Ресейлік Sollers Қарағандыда жапониялық Suzuki көліктерін құрастыруды жоспарлап отыр
Астана. 12 сәуір. ҚазТАГ – Айгүл Түлекбаева. Ресейдің Sollers компаниясы Қарағандыда жапониялық Suzuki көліктерін құрастыруды жоспарлап отыр, деп мәлім етті индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Берік Камалиев.
«Алдымен Астанада деп ойлағанбыз (өндірісті орналастыруды - ҚазТАГ), бірақ онда жер теліміне қатысты мәселе туындады. 100 га қажет, сондықтан Қарағандыда орналастыру мәселесі қарастырылып жатыр», - деді Б. Камалиев дүйсенбі күні үкіметтегі селекторлық кеңесте.
Оның айтуынша, зауыттың қуаты жылына 50 мың автокөлікті құрамақ.
Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев зауыт жапониялық Suzuki шығарады деген болжам айтты.
«Әзірге жапониялық Suzuki компаниясының модельдерін шығару туралы әңгіме болып отыр», - деді ол.
Бұрын хабарланғандай, Ресейдің Sollers компаниясы Астанада көлік құрастырушы кәсіпорнын салуы мүмкін. Бұл туралы ҚР бірінші вице-премьері Өмірзақ Шөкеев пен РФ үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шувалов басқаратын Қазақстан мен Ресей жұмыс топтарының наурыз айында Мәскеуде өткен келіссөздері барысында айтылды.

Аталған жобаны жүзеге асыруға Ресейде автокөлік құрастырушы өндірістік қуаты бар «Sollers» ресейлік компаниясы қызығушылық танытты. Бірінші кезеңде Қазақстанда УАЗ автокөліктерін құрастыру өндірісін ұйымдастыру болжанған болатын. Сонымен қатар, өндіріске кеңірек модельдік желіні іске қосу, соның ішінде шетелдік маркаларды құрастырып, зауыттың өндірістік қуатын жылына 50 мың автокөлікке дейін жеткізу арқылы жобаны кеңейту мәселесі қарастырылуда.
Жобаға қажет инвестициялар $200 млн деп бағаланып отыр.
Қазақстанда құрастырылған автокөліктерді сату нарығы ретінде Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Армения сияқты көрші мемлекеттер қарастырылып отыр.
20 қарашада Ялтада ТМД елдері үкімет басшылары кеңесінің отырысында Sollers және «Азия Авто» автокомпанияларының басшылары Қазақстанда UAZ автокөліктерін құрастыру бойынша ниеттер хаттамасына қол қойды. Қазақстандық кәсіпорын өз қуаттарында UAZ Patriot көліктерін құрастыруды жоспарлаған.
Зауыт UAZ автокөліктерін 2010 жылдың екінші жартыжылдығында жылына 5-6 мың деңгейінде бастауды жоспарлаған. Компания өткізу нарығы ретінде Қазақстанды ғана атаған болатын.