БАҚ-тардың хабарлауынша Бакиев Қырғызстаннан кетпекші
Алматы. 12 сәуір. ҚазТАГ – Әлі де өзін Қырғызстанның президентімін деп есептейтін Құрманбек Бакиев 12-ші сәуірде елді тастап кетпекші, деп хабарлады «Ферғана.ру» мәскеулік «Время новостей» газетінің дүйсенбі күнгі номеріне сілтемелеп.
«Кезекті» революциямен ығыстырылған президенттің елден кетуін ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы, ҚР мемлекеттік хатшысы – сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың араға жүрушілігімен іске асырылмақшы», - деп жазады ақпараттық агенттік. Қазір Қырғызстанда ЕҚЫҰ іс басындағы төрағасының арнайы өкілі Жәнібек Кәрібжанов жүр.
«Ферғана.ру» мәліметтерінше, Қ. Бакиев пен оның отбасының жекелеген тұлғаларын ұшақпен АҚШ-қа алып шығу мәселесі қарастырылып жатыр.
Дипломатиялық дерек көздерінен алған «Времени новостей» газетінің мәліметтерінше, Қырғызстандағы ахуалға АҚШ президенті Барак Обама назар аударған. Вашингтонға халықаралық ядролық саммитке қатысуға келген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Обама кездесуінде негізгі тақырыптардың бірі Қырғызстандағы ахуал болған.
Қ. Бакиевтің елден кетпекші болып жатқаны туралы «Ферғана.ру» жексенбі күні таңертең білген. Бұл күні бұрынғы президент Жалал-Абадтан бірнеше шақырым жердегі өзінің туып өскен Масадан селосына келіп, қазір осында жүр.

«Оның марқұм болған әкесінің үйінің қақпасы ас берілгендей, не той кездегідей айқара ашылыған, деп хабарлайды куәлар. Президенттің маңайында ешқандай қарулы күзет жоқ. Бішкектен оны қамауға алу туралы бұйрығы бар «ұстап алушы топ» шықты деген қауесетке қарамай, ол өзінің қауіпсіздігіне қатысты ешқандай алаңдамайтындығы байқалатындай.
«Ол жексенбі күні ауылдастарына өзінің үйіндегі (бірнеше үйдегі) мүліктерді: кілем, керек-жарақ, жиһаздарды таратып берді, дейді. Одан соң Қ. Бакиев көптеген журналистерге тыңғылықты сұхбат берді. Олардың арасында ресейлік телеарнаның бірінші арнасы, Reuters, әлемдік басылымдардың стрингерлері болған», - деп жазады «Ферғана.ру».
Қ. Бакиев өзінің туған жерімен қосштасып жатқаны түсінікті болды. Мұнда оны жақтаушылар тіпті аз екен. Соңғы күндері оның маңайындағылар Қ. Бакиевті қолдап жаппай митингі өткізуге тырысты. Бірақ жексенбі күні Жалал-Абадтағы орталық алаңға бар болғаны 500 адам жиналды (мысалы үшін – Жалал-Абадтағы өзбек диаспорасы – Бакиевтер кланының қарсыластары – өздерінің «құрылтайына» шамамен он мың адам жинады). Бүгін митингінің орнына Бакиев Масадан селосында «халықпен кездесуін» өткізеді. Кездесу жергілікті уақытпен таңғы 10-да болды.
Қ. Бакиевпен бірге оның екі ағасы Жаныбек пен Ахмат болған жоқ, деп жазады интернет басылым. Біріншісі - мемлекеттік күзеттің бұрынғы басшысы, және мән-жайға қанық қырағы көздердің пікірінше, өзгеше ойлайтындардың, бірінші кезекте отбасына қарсы шығатындардың көзін құртуға тапсырма беруші. Екіншісі - Жалал – Абад облысының көлеңкелі басшысы, республика оңтүстігіндегі ең бай адамдардың бірі. Олардың екеуіне де енді жоғалтатын ешнәрсе қалмады. Өйткені ықпалды ағайыны кеткен соң оларға ешкім де «жылы» жайды бермейді. Оған қоса, Жаныбекке қарсы қылмыстық іс қозғалып, оған іздеу жарияланған, деп жазады «Ферғана.ру».