ЕҚЫҰ арнайы өкілі Қырғызстандағы қақтығысушы тараптарды диалогқа шақырды
Бішкек. 10 сәуір. ҚазТАГ – ЕҚЫҰ іс басындағы төрағасының арнайы өкілі Жәнібек Кәрібжанов Қырғызстандағы қақтығысушы тараптар арасындағы диалогтың қажеттігін қолдады. Бұл туралы ЕҚЫҰ ресми сайты хабарлады.
«Әрбір шиеленісте екі тарап болады, және егер осы тараптар бір біріне жақындасқысы келмесе, ешқандай үшінші тарап шиеленісті табысты реттей алмайды», - деп айтқан Ж Кәрібжановтың, жұма күні Қырғызстанның уақытша әкімшілігінің басшысы Роза Отунбаевамен кездесуін қорытындылап БАҚ-тарға берген сұхбатында айтқан сөзін сайт келтіріпті.
Хабарда айтылғандай, арнайы өкіл сол күні Бішкекте іс басындағы ішкі істер министрімен және ұлттық қауіпсіздік комитетінің жетекшісімен кездесті.
Онда ол, жаңа саяси жағдайдағы Қырғызстан халқының арасында сенімді ояту жалпы елдегі сенімді қалпына келтіруде өте маңызды екенін атап көрсетті.
Р. Отунбаевамен кездесуде дағдарыс салдарын жою жолындағы бірлесе атқаратын жұмыстар талқыланды.

«Адамдарды қорғау мен халық арасында сенімді ояту - заңдылық пен құқықтық тәртіптің орнауына өте қажет нәрсе. ЕҚЫҰ бұл үдеріске септігін тигізугі дайын. Уақытша әкімшіліктің сұранысы бойынша, біз қазірдің өзінде Бішкектегі ЕҚЫҰ орталығы арқылы Қырғызстандағы халық жасақтарының шұғыл қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған қолдау көрсетіп жатырмыз. Ол жасақтар қоғамдық тәртіпті сақтау мен жеке меншікке қол сұқпаушылықты қамтамасыз етумен айналысып жатыр», - деді ол.
Арнайы өкіл Р. Отунбаевамен ұлттық деңгейдегі де, халықаралық деңгейдегі де барлық негізгі мүдделі тараптармен атқарылатын шараларды үйлестіру мәселесін талқылады.
«Біз елдегі жалпы ахуал туралы нақты мағлұматтарымыз болған жағдайда ғана алдағы шаралар туралы шешім қабылдай аламыз. Біз оны оқиғаға тартылған барлық тараптармен, сондай-ақ БҰҰ арнайы өкілімен және Қырғызстанға осы жақында келетін ЕО-ның Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілімен талқыламақшымыз», - деп қосты Ж. Кәрібжанов.
Арнайы өкіл Қырғызстанның іс басындағы ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы және ішкі істер министрімен кездесу барысында олардың бүгінге қабылдаған шараларын жоғары бағалады. «Біз қоғамдық тәртіп пен адам сенімін қалпына келтіру үшін жасалған қадамдарды қолдаймыз және бүкіл елдегі жағдай қалыпқа келеді деген үміттеміз», - деген оның сөздерін ЕҚЫҰ сайты келтіріпті.
Туыстары мен жақындарынан айрылғандарға көңіл айта отырып, Ж. Кәрібжанов: «Бүгін, ұлттық азалық күні, біз Қырғызстан халқымен біргеміз. Өткен оқиғалар кезінде адамдар негізгі құқықтары – өмір сүру құқығынан айрылды, және қайғының қасыреті де осында. Біз мұндай қайталанбасы үшін бірлесе жұмыс жасауымыз керек», - деді.
Ж. Кәрібжанов Қазақстан парламент мәжілісінің вице-спикері, қазақ-қырғыз парламентаралық топтың төрағасы, төтенше және өкілетті елші мәртебесі бар. ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы, ҚР мемлекеттік хатшысы – сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев оны арнайы өкіл етіп 8-ші сәуірде тағайындады. ЕҚЫҰ хатшылығының қақтығыстарды алдын алу жөніндегі Венадағы Орталығының директоры Гербер Зальбер оның Қырғызстанға жасаған сапарында қолдау көрсетіп жүр.