Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2841 0 пікір 3 Сәуір, 2010 сағат 07:19

Джип-спринттен тұңғыш Қазақстан чемпионаты Қарағандыда басталады

Қарағанды. 2 сәуір. ҚазТАГ – Спорттың Қазақстан үшін жаңа түрі болып табылатын джип-спринттен тұңғыш Қазақстан чемпионаты сәуірдің 24-25-де Қарағандыда басталады. Бұл туралы жарысты ұйымдастырушы Karaganda Off-road club жұма күні таратқан хабарда айтылады.

Бір жыл бойына ҚР чемпионатының үш кезеңі өтеді: біреуі Қарағандыда, екеуі Алматыда. Чемпионаттың барлық үш кезеңі де туризм және спорт министрлігінің күнтізбелік жоспарына енгізіліп және Қазақстанның ресми чемпионаты мәртебесін алды. Чемпионатты ұйымдастыруға алматылық Silk Road Rally клубы мен Алматы және Қарағанды әкімшілігі қатысады.

Джип–спринт барлық жолдарда жүре алатын көліктердің жұптарының жарысы. Жарыс олимпиадалық жүйемен арнайы дайындалған трассаларда өтеді. Трасса тұйықталған кез келген қисық түріндегі сақина іспеттес жол және оның төсеніші кез келген түрде болуы мүмкін. Экипаж міндеті – мәре сызығын бірінші болып кесіп өту. Трассаның ұзындығы 5 шақырымнан аспайды.

Қатысушылар екі есептік топқа: «спорт» және «экстрим» болып бөлінген. «Экстрим» категориясындағы зачетке қатысу үшін аса кәсібилік не көлікті арнайы дайындау қажет етілмейді. «Спорт» категориясында дайындалған, қауіпсіздік талаптары техникалық регламентке сай автокөліктер ғана қатысады, делінген хабарда.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5391