Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2119 0 пікір 16 Сәуір, 2010 сағат 02:48

Қырғызстанда Бакиевтің отставкасы мен оның елден кетуін оң қабылдады

Бішкек. 15 сәуір. ҚазТАГ - Дилярам Аркин. Қырғызстан оппозициясы Құрманбек Бакиевтің отставкасы мен елден кетуін оң қабылдады. Бұл туралы ҚазТАГ тілшісіне 2010 жылғы 7-8 сәуірдегі оқиғаларды зерттеу жөніндегі тәуелсіз қоғамдық комиссия мүшесі, танымал құқық қорғаушы Толекан Исмаилова мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қ. Бакиевтің Қырғызстан президенттігінен өз еркімен бас тартуын уақытша үкімет өкілдері «иығынан жүк түскендей қабыл алды».

«Біз Бакиевтен мұндай қадам күткенбіз. Ол Қырғызстанда тәуелсіз реформа жасауға мүмкіндік берді. Бұл өте тамаша! Біз оны қолдаймыз!», - деп ол қуаныш білдірді.

Толекан Исмаилова оппозицияның басқа да өкілдерімен бірге Қ. Бакиевпен кездескенін атап өтті. «Ол Қырғызстан территориясын тастап кететіні туралы біз хабардар болғанбыз», - деді ол.

Бұрын хабарланғандай, бейсенбі күні Қ. Бакиев әскери ұшақпен Қырғызстан территориясынан ұшып, Таразға қонды. Қазақстан СІМ баспасөз қызметі бұрынғы президенттің қандай шарттармен ел территориясын тастап кеткені туралы хабардар еместігін айтты.

Кейін дерек көздерінен белгілі болғандай, Қ. Бакиев Түркияға ұшып кетті.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2068
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4939
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4145