Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2671 0 пікір 5 Сәуір, 2010 сағат 16:52

Қазақстан мен АҚШ Ауғанстандағы ахуалды тұрақтандыру бойынша ынтымақтастықты дамыту керек деп есептейді

Астана. 5 сәуір. ҚазТАГ – ҚР мемлекеттік хатшысы – сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев АҚШ Орталық  басқармасының қолбасшысы   генерал  Дэвид  Петреуспен  кездесті,  деп  хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

«Тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестігін кеңейтіп және нығайтуға қатысты мәселелерді талқылады. Бұл әріптестіктегі әскери ынтымақтастық және Ауғаныстанды оңалту мәселесі маңызды бағыт болып табылады. Ауғаныстанда тұрақтылыққа жету үшін екі мемлекеттің ынтымақтастығын одан әрі дамытудың маңыздылығы атап өтілді. Себебі бұл мәселеде аймақтық державалар мен қоса ғаламдық державалар да мүдделі», - делінген дүйсенбі күні таратылған ақпараттық парақшада.

«Ауғаныстанда тұрақтылық орнатпайынша бүкіл Орталық Азиядағы тұрақтылық жайлы айту мүмкін емес», - деді осыған байланысты Қ.Саудабаев.

Өз кезегінде Д.Петреус әскери саладағы және жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселесінде екіжақты ынтымақтастықтың табыстылығын атап өтті. Американдық әскери басшы 2008-2012 ж.ж. арналған әскери ынтымақтастықтың екінші бесжылдық бағдарламасы аясындағы Қазақстан мен АҚШ арасындағы әскери ынтымақтастыққа жоғары баға берді. 2003-2008 ж.ж. аралығындағы қазақстандық саперлардың бесжылдық тиімді қызметіне шынайы алғысын білдіре отырып, Д.Петреус Қазақстанға Ауғаныстанды оңалтуға қосқан «керемет үлесі» үшін, соның ішінде 1000 ауғандыққа ҚР-да «бейбіт» мамандықтар бойынша білім алу үшін 50 млн АҚШ долларын бөлгені үшін ризашылығын жеткізді.

Қазақстан Халықаралық күштердің Ауғаныстандағы қауыпсіздікке жұмсаған жігерін, «Қажымас бостандық» операциясының ең алғашқы күнінен, 2001 жылдан қолдап келгендігі белгілі.

Ауғаныстанды тұрақтандыру ҚР ЕҚЫҰ төрағалығындағы негізгі мәселелердің бірі ретінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен айқындалған. Ү.ж. жоспарланып отырған Астанада өтетін Ұйым саммитінің күн тәртібіндегі негізгі тақырыптардың бірі осы Ауған мәселесіне арналуы әбден мүмкін.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383