Алматы облысының әкімі су шайып әкеткен Қызылағашты қалпына келтіруге қосымша Т4,7 млрд сұрады
Астана. 12 сәуір. ҚазТАГ – Дина Ермағанбетова. Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов үкіметтен Ақсу ауданындағы су шайып әкеткен Қызылағаш елді мекенін қалпына келтіруге қосымша Т4,7 млрд қаржы сұрады.
«Жалпы алғанда, біздің шығындарымыз 7,8 млрд теңгені құрады. Қолымызда бар 3,1 млрд теңгені есептегенде, алдын ала есептеулерге сәйкес, 4,7 млрд теңге тағы қажет. Кәрім Қажымқанұлы, құрылысты (қирауға ұшыраған үйлердің орнына жаңа үйлер салуды - ҚазТАГ) аяқтау үшін қаржыландыруды жеделдетуді сұраймын», - деді ол дүйсенбі күні селекторлық кеңес барысында.
Оның айтуынша, су тасқынынан зардап шеккен ауылға көмек ретінде түскен Т3,1 млрд қаржының Т500 млн үкімет бөлсе, Т622 млн ұлттық компаниялар, Т870 млн облыс әкімдіктері бөлген. Қайырымдылық көмек ретінде Т1млрд астам қаржы түсті.
Премьер-министр К. Мәсімов қосымша қаржыландыру мәселесін шешуді тапсырды.
Премьер Қызылағаш ауылы тұрғындарының көңіл-күйін сұрады, бұған С. Үмбетов: «Адамдардың көңіл-күйі жақсы, олар өздеріне мемлекеттен басқа көмектесіп жатқан ешкім жоқ екенін сезді деп ойлаймын. Басқаларының көмегі тек сөз жүзінде ғана қалып отыр деуге болады», - деп жауап берді.

Облыс басшысының мәліметтеріне сәйкес, қазіргі уақытта ауылдың тұрғын үй қорын қалпына келтіру жұмыстарына 69 мердігер ұйым, 3,5 мың жұмысшы қатысуда. «Сәуір айының соңында 35-40 пәтерді пайдалануға беруге дайын боламыз деп ойлаймын», - деді ол.