Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2479 0 пікір 16 Сәуір, 2010 сағат 10:12

Жеңістің мерейтойына ОҚО ардагерлері Т50 мың және парадтық костюмдерін алатын болды

Шымкент. 16 сәуір. ҚазТАГ - Оңтүстік Қазақстан облыс (ОҚО) басшылығының шешімімен барлық ардагерлер Жеңіс мерейтойына облыстық бюджеттен Т50 мыңнан алатын болды, деп облыс әкімі Асқар Мырзахметов мәлім етті.

Жеңіс мерейтойына жетпеген ардагерлер мен соғыс мүгедектерінің жесірлері де Т10 мың алатын болды. Тыл еңбеккерлеріне Т5 мыңнан беріледі.

«Қазір ОҚО-да 1423 соғыс ардагері мен 28 мың тыл еңбеккерлері тұрады. Олардың барлығына Жеңіс күнінің 65 жылдығы құрметіне арналған мерекелік «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл» медалі табыс етіледі», - деді облыс әкімі.

Мәскеуде өтетін салтанатқа - екі ардагер, Астанадағы салтанатқа - 15 ардагер баратын болды. Оларды облыс әкімдігі клиникалық ауруханада толығымен дәрігерлік тексерістен өткізді. Қалалық әкімдік бөлген қаражатқа «Восход Фабрикасы» Шымкентте тұратын барлық ардагерлерге костюм тігіп беретін болды.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2066
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4938
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4137