ОҚО-ның өзендерінде көтемгі су тасқыны түзілуі мүмкін деп болжанып отыр - Қазгидромет
Алматы. 15 сәуір. ҚазТАГ - «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Оңтүстік Қазақстан облысының өзендерінде көктемгі су тасқыны түзілуі мүмкін деп болжайды.
«2010 жылдың 15 сәуірінде Оңтүстік Қазақстан облысында жауын жауады деп болжанып отырғандықтан, төмен таулардағы өзендерде су тасқыны түзілуі мүмкін», - делінген гидрометеоқызмет таратқан ескертуде.
Ал ТЖМ мәліметтеріне сәйкес, бейсенбі күні Қазақстан аймақтарының басым бөлігі оңтүстік циклонның және оған байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болады.
Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды облыстарында, күндіз Алматы, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында секундына 15-23 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түседі.
Алдағы тәуілкте Оралда, республиканың солтүстігі мен орталығындағы жекелеген өзендерде көктемгі су тасқыны түзілуі мүмкін. Шығыс Қазақстан облысында температуралық фонның жоғарылауына байланысты аймақтағы өзендерде судың деңгейі көтеріліп, арнасынан шығып, тасуы мүмкін. Алматы және Жамбыл облыстарының төмен тауларындағы өзендерде де судың деңгейі көтеріледі.