Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3805 0 пікір 15 Сәуір, 2010 сағат 04:18

Дала тарихы жайында. (Шежіреші Момбай қарттың әңгімесі)

Таяуда интернет сайтын ашсам: «Бармысың, бауырым. Иса Момбаев» - деген қысқа хабар жазылыпты. Сәлем жолдаушы тай - құлындай бірге өскен көрші інішек екенін біліп қуанып қалдым. Келесі бір жолдауында «Атырауда прокуратура, сот салаларында сегіз жыл қызмет атқардым. Таяуда Елордаға Парламент Мәжілісіне заң қызметіне ауысып келдім» - деп жазыпты. Қарап отырсам, бір бірімізді көрмегелі жиырма жылдың жүзі болыпты. Асылдың сынығы абыройлы жүр екенсің ғой - деген ой көңіліме қуаныш ұялатты. Балалық шағымыз еске түсіп, Исаның әкесі, зерделі қарт Момбай ақсақалды еске алдым. Біз мектепте орысша білім алғанымызбен, қазақтың салт - дәстүрлерін, шежірелері мен тарихын, қазақ фольклорын, жырларын санамызға құюшы, қысқасы адаспай қазақ болып өсуімізге себепші болған осы зиялы қарттың тәрбиесі еді. Ойлап, бағдарласам, албырт жастықтың әсерінен қарт қадірін аңғармаған екенбіз...

Таяуда интернет сайтын ашсам: «Бармысың, бауырым. Иса Момбаев» - деген қысқа хабар жазылыпты. Сәлем жолдаушы тай - құлындай бірге өскен көрші інішек екенін біліп қуанып қалдым. Келесі бір жолдауында «Атырауда прокуратура, сот салаларында сегіз жыл қызмет атқардым. Таяуда Елордаға Парламент Мәжілісіне заң қызметіне ауысып келдім» - деп жазыпты. Қарап отырсам, бір бірімізді көрмегелі жиырма жылдың жүзі болыпты. Асылдың сынығы абыройлы жүр екенсің ғой - деген ой көңіліме қуаныш ұялатты. Балалық шағымыз еске түсіп, Исаның әкесі, зерделі қарт Момбай ақсақалды еске алдым. Біз мектепте орысша білім алғанымызбен, қазақтың салт - дәстүрлерін, шежірелері мен тарихын, қазақ фольклорын, жырларын санамызға құюшы, қысқасы адаспай қазақ болып өсуімізге себепші болған осы зиялы қарттың тәрбиесі еді. Ойлап, бағдарласам, албырт жастықтың әсерінен қарт қадірін аңғармаған екенбіз...

Момбай ақсақал дыбысты энциклопедия тәріздес болатын. Адам Ата, Хауа Анадан басталатын жазба шежіресі күллі қазақ ұрпағын қамтып, сол күні перзентханада дүниеге келген сәбимен жалғасатын. Ауыл ақсақалдарының «авторитеті». Зерделі қарт Әбілғазы, Шәкәрім, Ақтайлақ би т.б. шежірелері мен қазақ тарихын, хандар кестесі мен батырлар жырларын бір таңға тоқтаусыз мүдірместен, еш қағазға қарамай жаңылмастан жатқа айтатын. Шақшадай бастың ішіне мұнша ауыз әдебиетінің шексіз мұрасы қалай, қай жағына сыйып жатады, мұндайды басқалардан байқамаған біз үшін таңқаларлық жұмбақ. «Момбайдың әңгімесін тыңдаймыз» - деп тек ауыл адамдары ғана емес, еліміздің әр шетінен айтулы жазушылар, тарихшылар, жыраулар да келгенін, тыңдаушылардың таң ата таңдай қағысып, бастарын шайқап тарқасқанын Иса баладан еститінбіз. Бұл лекция «маусымды» емес, айына кем дегенде бір күн қайталанып отыратын жәйіт. Аудиторияда отырған лектордай қария тыңдаушыларына қасқая қарап, бір - екі рет жөткірініп алып, бір заматта томағасын сыпырған қырандай дүр сілкініп әңгімесін бастағанда дүниедегінің бәрі ұмыт болып, елдің екі көзі ақ басқан сақал мен мұрттың ортасындағы ауыздан шығатын келесі сөзді естуге ынтығатын. Ақсақалымыз жеңіл сөзге әуес емес, бір сөзін екі жол қайталамайтын шешендік қасиет иесі. Мұндай жиі жиналған қауымға бәйбішесі Қатипа апамыз қабақ шыта білмейтін сабаз адам, әңгіме тыңдай келгендерге дастарханын жайып, қала берді өзінің күнделікті күйбең тіршілігімен айналысып жүре беретін адам еді. Мен ес білгелі шалының атын атағанын естіп көрмеппін, ылғи да «Төрем» деп қана отыратын. Екеуінің берекесі мен сыйластығы қазақы отбасының үлгісі еді.

 

Момекең Зайсан, Ақсуат өңіріне алғаш аяқ басқан ағартушы мұғалімдердің бірі. Семейде оқуда жүргенде Алаш зиялыларымен араласып, елге барғанда олардың саяси көзқарастарын халық ішіне насихаттап, Керей, Жәнібек хандардың ұстанымын алға тартып, Алаш көсемдерінің қаулы, қарарларын қара халыққа түсіндірумен шұғылданған. Осындай «еңбектері» үшін «халық жауы» атанып он жылдай итжеккенің ауылын да көріп қайтқан. «Зонада Ордженикидземен бірге отырдым, шоқша сақалды сары шал екен. Олар өз бәлшебектерін жинап, жиылыс өткізіп, қауқылдасып, шуласып жататын» - деген сөз арасындағы бір әңгімесі есімде қалыпты.

Қазақ тарихы, шежіресі туралы сөз қозғағанда мен өзім әлі күнге еш әдебиеттен, еш тарихтан оқи алмаған, еш тарихшының аузынан ести алмаған, бірақ мағыналық жағынан самал лебі қазақ дәстүрлерінен анық аңғарылатын небір құнды деректерді осы Момбай қарттың сөз ләмінен аңғаратынмын. Мектеп бітірер жылдың көктемінде тарихқұмар бір топ жасөспірім ақсақалдың «лекциясына» қатысуды ұйғардық.

 

«Қолдарыңдағы СССР тарихын ысырып қойыңдар. Онсыз оқуға түсе алмассыңдар, алайда ел тарихын бұрмалаған жасанды тарих - ол жартылай тарих. Менің айтқандарымды көкейлеріңе тоқып ойлана жүріңдер, түбінде тарих осыны растайды.» - болды ақсақалдың алғашқы сөзі. Содан шежіре қарт бір желпініп алып сөзін жалғап кетті: - Аңыз түбі ақиқат. Тарихты материалистік тұрғыдан түсіну діни білімнің барлығын жоққа шығарады, ал күллі

білім көзі діни оқудан бастау алғанын ұмыт қалдырады. Сендер оқып жүрген Дарвиннің өз әкесі маймылдан жаратылмаса, адам баласы жер бетіне тек қана адам болып жаратылған. Жер жаһанда ең алғаш адам баласы таныған дін - мұсылман, тәңір діні. Қазіргі анықталған тарихи - археологиялық зерттеу деректері бойынша тәңір діні б.д.д. 4 мың жыл бойында белгілі. Мұхамед пайғамбар оның YII ғасырдағы жалғастырушысы. Қазақ шежіресі былай баяндайды: Нұх пайғамбар - Иафет - Түрік - Түтік - Елше - Деббақой - Киік - Алынша - Қара хан - Оғыз хан.

Әлемді топан су басқан заманды жоққа шығаруға болмайды. Анықтап байқаған адам жер бетінің қай нүктесі болмасын судан қалған ізді аңғарары анық. Нұх пайғамбардың кемесі тоқтаған алғашқы құрлық Қазығұрт тауының басы.

Қазығұрттың басында кеме қалған,

Ол киелі болмаса неге қалған?

Нұх пайғамбар солтүстіктен оңтүстікке дейінгі жерлерді үшке бөліп, Қам атты үлкен ұлына қара нәсілді елді, Сам атты ұлына араб, парсы жұртын, ал кенжесі Иафетке шығыс жерлерін иелікке қарауларына береді.

Иафеттің ұлдары Түрік, Хазар, Сақлаб, Рүс, Менгі, Шын, Кеймар, Тарих. Иафет ұлдарын шығыстың тау - даласына адам аяғы жетер жерге иелік жасауға жолдап, ол жерлерді үлкен ұлының билігі етіп Түрік империясын құрған. Түрік қағанның Ордасы Ыстық көл жағасында болған. Түрік хандығын Орхон жазуларынан

Бастап таныған - әбестік тарих. Түріктанушы ғалым С.Е.Маловтың:

«Түркі тілдері бүгінгі құрамында біздің жыл санауымызға дейінгі бес ғасыр аясында белгілі. Одан әрідегі ғасырлар тұңғиығына сұғына бойлап, түркі тілдерінің тарихын тануға біздің біліміміз жетпейді, дәлірек айтсақ, білімсіздігіміз мүмкіндік бермейді. Сөз жоқ әрідегі ғасырларда да түркі тілі болған..». - дегенінде нақты шындық бар. Оның көп мысалының бірі біздің дәуірімізге дейін IY мыңжылдықта жазылған және әлі күнге дейін оқу кілті табылмаған Үнді жеріндегі Мақынжар (Мохенджо - Даро болуы керек) жазуы, табылмағаны қанша, ол ғылымның болашақ еншісі. Қазықұрт тауынан Алтай, Гималай, Хан Тәңірі, Памир, т.б. таулы аймақтар мен сол белдеулерде жер қыртысы жоғары жатқан Таяу Шығыс пен Алдыңғы Азия жерлері, Тигр, Ефрат, Ніл, Ганг, Инд, Хуанхы, Янцзы сияқты өзендердің жағалаулары алғашқы құрлықтық тіршілік иелерінің өмір сүрген ошақтары, отандары осы аймақ. Жердің ең биік жоталы аймағы болғандықтан өзен сулары да оңтүстік және солтүстік полюстарға жарыла төмендеп ағатыны да сондықтан. Көне дәуір заманында Түрік хандығына бағынғысы келмеген ақ нәсілді халықтар сол замандарда Еділ - Жайық, Дербент дәліздері бойынша батыс бағытқа қоныс аударады. III - II

Соңғылары болып гректер, латыш, арийлік герман тайпалары батысқа ауған. Ал Иафеттің төртінші ұлы Рүс иелік еткен өзеннің бойында тірлік еткен славян халықтары сол өзен атымен Рүс иелік еткен өзеннің бойында тірлік еткен славян халықтары сол өзен атымен рустар, яғни орыстар деп аталып, көп алысқа ұзамай далалықтармен көршілікті таңдаған. ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде отыздан астам әлемнің ғалым тарихшылары жазып, оны орыс тіліне В.В.Бартольд, Е.В.Тарле, В.В. Радловтар аударған үш томдық Дүние жүзі тарихында мынадай жолдар бар: «Средняя Азия была первоначальной родиной человечества... Со времен глубокой древности до настоящего времени Средняя Азия и ее население оказывали самое глубокое влияние на род человеческий».

Ол замандарда адамдар өте ұзақ жасағаны табиғи әділдік. Олай болмаған күнде саны қазіргі бір облыстың халқына жетпейтін сол көне заманның халқы баяғыда құрып бітері даусыз еді. Адамзат саны бір миллиардқа толғаны тек 1830 жылдар шамасы, ал біздің дәуіріміздің басында адам саны небары 250-300 миллион мөлшерінде ғана болған. Ал дәуірімізге дейінгі 10-5 мың жыл бұрынғы әлем халқының санын осымен-ақ мөлшерлеуге болады. Б.з.б. мөлшермен 5 мың жыл бұрын Мысыр перғауындары мен Шумерлерден ығысқан қытай қосындары келгенге дейін, Ұлы даладан бастап Хуанхы өзенінің солтүстігі мен батыс өңірі толығымен түрік хандығының  иелігінде, ал оңтүстігі мен шығысы

үнді тектес халықтардың еншісінде болған. Қытайдың тарихи жазбаларында: Тиек, көнеше деук - ежелгі этнос. Чұнчиу заманынан ілгері Шихы, (Хуанхының терістіктен түстікке қарай ағатын бөлігімен оның екі жақ алабы), Тайхаңшаң өңірлерін мекендеп, Чұнчиу заманында шығысқа көшті. Чи, Ли, Жин, Уй, Сұң, Шиң бектері аралығында тұрып, олармен қою араласты. Б.з.б. YII ғасырда үш арысқа бөлінді. Олар мал өсіру, аң аулауды кәсіп етті, ат мініп, садақ тартуға шебер болды. Тиектер ақ нәсілге жатады, түркі тілінде сөйледі.- деп атап жазылған.

Міне, үндіевропалық нәсілдердің пайда болу тарихы, Еуразия тілдерінің бірқатар диалектикалық ұқсастығының сыры осында. Ал біздің сақ, ғұн, оғыз, үйсін, нәтше т.б. деп сан саққа бөліп жүрген тайпаларымыздың барлығы қытайдың екі өзен (Хуанхы, Янцзы) аралығына келген соң тайпалық ыдырауға ұшыраған түрік хандығының елдері. Бұл туралы қытайдың тарихи жазбаларында былай келтіріледі: Хән патшалығының екі санғұны (Ұй Чин мен Хо Чұйбин) тәңірқұтқа алапат жорық жасау барысында жаудың сегіз - тоғыз түмен адамын қырады және тұтқынға алады, өздері де сан түмен адамынан айрылады, әбден әлсіреген ғұндар бір қиырға жосып кетеді. Осыдан ғұндардың Құбақұмның түстігіндегі ордасы жоқ болады да, хәндіктер Хуанхыдан өтіп, Шақбаңның батысынан  Линжұйге дейінгі жерлерде тоған тартып, егін салады. Егіс алқаптарын басқарушыларды тағайындап, әкімі, әскері болып бес - алты түмен адам орналастырады. Бұл Хән Удидің Иуаншоу 4 жылы, яғни б.з.б. 119 жылы болған оқиға. Фазль-улла Рашид-ад-диннен бастап көптеген азиялық тарихшылар моңғол, татар халықтары Түрік қағанның бесінші ұрпағы Алыншадан тараған жұрт дегенді ежелден айтуда. Олар солтүстік - батыс Манчжурияда өсіп - өніп, кейіннен Онон, Керулен өзендерін мекен еткен. Кейіннен Халқаның шығысына татарлар, батысына моңғол халықтары орын тебеді.

Татар хан халқы сол замандарда көбейіп, Амур өзенінен бастап Алатау, Орал, Алтай таулары, Сыр бойы, хазар теңізіне дейінгі жерді, шығысында Шың мемлекетінің Шачин шаһарына, Тибет тауларын, Үнді еліне дейінгі аралықты алып жатқан төл өскен екі тайпа жаратылысынан тату тұрғанымен, татарыдң Байдұһ ханы моңғолдарды шауып, содан бастап екі ел арасында жаулық басталған. Бұл б.д.б. 1500 - 1000 жылдар, яғни сақ - арийлер заманы деп шамалауға болады. Ал біздің заманымыздың басында 93 жылы моңғолдар татардан күйрей жеңіліп Харамурен (Амур) бойына қашып, Ергене Қон таулы шатқалында бой тасалап, моңғол елі атынан айрылып, тайпалық өмір кешеді. Ол жерден Бөрте Шын (Шыңғыс ханның жиырма екінші атасы) 450 жылдан соң ата қоныстарына бастап апарады. Түріктер де 439 жылы тауғаштардан жеңіліп тура солардың кейпін киіп Алтын тауын паналайды. Түріктерді 552 жылы Ашина батыр бастап алып шығып, қытайдан ауаша жерде жаңа түрік қағандығын құруға бет бұрады. Жазба тарих Тарих хандығын осы кезден бастап қана таниды.

Шежіре бойынша қазақ тарихында елеулі орын алатын Қара хан Моңғол ханның 18 - ші ұрпағы. Көшпенді халықтардың көне тарихын негізінен қытай аймағынан, Алтай тауының өңірінен іздестірген абзал. Алтай деген атау аудармасында - Алтынды тау. Ұлы Жібек жолына дейін Алтай тауымен Хуанхы өзені аралығында алтынның сауда жолы болғанын қазіргі тарих беттері көп қозғамайды. Ат пен өгізге тиелген алтын толы қоржындар Хуанхы өзенінің жағалауларында көшпелі ел мен қытай, үнді, тибет халықтарының саудасын қыздырған. Тіпті біздің заманымыздың өзінде, 1720 жылдары I Петр жіберген экспедиция Ресейге қоржын - қоржын таза алтын жібергені, немесе алтын іздеуші Зырянның  ақ тасқа жабысқан 20 келі таза саф алтынды тапқаны және бұл таудан күні кешеге дейін табиғи таза алтын табылып келгені осы тарихи оқиғалардың бұлтартпас дәлелі.

Қытайдың көне жазуларын оқитын мамандар бұл күнде жоқтың қасы, болмағанда көшпелілер шежірелерінің ақиқатына көзжетер еді. Қытай жазуының пайда болуы мөлшермен 2,5 мың жылды қамтиды. Жалпы қытайдың жазба таңбасының саны 50 мыңға жуық. Қытай елінің аңызы бойынша оларды Хуанхы, Янцзы өзендерінің бойына алғашқы бастап алып келіп орналастырған, соғыс өнерін, көрші халықтардың жерлерін жаулап алуды, алтын, мыс, қола пайдалы қазбаны өндіру мен пайдалануды, жазу - сызу біліміне көздерін ашып, үйреткен Хуанхы патша тоғыз жүз тоқсан жыл өмір сүріп сол өңірді көшпелілерден тазартып, отырықшы өңірге айналдырған. Жердің биік жотасын иеленіп, өздерін аспан асты әлемінің ұлдарымыз деп санаған. Қытай елімен сауда, экономикалық, дипломатиялық қатынаста, немесе құдандалық қатынаста болмаған көшпенділерді қытайлар ғулар (жабайылар), диліктер (далалықтар) деп иек асты менсінбей қараған. Жалпы ғу (қу) сөзінің түбірі қытайша - жабайы. Содан біздің диалектіде аққу қаз сөзі - ақ жабайы қаз дегенді пайдаланамыз. Ол дұрыс диалект емес. Дұрысы, қара қу - қара жабайы қаз. Ал қытайдың ғұн, ғұң, ғұр, ғұз, ғұнну т.б. сөздеріндегі ғу сөзінің жұрнақтары - шартты белгілер. Мысалы: Хұнну - жауыз жабайылар (кекшіл құлдар - деген аударма қате), немесе Дұнху - шығыстағы жабайылар.

Қытайдың Ханнамасында ең алғаш жазбаға түскен (б.д.д. 209 ж.) ғұндардың тәңірқұты Түменнің ұлы Мүде (қытайша Бөдүн) хан бүкіл ғұндармен далалықтардың басын біріктіріп майдан даласына шығады. Осы қанды жорықтың басында еліне бітіспес жау болған юээчжиліктерді (ақ ғұн, эфталиттер, қытайша нәтшелер деп те атайды) Алтай өңірінде талқандап, Сыр бойына қашуға мәжбүр етеді (кейіннен олар уйсіндердің қысымына шыдамай Гиндукуш тауынан ары ауып, Бактрия жерін жаулап Кабулдың айналасына мекендейді). Әскери бөлімшелердің құрамын онбасы, жүзбасы, мыңбасы, түмен деп айырып - жіктеу әскери тәсілін қолдану, соғыс өнерін ойлап тапқан Мүде хан түрік тектес халықтың кегін қайтарып Ши Хуан Ди императордың салғызған Ұлы қытай қорғанынан асып Хән елін тізе бүктіріп, салық төлеуге мәжбүр етеді.

Жалпы, Мүде шаньюй, Еділ хан, Шыңғыс хан қайсысы болмасын әлемнің алып мемлекеттеріне соғыс жариялағанда кемеңгерлікпен бүкіл түрік халықтарын біріктіріп атқа қондырып әскер жасақтай білген. Ал табиғатынан жылқы мінуге арналғандай доға аяқты көшпенділер атқа мінгенде шығыс - батыс елдерінен бұларға тойтарыс беріп, тоқтатар халық болмаған. Жылқы малының өзі осы далалықтар үшін жаратылғандай, жаратылу отанын осы қасиетті даладан тапқанының өзінде бір сыр бар сияқты. Ең алғаш б.д.д. III-II мыңжылдықтарда қытай елінің ханшаларын алуға барған далалықтар өтеу ретінде жылқы малын айдап барғанда таңдайын қаққан қытайлықтар: «Тянь-ма» - тәңір малы деп таңданысады екен. Құдаларға қалың мал тарту дәстүрі де сол замандардан қалған. Тіпті орыс елінің өзі жабайы жылқыны көріп таңданған. Орыс саяхатшысы далада көрген жабайы жылқыларды бейне Американы ашқандай қуанып, өз есімін беріп «Прежевальский жылқысы» деп ен салып, ғылымға енгізген. От қару пайда болғанға дейін жылқы малының жалына қолы тиген далалықтар қарсы келген жауының ажалы іспеттес болатын. Орыстардың «кощей бессмертный» дейтіні осы көшпенділер (кощей-көшші!).

Соғыс өнерінің жазбаға көп түспеген мынадай дала тактикасын айта кетейін. XIII ғасырдың бас кезінен католикті Еуропа православие дініндегілерге: гректер мен орыстарға қарсы крест жорығын бастап, қанға бөктірді. Бастарынан аяқтарына дейін темір киім киіп, жылқыларына да темір жамылғы жауып, қолдарына ұзын темір найза, өткір семсер, берік темір қалқанмен қаруланған немістер өздерін тоқтатар күштің жер бетінде жоқ екендігіне кәміл сенімді күйде Константинопольді (бұрынғы Византия империясын) т.б. жол бойындағылардың бәрін жаулап Русь жеріне тереңдей ене бастады. Осындай жағдайда жауды тоқтатудың амалын таппаған орыс князі Александр Ярославұлы көмек сұрауға Алтын Орданың орыс істерін басқаратын Сайын ханның ұлы, өзінің жеке досы Сартақтың алдына барады. Достық сезімге берік Сартақ  кресшілермен майданға әскер жолдайтындығын айтқанда және найза мен қалқансыз аласа жылқыларға жеңіл - желпі мінген, шоқпардан басқа қаруы жоқ моңғолдың бір түмен әскерін бергенде Александр Сартаққа сенімсіздікпен жалтаңдауын қоймайды. «Темір сауытпен құрсауланған ондаған түмен әскеріңнің тағдырын осылар толық шешіп береді, немістер шегінбей тұрып сен өз жасақтарыңды араластырма» - болды Сартақтың соңғы күлімсіреп айтқан сөзі. Майдан қаласына келген крест тағушылар Нева өзенінен өте бере екі қанатта бекінген орыс әскерлері мен ортада шоқпармен ғана қаруланып өздеріне қарсы шапқан «жабайыларды» көріп, түйреп тастауға найзаларын кезене бастайды. Сол - ақ екен, найза жетпес жерден жеңіл киімді далалықтардың алғашқы мыңдығы қанжығаларынан қылдан есілген шалма арқандарын бірінші қатардағы көздеген жауына дәл тастап, көз ілеспес жылдамдықпен ақ қарды бұрқырата сүйрей жөнеледі де, ұзай бере бөгелместен, шапқан бетінде шоқпармен жауынқақырата бір ұрып, қайта оралып түменнің соңынан орналасып отырады. Бірінің орнын бірі алмакезек ауыстырып шалма тастаған мыңдықтар шамалы сағаттың ішінде жаудың туталақайын шығарып, мазақ еткендей жасайды. Бұл сұмдыққа жасар ешқандай қайраны жоқ Тевтон серілері зәре құты кетіп дүркірей қашады. Қашқан жауды мұзға тоғытқан князь әскері жеңімпаз танылып, Александр Невский деген атқа ие болады. Чуд көлінде де осындай жағдай орын алады. Бірнеше жылдан соң Новгородты алмақшы болып келген неміс серілері қалада моңғолдар бар дегенді естісімен шошынып бейбітшілік бітім сұрауға көшеді. Бұл далалық атқамінерлердің бір ғана майдан даласындағы шайқасының мысалы.

Жалпы білім, ғылым, әлем мәдениеті мен өркениеті осы Ұлы Даладан бастау алғандығы көптен айтылып келеді. Оның қарапайым бір мысалын келтірейін. Біздің қазақ мал сүтінен алған қоймалжың затты атам заманда «құрт» деп атаса, әлемнің өркениетті ғалымдары оның нағыз құрт (микроорганизм) екенін тек XX ғасырда микроскоппен көріп қана дәлелдеді. Бұны неге айтып отырмын? Түрік халықтары б.д.д. мыңдаған жол бойы қосөзен аралығында өмір сүріп жоғары өркениетті Шумерлермен тікелей байланыста болған. Оны лингвистика ғалымы былай дәлелдейді. Мысалы, Шумер тілінде: АДА сөзі - түрікше АТА, ЕДЕН - ЕДЕН, УЗУК - УЗУН, ҮШ - ҮШ, СЕ - СЕН, МЕ - МЕН т.с.с. оңдаған мәдени тілдер ұқсастығы, сондай - ақ аспан әлемінің ғаламшарларын зерттей білуі осыны байқатады.

Еуразия құрлығында ностраттық (біздің - лат.) тілдер семьясына: алтай, орал, дравид, үндіеуропа, карвел, семит - хамит тілдері жатады. Осының ішінде біздің қазақ тілі алтай ұясы, түркі тобы, қыпшақ топшасы, қыпшақ - ноғай бөлімшесіне жатады. Қыпшақ - ноғай тіліне жатқандығы IX-X ғаырларда татардың Име, Имақ, Татар, Байандүр, Қыпшақ, Ланықаз, Аджлад тайпалары Қимақ қағанатының құрамында болып, кейінірек X-XI ғасырлар бойында оғыз және печенег топтарын өзіне қосып алған дала қыпшақтары Қимақтардан бөлініп өздерін «Құмандар» деп атап, ал Еуразияның кең алқабы Дешті - Қыпшақ даласы деп атала бастады. Міне арабтар «хазар», түрік елдері «92 баулы қыпшақ» деген ел осы ноғай - татардан бөлінген жұрт. Ноғай тілінде «қазақ» сөзі - бөлініп кеткен деген мағынада, ал арабтарда дінге толық жығылмағандарды «қазақ» атайтындарының себебі көшпенділік тұрмыс мәшәхаты. Ал қазақ тайпалары түрік тектес халықтардың көпшілігінің ішінде «Алаш мыңы» деп аталып жүрді. Отырықшы елдердің «көшпенділер» деген сөзінің өзінде кемсіту байқалады. Жайлау мен қыстаудың арасында тұрмыс кешу - мал бағудың көп шығынды қажет етпейтін озық технологиясы. Қазақ халқы басқа елдердей шекарасына қада қағып белгілемей, ежелден ел шетіне бабаларын арулап жерлеген, одан аттаған жау болса ол үшін жанын құрбан еткен. «Мына жерде әкеңнің басы бар ма?» деген сөз содан қалған. Бұл нағыз табиғат перзентіне жарасатын қылықтар.

Еркін қазақлықта  өмір сүру ерте замандардан белгілі. Ақсақ Темірден жеңілген Тоқтамыс ханның өкінішпен халқымен қоштасуын еске алайық:

Байтағымның ішінде, он сан елім ноғайлы, сені дағы алдырттым.

Он сан ноғай ішінде үш жүзалпыс отау қазағым, сені дағы    алдырттым. Ал аман бол менен соң.

Жалпы билеуші елден бөлініп еркін ел болып, қадақ шығу (орта ғасырда «д» әрпі «з» әрпімен алмастырылған кездер болған) өрліктің белгісі деп танылған. Иван Грозныйдың қудалауы себепті бөлініп шыққан Кубань, Дон орыс - казактары да осыны үлгіге алған. Ақ Орда ыдыраған соң Әбілхайыр ханнан бөлінген Орыс хан ұрпақтары Жәнібек, Керей сұлтандарды елі «қазақ жұрты» атану себебі де осында. Ал «көшпелі өзбек» деген атауда үлкен ағаттық бар. XYI ғасырдың 20 - шы жылдары ислам дінін қабылдаған Өзбек хандығы «өзбек жұрты» атануы ақиқат, олар отырықшы халық. Жәнібек, Керей сұлтандардың таңдауы Жошы ханның жұрты, яғни көшпелі қазақ елі болған. Қазақ халқы негізінен осы жердің тума перзенті, яғни автохтонты.

Ноғай ордасы күйреген соң Бұйдаш хан ноғайларды қазақ жұртына қосуға көп еңбек сіңірді. Қазақ хандығының іргесін кеңейтіп, нығайтуда Қасым, Есім хандар ерекше танылған. Тіпті «дала заңы» деп танылған Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» көне ғасырдағы Вавилон патшасы Хаммурапи, Шыңғыс ханның «Яссасы» сияқты заңдардан бір де бір кем түспеген. Қасым хан заңында: «хан жарлығы қара бұқара үшін бұлжымас заң», «ханның басын хан ғана алуға құқылы», «еліне опасыздық жасағандарға өлім жазасы, орныққан салт - дәстүрді бұзғандарды рудан аластау», «қазақлықтың салт - дәстүрін қабылдаған жаңа руларға ел ішінен жер беру», «құл иеленуге қатаң тиым салу» т.с.с. заңдарды дала тәртібінің мәртебесін арттырғаны сөзсіз. Есім ханның қалмақты Ертістен Обь өзенін асыра қуалап соғыс алған кезін пайдаланған Ташкенттің Тұрсын ханы Түркістанды шауып Есім ханның әйел - баласын, жұртын құлдыққа айдап кетуінен соң 1628 жылы «қатаған қырғынын» салуы, Қатаған жұртын Үш Жүздің құрамынан шығару туралы жарлығы осы дала заңын қолдануы еді. Жалпы қазақта Үш Жүзге кірмейтін он сегіз ру бар.

Дала тарихын шығыс, батыс Еуропаның көптеген ғалым тарихшылары зерттеп жазуға әуес. Ол құптарлық іс. Ал жалпы Ұлы Дала тарихын түріктің тілімен сөйлейтін, салт - дәстүрін бойына сіңірген, шежіресі мен аңыздарын етене жақын білетін дала перзенттеріндей ешкім зерттей де, жаза да алмасы ақиқат. Өйткені, қазақ жұрты негізінен осы даланың тума перзенті, яғни автохтонты, ал Ұлы дала тарихы - қойнауында шешілмейтін жұмбақтары, ашылмайтын құпиялары, жазылмаған тарихы өте көп әлемнің төрт бұрышының ең күрделісі, - деп шежіре қартымыз түн ортасы ауа кезекті «лекциясын» аяқтады.

Әттең, білімді қартпен бірге қазақтың жазылмаған талай шежіресі, тарихи мұрасы қара жерге кетті. Ең өкініштісі - осы. Ал, араб, иран, қытай, моңғол, үнді т.б. елдердің тарихшыларымен шежірешілерінің құнды қолжазбалары, тарихи деректері қай қолда кеткені мені жиі ойландырады. Ақсақалдың тәрбиесімен нәрленген Мұрат Керімбаев облыстың, бірнеше аудандардың сот төрағасы, марқұм болған Еркін Тұрлыбеков мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің полковник шеніне дейін жетіп елімізге танымал абыройлы қызметкер атағын алған азаматтар болып шықты. Абызды шежіре қарттың «үздік» оқушылары еліміздің әр түкпірінде түрлі қызметтер атқаруды. Енді Ақ Ордамыздың мәртебелі ағаларына кеңесші болған ақсақалдың беделді ұрпағы тәрбие жемісін ақтауда. Еңбегі жемісті болғай.

 

Тілекқали Сәлімбаев, тарихшы.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5529