Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2109 0 пікір 16 Сәуір, 2010 сағат 10:10

Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі ондағы уақытша үкімет басшысына Бакиевтің өз еркімен биліктен кететіндігі туралы өтінішін тапсырды

Бішкек. 16 сәуір. ҚазТАГ - Дилярам Аркин. Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі Бейбіт Исабай мен ЕҚЫҰ-ның арнайы елшісі Жаныбек Кәрібжанов жұма күні Қырғызстанның экс-президенті Құрманбек Бакиевтің отставкаға кететіндігі туралы өтінішінің түпнұсқасын уақытша үкімет басшысы Роза Отунбаеваға тапсырды, деп хабарлады уақытша үкімет аппаратының жетекшісі Эдиль Байсалов.

«Бүгін таңертең Роза Отунбаева Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі мен ЕҚЫҰ-ның арнайы елшісімен кездесті. Олар Бакиевтің отставкаға кететіндігі туралы өтінішінің түпнұсқасы бар конвертті қолма-қол тапсырды. Бакиев қызметтен бас тартатындығы туралы өтінішті Қазақстан территориясында түнде жазды», - дейді Э. Байсалов.

Бұл ретте ол, қазір Қ. Бакиев Таразда екенін және онда Қазақстан қорғаныс министрлігіне тиесілі АН-26 ұшағымен жеткізілгенін растады.

«Техникалық қолдауды Қазақстан қорғаныс министрлігі жүргізді. Қ. Бакиев ел территориясын уақытша үкімет келісімімен тастап шықты. ҚР қорғаныс министрлігінің ұшағы Жалал-Абад әуежайына уақытша үкімет және халықаралық ұйымдармен үйлестірілген уақытта келіп қонды», - деді ол.

Бұл ретте ол Қ. Бакиев ұшқан әуе дәлізі уақытша үкімет бақылауында болғанын атап көрсетті.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502