалатын сондай диплом алуға болады», - деп атап көрсетті президент.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364