БТА банк шағымы бойынша Англияның Жоғары соты Energomash (UK) Limited экс-басшысын соттады
Алматы. 12 сәуір. ҚазТАГ – Англияның Жоғары сотының шешімімен Energomash (UK) Limited экс-басшысы және негізгі акционері Александр Степанов екі жылға сотталды, деп хабарлады банк баспасөз қызметі.
Банк баспасөз қызметінің дүйсенбі күні таратқан ақпараттық парақшасында айтылғандай, аталған сот тергеулері 2009 жылы БТА банк шағымымен Англияның Жоғарғы сотында энергетикалық машина жасау саласындағы әлемдік белді өндіруші болып табылатын «Энергомаш» компаниялар тобына кіретін, мәмілелік мақсатында арнайы құрылған Rolls Finance Limited компаниясына қатысты қозғалған.
Шағым мәнісі - БТА банктің 2008 жылы тамызда Rolls Finance Limited компаниясына берілген $365 млн несиесі туралы болып отыр.
«Аталған несиенің кепілдігі ретінде Energomash (UK) Limited компаниясының акциялар пакеті болған. Бұл компания бұрынғы бас директор және компанияның негізгі акционері Александр Степановқа тиесілі болған және дефолт орын алған жағдайда А. Степановтың өзі осы несиені жабуға кепілдік берген», - делінген құжатта.
Кейін, 2009 жылы наурызда Rolls Finance Limited компаниясы несие бойынша дефолтқа жол беріп, ол БТА банктің А. Степановқа қарсы сотқа тиісті шағым беруіне себеп болды.

«Сот қараулары барысында Степанов мырза сотқа қосымша келісімді ұсынды. Ол келісім, оның айтуынша, 2008 жылдың соңында онымен БТА банк арасында жасалған. Бұл құжаттар несиелік келісім шарттарын БТА мүддесіне айтарлықтай қайшы келетіндей өзгертті. Бірақ құжаттағы жазуға жасалған сараптамада бұл келісімнің қолдан жасалған, жалған екені анықталып, А. Степанов ұсынған оқиға желісі қабылданбады», - делінген құжатта.
2009 жылы 14-ші қазанда Англияның Жоғарғы соты А. Степановтан $468 млн қаржыны БТА банк пайдасына шығару туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта БТА банк Ұлыбританияда да Ресейде де осы сот шешімін орындатуға қажет әр түрлі қадамдар жасауда.
Одан басқа, 2009 жылы қарашада Мәскеу қаласының Черемушкинский аудандық соты А. Степановтың жеке кепілдігіне қатысты банк шағым –талабы бойынша БТА банк пайдасына шешім шығарды. Қазіргі уақытта аталған шешім кассациялық сатыда қарастырылуда.
Банктің ақпараттық парақшасында айтылғандай, ағылшындық Energomash (UK) Limited компаниясы қазір мәжбүрлі жойылу кезеңінен өтуде.
«2009 жылғы 14-ші қазандағы шешіміне қосымша, Англияның Жоғарғы соты өзінің бұйрығымен оған тиесілі активтер туралы ақпаратты ашуға, оның ішінде А. Степановтың тікелей және жанама бақылауындағы «Энергомаш» тобындағы да активтер турал ақпаратты ашуға міндеттеді. Сондай-ақ Англияның Жоғарғы сотының бұйрығымен Степановтың бақылауындағы қай жердегі болмасын активтерімен жасалатын мәмілелерге тыйым салынды», - деп көрсетілген ақпараттық парақшада.
А. Степанов аталған бұйрықтарды орындамағаны себепті Англияның Жоғарғы соты 31-ші наурызда сотты сыйламағаны үшін айыпты деп тауып, оны қамауға алу туралы ордер беріп, және А. Степанов түрмеге жатқызылған уақыттан бастап екі жылға соттау туралы шешім шығарды.